№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұжымдық иммунитет: қай ұжым көш бастап тұр?

Ұжымдық иммунитет: қай ұжым көш бастап тұр?

Расында, ұжымдық иммунитет қалыптастырмай, індетті еңсеру қиын. Бұл – ғалымдар мен дәрігерлердің ортақ пікірі. Мұны терең түсініп, ұжымдық иммунитет қалыптастыруға мән берген ұжымдар бар. Біз осыны саралауды жөн көрдік.

Ұйымшылдығы мен ауызбіршілігі сынға түскен уақытта бірқатар мекемелердің қызметкерлері вакцинациялаудың екі ке­зеңін сәтті аяқтап, электронды төл құжатын алып үл­герді.
Аудандық санитарлық-эпидемио­логия­лық бақылау басқарма басшысы Шынар Айдарова мекемелер арасында үздік ұжым­дарды атап өтті.
– Осы жылдың 25 маусымына дейін коронавирусқа қарсы 11681 адам вак­цинаның 1-ші дозасын алды. Ал, 6610-ы екпенің екінші дозасын алып, вакциналанғанын растайтын электронды құжатқа ие болды. Бұл – аудан тұрғындарының 20,4 пайызын құрайды. Ұжым­дық иммунитет қалыптастыруға то­лық екпе алу маңызды, алайда екпенің 2-ші дозасын алуға келмей жүргендер бар, – дейді ол.
Расында, вакцинаның екінші ком­по­нентін алмаған 786 адам қайда жүр? Уақыт создыруға қандай себебі бар? Бұл жөнінде алдағы уақытта тарқата жазатын боламыз. Бір білетініміз, ұжымдық иммунитет қа­лыптастыруда мектептер белсенді ара­ласуда.
Жайылмадағы №195 мектеп, Кейдендегі №208 орта мектеп ұжымы 100 пайыз вакциналанды. Сондай-ақ Қожамберді ауыл­­­дық округіндегі №162 мектеп – 88,8 пайыз, Қаратөбе ауылдық округіндегі №229 мектеп – 84,1 пайыз қамтылды.
Ұжымдық иммунитеттің артықшылығын сөз еткен №195 мектептің директоры Жанат Калкөзова:
– Ұжымдық иммунитет қалыптастыру – дәстүрлі білім беруге көшуге негіз болады. Біздің мектептегі барша қызметкердің екпе алуының басты себебі персоналдық қауіпсіздік пен шәкірттердің қорғанышын нығайтудан туындады, – деді.
Алғаш рет екпе салдыру науқанын толық құрамда аяқтаған үш мектептің тыныс-тіршілігіне зер салсақ, ақпараттық-насихаттық жұмыс қарқынды жүргізілген. Мектептің арнайы әлеуметтік желілерде парақшалары ашылып, онда күнделікті коронавирус туралы мәліметтер, вак­цинаның пайдасы туралы бейнероликтер көрсетілді. Осының нәтижесінде ата-ана­лар арасында екпе салдыруға деген оң көзқарас қалыптасты.
Айта кететіні, коронавирустың үнділік штамы Нұр-Сұлтан, Алматы қаласында анықталды. Түркістан қаласында да нау­қастар күдікке ілікті. Демек, «ауылы аралас, қойы қоралас» іргедегі қалада қауіпті індеттің жаңа түрі анықталса, онда бізге сақтық шараларын күшейте түскеніміз абзал. Мамандар дельта штамының адамға жұғу қаупі өте жоғары деп дабыл қағылуда. Бір ауру жұқтырған адам айналасындағы 5-6 адамға жұқтырады.
Аудан тұрғындарын вакциналауяға бей-жай қарамай, өзінің және жақындарының амандығы үшін ұжымдық иммунитет түзуге ат салысу керек-ақ.
26 маусым 2021 ж. 383 0