№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бізге түбегейлі жаңару қажет

Бізге түбегейлі жаңару қажет


Қазақ қашанда жақсылықтан үміт үзбеген, дұшпанының өзіне жаулық тілемей, ізгілік іздеген тәубекер халық. Елде дамудың жаңа жолы басталды. Мемлекеттік тұтастығымызды сақтау аса маңызды мәселе.

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын шыншыл депутаттар корпусы осы мәселелерді талқылауы тиіс. Кеше Парламент Мәжілісінде сөз алған Нұртөре Жүсіп бауырымыздың сөзі барлығымыздың көкейімізде жүрген ойымызды дөп басты. Халық қалаулысының:
– Тарихта «Алматы трагедиясы» деген атпен енген қаралы күндер артта қалды. Бәріміз де Тәуелсіздіктің тағдыры қыл үстінде тұрғанын көрдік. Енді болашағымыз қалай болады? Қазір қоғамда Президентті қолдайық деген пікір бар. Бұл дұрыс. Бірақ, қалай қолдаймыз. Президентті құр сөзбен емес, нақты іспен қолдау керек. Біз ұлттық иедиология мен ұлттық тәрбиеде үлкен олқылық жіберіп алдық. Мұны ашық мойындау керек. Менің Қазақстаным деген отансүйгіш сезімді терең орнықтырудың орнына тірліктің бәрін ақшамен өлшеу ұғымдарын алға шығардық. Бүгінгі жастар бабалардың так-так деген тыйымдарымен емес, тик-ток арқылы тәрбиеленіп жатыр. Қоғамда жанашырлық, мейірім, аяныш, обал мен сауапты білу, қанағат пен қайырым, ілтипат пен ізеттің орнына жаппай қатыгездік, озбырлық, алдап-арбау орнықты. Өз ордасын өзі талқандайтын, өз мүлкін өзі ойранға салатын, бұл әрекеті үшін бір сәтте ойланбайтын қаныпезерлік қайдан шықты. Әкенің сөзін баласы тыңдамайтын, үлкендерді ұқпайтын, өз дегендерінен шықпайтын ұрпақ неге көбейді. Ұлға, қызға дұрыс тәрбие бермесек тұлға қалай шығады, – деген сөзі көпшілікке үлкен ой салды.
Президентіміз басқару жүйесін тәртіпті ретке келтірсе барша халықтың жақсы өмір сүретінін сезіп отырмыз. Ендеше артық теріс күмәнді пікірлерімізді тоқтатып, бір болайық, ел болашағы үшін жұмыс жасайық дегім келеді.
Тұрақтылық баянды болуы үшін ел жағдайы жақсы болуы керек. Осы бағытта Мемлекет басшысы халықтың табысын көтеру мәселесін баса айтты. Осы орайда ауданда нендей қадамдар жасалады? Эканомиканы әртараптандыру арқылы тұрақты жұмыс орындарын ашу талабын жолға қоюға болады. Бізде өңдеу өнеркәсібі дамымаған. Өндірген өнімдеріміз бойынша бәсекеге қабілетті секторларды анықтап, сосын кәсіпкерлерге қолдау жасалу керек. Үкімет шаруаларды тұқыммен, тыңайтқышпен, жанар-жағармаймен тұрақты бағаны ұстай отырып, көмек жасағаны дұрыс.
Ауданымызда реформаның формасына емес, мән-мазмұнына қарау, әр еккен дақылымыз біздің жерімізге сәйкес келе ме, жоқ па, соған назар аудару керек. Біздің табиғатымызда көкөніс-бақша өнімдері жақсы өседі. Енді осы өнімді сақтау қоймалары болуы маңызды. Картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат дақылдары да жақсы өнім береді. Бұдан басқа топырағымызда жақсы өсетін қауын-қарбыз туған жерде брендке айналды. Осы жемістерден шырын, сусын дайындау мәселесінде жаңа технологияны әкеліп, орнатып, шағын цех ашуға ірі кәсіпкерлеріміз ынталылық танытып жатса нұр үстіне нұр.
Ауданда инженерлік жүйеге келтірілген 35-36 мың гектарға жуық суармалы жер бар. Бірақ су тапшылығынан күріш дақылын азайту талабы қойылып отыр. Десек те оның көлемін азайту топырақтың тұздылығын арттырып, жерді эрозияға ұшыратарын ескермеске де болмайды. Бидай, мақсары, жүгері егіп, мал азығындық дақылдың көлемін арттыру арқылы да жергілікті өңірдің эканомикалық әл-ахуалының қалыптастыруға болады деп есептеймін.
Қазақстанның эканомикасын тірілтетін энергия-адамның қуаты. Ең бастысы, адамдарымыз еңбекшіл, жарқын болашағын өз жауапкершілігіне алуға ұмтылатын оптимист болуы керек.

Серқожа Ыдырысов,
ауданның Құрметті азаматы
22 қаңтар 2022 ж. 251 0