№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БАҒАНЫ ырықтандыру – ынсаптың ісі

БАҒАНЫ ырықтандыру – ынсаптың ісі

Әлем халқын әбігерге салған індеттің зардабы әлеуетімізді әлсірете түскенін ырыққа көнбей бара жатқан базар бағасынан байқауға болады. Азық-түлік бағасы ай сайын, апта сайын, тіпті күн сайын құбылғанына дәлел күнделікті ішер асымыздың базардағы бағасы жағаңды ұстатардай, ұшып тұр. Бәрін айт та, бірін айт, кез келгеніміз қолданып жүрген «каспий кз» бағдарламасы арқылы картошка мен сәбізді несиеге рәсімдеуге болады екен. Не деген сұмдық десеңізші, бағасы аспандап тұрғандықтан енді міне ішер асымызды да несиеге рәсімдеуге тура келіп жатыр. Ал, қазақтың әрбір шаңырағы етсіз отырмайтыны белгілі.

Бүгінде ет бағасы аспандап тұр. Мәселен, жылқы етінің келісі 2000 теңгеге шығып кетсе, сиыр еті мен қой еті соның о жақ, бұ жағында. Сол сияқты сүт өнімдері де 20-30 пайызға дейін қымбаттаған. Ұлттық статистиканың мәліметінше, сәуірде азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары 1%-ға, ақылы қызметтер 0,5%-ға қымбаттаған. «Қызылша – 17,1%, картоп – 12 %, сәбіз – 10,5 %, күнбағыс майы – 2,7%, құмшекер – 2,5%, тауықтың сирағы – 2,3%, жаңа жиналған жемістер – 2%, қой еті – 1,7%, ет өнімдеріне – 1,2%, жармалар – 1%, макарон өнімдері, шай, пастерленген сүт – 0,8%-дан, ұн – 0,7%, сиыр еті 0,6 пайызға жоғарылаған. Сондай-ақ, тұрмыстық құрал-жабдықтар бағасы шыны және қыш бұйымдар, құрылыс материалдары – 0,7%, автомобильдер – 0,6%, тоқыма бұйымдар – 0,5%, жуғыш және тазалағыш құралдар, киім және аяқ киім 0,4%-ға өскен. Бензин – 6%-ға, дизель отыны 0,9%-ға қымбаттаған. Сонымен қатар монша қызметіне баға – 1,9%, санаторийлер қызметіне – 1,8%, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметіне – 1,2%, қоғамдық тамақтандыру қызметіне – 1,1%, шаштараздар мен сұлулық салондары қызметіне – 0,7%, интернет желісіне – 0,6%, қонақ үйлер қызметіне 0,5%-ға жоғарылаған. «Теміржол көлігімен жол жүру ақысы – 0,8%, әуе көлігі – 0,9%-ға қымбаттаған. Ал қоқыс шығару тарифі 1,2%-ға өскен. Жалпы, 2020 жылы еліміздегі инфляция деңгейі 7,5 пайызды құрады.
Енді өз ауданымыздың жағдайына оралайық. Бүгінде кент орталығында азық-түлік сататын ірі-ірі сауда орындары аз емес. Әрбіріне арнайы бас сұғып, азық-түлік бағасын саралап көрдік. Қымбатшылық көзге ұрып тұр. Әсіресе сұйық май, нан өнімдерінің бағасы күрт өскен. Маусым молшылығына қарар емес. Удай бағаны әлі ұстап тұр. Картоп келісі 250 теңге, орамжапырақ 280, сәбіз 420 теңгеден сатылып жатыр. Кент тұрғыны Айжамал Лепесованың лебізіне құлақ түрсек:
– Қалтама 10 000 мың теңге салып келіп едім. Бар алғаным төрт мың теңгеге бес литр сұйық май, шөкімдей қызанақ, картошка мың теңгеге айналды. Не деген сұмдық, барлығы қымбаттап кеткен. Әсіресе, картошканы айтсай. Жұп-жұқа нанның бағасы 100 теңге. Жарайды, мұғалімдердің айлығы өсті, елдің басым көбі жоғары мөлшерде жалақы алады. Мынадай баға жұқа қалтаны жұқ көрер емес, – деп ойын ашық айтты.
Базардағы саудагерлердің пікіріне ден қойсақ, бұл бір-екі күнде сабасына түскені, баға бұдан да жоғары болғанға ұқсайды. Мәселен, құлпынайдың келісі басқа қалаларда 550-600 теңгеден сатылып жатыр. Сонда ынсапсыздық ортадағы делдалдардан келіп тұр ма? Осы бірер күнде құлпынай, шие бағасы мың жарымнан, 1200 теңгеге түсті. Ал, алып шаһар Алматының өзінде бұлардың келісі әлдеқайда арзан. Біздегі «Үстіне 5-10 теңге қоямыз» деп ант-су ішетін алыпсатарға ай дейтін әже болмай тұр-ау. Үкімет әлеуметтік маңызды 19 тауар түріне шекті баға бекіткен. Бұған ұн, құмшекер,
