№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Індетті жеңудің жолы – вакциналауда

Індетті жеңудің жолы – вакциналауда


2020 жылы әлем халқын бір тарының қауызына сыйдырып жіберген коронавирусты құрықтаудың жалғыз жолы – вакциналауда. Мұны ДДҰ құптап, әлем елдеріне вакциналауды тиімді әрі шұғыл жүргізуді ескертіп отыр. Себебі ұжымдық иммунитет қалыптастыру аса маңызды іске айналды.


Екпе вирусты жеңуде қаншалықты тиімді? Көпшіліктің көкейіндегі сұрақ – осы. Қауіпті дерт пайда болған сәттен әлем ғалымдары вакцина ойлап табуға кірісті. Сөйтіп дүниежүзінде коронавирусқа қарсы 200-ден аса вакцина әзірленді Әлі де дайындалуда. Соның ішінде, Қазақстандық QazCovid вакцинасы да бар.
Бүгінгі күнге дейін 1 млн 700 мың қазақстандық вакцина салдырғаны мәлім болды. Соның ішінде, біздің ауданға 6700 вакцина келген болса, 5700 тұрғын екпе салдырды.
Отандық екпені қазір – ДДҰ-ның озық екпелер тізіміндегі үшінші зерттеу кезеңіне өткен аз вакциналардың бірі және 14-ші болып тіркелген екпе екенін айту керек. Клиникалық зерттеуге дейінгі кезеңде вакцина 500-ден астам жануарға салып, сыналған. Оның 370-і аталған институт базасындағы жануарлар. Екпенің қауіпсіздігіне көз жеткізілген соң, шілде айында клиникалық зерттеуге дейінгі мерзім аяқталған бойда әлі клиникалық зерттеуге шықпаған екпені аталған зерттеу институтының ғалымдары алдымен өздеріне салған. Сөйтіп бүгінде зерттеу мекемесіндегі ғалымдар мен басқа да қосалқы көмекші мамандық иелерін қосқанда ұжымның 200-ден астам қызметкері отандық екпені өзі еріктерімен салдырған. Бірінші кезеңінде – 44, екінші кезеңінде – 200, ал үшінші кезеңінде – 3000 еріктіге екпе салынды.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА
12 мамыр 2021 ж. 861 0