№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ұжымдық иммунитет – ұтымды шешім

Ұжымдық иммунитет – ұтымды шешім


Адамзат тарихында ең ауқымды деп саналатын коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқанына еліміздің әрбір азаматы саналы түрде атсалысуы қажет. Екпенің пайдасын терең ұққан тұрғындар ерікті түрде ниетін білдіруде. Әсіресе ұжымдық иммунитет қалыптастыруға қадам жасаған жергілікті кәсіпорындардың қарқыны күшейгенін аңғаруға болады.

Ұжымдық иммунитет қалыптастыру ең бірінші әріптестер арасында қауіптілікті жойса, екіншіден еркін қызмет көрсетуге мүмкіндік туындайды. Пандемия жағдайынан тек вакцина қабылдау арқылы ғана шыға алатынымызды жергілікті өндірістік орындардың қызметкерлері жақсы ұғынып, бір ауыздан жаппай екпе алуға көшті. Бүгінгі күнге дейін Жаңақорған ауданы бойынша 10106 азамат екпе алды. Тарқата айтсақ, 5175 тұрғын «Спутник V», 4619 адам «Hayat vax» және 312 ерікті «CoronaVac» вакцинасын қабылдады.
Маусым айындағы мәлімет бойынша, соңғы аптада кәсіпорындар белсенділігі өсті. Атап айтқанда, «СКЗ-У» ЖШС-нің 229 қызметкері, «Қызылқұм» ЖШС-нің 362 қызметкері, «Шалқия Цинк» ЛТД АҚ-ның 405 қызметкері және «Байкен-U» ЖШС-нің 194 қызметкері  белсенділік байқатты.
«СКЗ-U» ЖШС күкірт-қышқыл зауытының өндіріс шебері Мұхамеджан Сейтханұлы вакцина алудың артықшылығын айтты.
– Біз секілді өндіріс орындарында қызмет етушілерге екпе алу ең оңтайлы шешім. Себебі, әр ауысым сайын ПТР тест тапсырып, қосымша шығынымыз көбейген еді. Енді екпе алғаннан кейін бұл әбігерліктен құтылдық. Әріптестердің де, отбасыңның да қауіпсіздігіне кепілдік береді. Жан-жақты ақпараттарды зерделей келе ұжымдық иммунитеттің артықшылығын түсіндік, – деді.
Өндіріс шеберінің пікірі денсаулыққа деген елдің көзқарасы кеңейгенін көрсетеді. Бір сөзбен айтсақ, Жаңақорған жұртшылығына жеңіл болу үшін вакцина егу жұмыстары көшпелі жағдайға көшкен. Қазір аудандағы барлық медицина ұйымдары күнделікті сағат 8:00 ден түнгі сағат 22:00 аралығында короновирусқа қарсы вакцина егу жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Оған басты себеп, екпе алуға деген ниетті жандардың қарасы көбейгеніне байланысты болып отыр. Бұл туралы ауданаралық аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабаев та растады.
– Вакцинациялау уақытының ұзара түсуі жергілікті халықтың арасында ниетті азаматтардың қатарының артуымен түсіндірген жөн. Ауыл-аймақта жұмыс күніне 2-3 сағат қосымша уақыт қосып, халықтың қолжетімділігін арттырдық. Өндіріс орындарына жылжымалы дәрігерлік қызмет көлігі арнайы барып, екпе егуде. Осы айдың соңына дейін бірнеше мекемелерде болып, ұсынысқа сай екпе саламыз, – деді.
Бір сөзбен айтқанда ұжымдық иммунитет қалыптастыруға жұмыс режимі еш кедергісін келтірмейді. Бас дәрігердің атына жолданған ұжымдық өтінішке сай, белгілі уақытта мекен-жайға келген дәрігерлер бригадасы әп-сәтте ұжымдағы барша қызметкерлерге екпе салып кетеді. Демек, жұмысбастылық екпе алуға еш себеп бола алмайды.
Мақпал МАРҚАБАЙ
23 маусым 2021 ж. 357 0