бөлке нан, қарақұмық, күріш, айран, сүт, шемішке май, сары май, сүзбе, қолдың сары майы, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат, тұз, ет, тауық еті, жұмыртқа, рожки кіреді. Ия, сатушының да, алушының да уәжін тыңдадық. Енді, осы салаға жауапты ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Бақытжан Жексенбаев былай дейді:
– Аудан бойынша ауыл шаруашылығы бөлімі арқылы әлеуметтік азық-түлік тауарларының 19 түріне күнделікті мониторинг жүргізіп, талдау жасалып отыр. Олардың ішінде тазартылған күріш, бірінші сортты бидай ұны, қарақұмық жармасы, бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны, рожки, сиыр еті, тауық еті, пастерленген сүт, айран, сүзбе, тауық жұмыртқасы, сары май, күнбағыс майы, қырыққабат, пияз, сәбіз, картоп, ақ қант, ас тұзы бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде, картоп, сәбіз өнімдері сырттан тасымалдануына байланысты тым жоғарылаған. Қазірде өз өніміміз нарыққа шыға бастады. Енді баға төмендейді деген үміт бар.
2021 жылдың қаңтар айынан жыл соңына дейін әлеуметтік азық-түлік тауарлары бағасына 5-10 пайыздан артық қоспай сату талаптары бойынша аудан әкімдігінен ірі-ірі 8 сауда үйімен екі жақты мемеорандум жасалды. Олар Заңғар, Заңғар 2, Кәусар, Ғани, Агрос, Аққу, Береке, Магнит сауда үйлері. 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық – түлік қауіпсіздігін және бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы кент орталығында орналасқан «Магнит» сауда үйі және «Табыс» дүкені иелері 10,0 млн.теңге қаражат айналымы үшін «заем» алуға «Байқоңыр» ӘКК АҚ» мен келісімге келді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінде әлеуметтік маңызы бар азық–түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөнінде Жол картасы әзірленіп жатыр, – дейді сала маманы.
Ауданға тауардың көбі көрші аймақтардан келеді. Жолақының қымбаттығы, жанар-жағармайдың тұрақсыздығы базардағы тауар құнының өсуіне әкеліп соғады. Қымбатшылық етек жайған қоғамда саяси мәселелердің де қордалана берері сөзсіз.
Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне әр түрлі жағдайлар себеп болып отыр, дейді мамандар. Мысалы, ұнның қымбаттауы азық-түліктік астықтың босату бағасының өсуінен болса, жармалардың қымбаттауы астық өнімінің төмен болуынан туындап отыр және Ресейдегі бағаның көтерілуінен деп топшылайды. Дегенмен, елімізде ұн бағасының көтерілуі ақылға сыймайтын жайт. Себебі, дәл қазір біздегі ұн өндірісінің көлемі ішкі тұтыну мөлшерінен екі есеге жоғары екені баршаға белгілі. Онымен қоса, әлемдік ұн нарығында алдыңғы орында тұрмыз. Жылдағы баға тұрақты екен. Алайда, өзімізден шығатын өнімнің жоқтығы нарықтың тұрақсыздығына алып келуде. Иә, бізде де жылыжай кешені қалыптасып, көкөніс өндірілуде. Бірақ, көп мөлшерде емес. Ал, күзде ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма болмағандықтан, диқандар қолда барын пұлдап, ақшаға айналдыруға асығады. Сосын қыста баға құбылып тұрады. Бұл ретте аудан әкімінің сыйымдылығы жоғары қоймалар саламын деген талпынысы қолдауға тұрады.
Әсел РЗАЕВА
19 маусым 2021 ж. 803 0