№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вакциналау неге маңызды?

Вакциналау неге маңызды?

Жалпы вакциналауға қатысу әр адамның өз еркі. Ешкім міндеттемеуі тиіс. Ең алдымен өзімнен бастайын, бүгін коронавирусқа қарсы вакцинаның екінші дозасын салдырып, электронды құжатымды алдым. Бұл қадам әрбір жерлесім үшін өте маңызды деп білемін. Себебі коронавирусты жеңудің жалғыз жолы – ұжымдық иммунитет қалыптастыруда. Ол үшін не істемек керек? Өзіміздің және жақындарымыздың саулығы үшін вакциналауға белсенді қатысуды ұсынамын. Расында, қалыпты өмірге тез оралғымыз келсе, вакциналауды қарқынды жүргізуіміз тиіс.
Осы жерде бір жыл бұрын жан­дүниемізді астан-кестен еткен оқи­ғалар ойға келеді. Иә, ет жа­қын­дарымыздан, сырлас дос­тары­мыздан қапияда айырылып, тіпті басына топырақ салуға мүмкіндік болмай, қатты қинал­ғанымызды қа­лай ұмытамыз? Осын­дай ал­мағайып уақытта «егер ви­рустан құтылатын бір жол болса, бар күш-жігерімді салуға дайынмын» деген адамдар көп болды. Міне, өз-өзімізге берген уәдемізге адалдық танытатын кез келді.
Қазір әлемнің озық елдерінің вак­циналау тәжірибесінен сабақ алатын болсақ, Израиль тұрғын­дарының 55 пайызы вакцинаның екінші дозасын қабылдап үлгерді. Қазір онда 12 жастан асқан жасөспірімдерге вак­циналау қар­қынды жүруде.
Ал, Канада халқының 59 пайызы вакцинаның бір дозасын алды. Атал­мыш елдерден кейін Англия (58,3 пайыз), Чили (56,6 пайыз) және АҚШ-та (51 пайыз) халықтың басым бөлігі екпе салдырды. Яғни, қай мемлекет болмасын халқына вакцина егуден аянғысы жоқ, бірақ кейбір елдер жолын таппай қиналуда. Мәселен, Үндістан вак­циналауды қарқынды жүргізуде әлем қауымдастығынан жәрдем сұ­рауда. Африканың елдері де вакциналауда көмек күтіп отыр. Айыр қалпақты ағайын – Қырғыз бауырлар қазақстандық вакцинаға сұраныс жасауда. Осының бәрі не үшін?
Әлбетте, бірінші кезекте, көзге көрінбейтін, қолға ұсталмайтын, қай тұстан келетінін білмейтін вирустан халқын аман сақтап қалу үшін қажет. Мұны әлемнің озық елдері те­рең түсініп, вакциналауға мән берді. Себебі халқының 70 пайызын вакциналау арқылы ғана ұжымдық иммунитет қалыптастыра алатын біліп отыр.
Орта Азияда алғашқы болып, қала берді әлемде санаулы елдердің қатарында өз вакцинамызды өнді­руге кірісіп, жақсы нәтижеге қол жет­кіздік. Қазір біздің отандық вак­­цинаға алпауыт елдердің өзі тапсырыс беріп, алдыруға құ­лық танытып отыр. Бұл біздің отан­дық ғалымдардың ізденісін мойын­дағанының белгісі емес пе?
Бірақ бізде гу-гу әңгіме әлі тау­­­сылар емес. Әсіресе, әлеу­мет­­тік желідегі негізсіз, дә­лел­сіз ақпараттарға сеніп, бойға үрей билетіп отырмыз. Бұл дұрыс па? Әрине, жоқ! Бізге алып-қаш­­па сөздерге еруді қойып, ұжым­дық иммунитет қалып­тас­ты­руға сергектік таныту маңыз­ды. Ұжым­дық иммунитет қалып­тас­­­тырмай еңбектің бәрі еш кет­кені. Мәселен, көрші тұрған екі ауылдың бірінде тұрғындардың 70 пайызы вакциналауға қатысып, ал, екінші ауылда 20-30 пайызы ғана вакциналаудан өтті дейік. Бұл вирустан келетін қауіптің әлі бар екенін білдіреді. Өйткені, вирустың ошағы жақын жерде деген сөз. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы (ДДҰ) осыны ескеріп, дабыл қалуда. Мақсат – адамзатты ортақ иммунитет қалыптастыруға шықырып, бір кезеңде вакциналауды жүргізу.
Біздің ауданның тұрғындары әлем­де және Қазақстанда болып жатқан барлық жағдайларды жақ­сы біледі. Коронавирустан ке­ле­тін зардап та ауыр болатынын зерделей алады. Бірақ вакциналауға енжарлық танытып отыр. Қазір Сыр өңірі бойынша халқына шаққанда аудандар арасында вакциналаудан төмен көрсеткіш көрсетіп тұрмыз. Бұл – озық ауданның халқына жа­ра­сатын қарекет пе? Ойланайық ағайын!
2021 жылдың есепті мерзімінде Жаңақорған ауданы бойынша індет жұқтырған 411 науқас тіркелді (жалпы пандемия басталғалы 819 адам тіркелді). Оның ішінде 386 науқас емделіп шықты, ем алып жатқаны – 17. Оның ішінде үй жағ­дайында бақылауда жатқаны – 5, аудандық жұқпалы аурулар бөлімінде – 11, облыстық жұқпалы аурулар бөлімінде – 1. Ал, 8 адам індеттен қайтыс болды.
Жалпы ұжымдық имунитет қа­лып­тастыру мақсатында ауданда Спутник-V бірінші дозасы 4710 адамға егілді, Hayat-Vax бірінші турында 4700 дана вакцина әкелініп, оның 2864-ы жаңақорғандықтарға салынды. Бұл әлі де болса төмен көрсеткіш.
ДСҰ бас директоры Тедрос Гебрейесустің айтуынша, вакци­налаусыз әлемнің ешбір елі эпи­демияны тоқтата алмайды. Сон­дықтан вакцинадан қорқудың реті жоқ. Біз өзіміздің және отба­сы­мыздың, айналамыздың қауіп­сіз­дігін сақтаудың жауапкер­шілігін жіті сезінуіміз керек. Қазір өз өмірімізді сақтаудың бір жолы – вакциналауда.
Міне, вакциналаудың маңызы осында!
Осыны ұмытпайық, жаңақор­ған­дық жерлестерім!

Руслан РҮСТЕМОВ,
Жаңақорған ауданының әкімі
08 маусым 2021 ж. 510 0