№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қазақстанның төл теңгесіндегі орысша жазулар жойылатын болды

Қазақстанның төл теңгесіндегі орысша жазулар жойылатын болды

Қазақстан ұлттық валютасы банкноттары енді тек қазақ тілінде жазылады. Бұл туралы "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентті Нұрсұлтан Назарбаевтың №804 жарлығында көрсетілген деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.

Өзгеріс 2018 жылдың 12 желтоқсаны күні енгізілген.
"Банкноттар мен монеталар дизайнында қолданылатын жазбалар мәтіні мемлекеттік тілде ресімделеді. Инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында шет тілінде жазбалар қолдануға жол беріледі", - деп көрсетілген жарлықта.
Сондай-ақ, жарлықта инвестициялық және коллекциялық монеталар дизайнында монеталар дайындалған металды, оның массасын көрсететңн жазбаларды қолдануға жол берілетіні туралы жазылған.
Айта кетейік, осыған дейінгі құжатта банкноттар мен монеталардағы жазбалар мемлекеттік және орыс тілдерінде бейнеленетіндігі көрсетілген.
22 ақпан 2019 ж. 998 0