№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алайын десем нан қымбат, алмайын десем жан қымбат

Алайын десем нан қымбат, алмайын десем жан қымбат


Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір шаңыраққа ай сайын қырық бес мың теңгеге жуық кіріс түседі екен. Халықтың басым бөлігі орташа есеппен жетпіс мың теңгеге жуық жалақыны қанағат тұтып отыр. Ертеде бір байдың баласы, көрші үйдің тамақ таппай, бір үзім нанға зар болып отырғанын көріп, тамақтары жоқ болса «сыр күріш істеп жей бермей ме», деген екен.
Бір жағынан жұмыссыздық орын алып, екінші жағынан азық-түлік бағасы шарықтап бара жатуы әлеуметтік ахуалды ауырлата түсері алаңдатады. Қымбатшылық негізінен халықтың күнделікті тұтынатын тауарларынан-ақ байқалып тұр. Мысалы, базардағы сауда жағаңды ұстатардай, ұшып тұр. Қазақтың әрбір шаңырағы етсіз отырмайтыны белгілі. Ал, бүгінде ет бағасы аспандап тұр. Мәселен, жылқы етінің келісі 2000 теңгеге шығып кетсе, сиыр еті мен қой еті соның о жақ, бұ жағында. Сол сияқты сүт өнімдері де 20-30 пайызға дейін қымбаттаған.
Елімізде азық-түлік бағасының өсіп кетуіне бір жағынан Ресей нарығындағы тапшылықтың да әсері бар, дейді зерттеуші мамандар. Біздегі ауылшаруашылығы мамандарының айтуынша, ресейлік сатып алушылардың сұранысының арта бастағаннан-ақ, ішкі нарықта картоп жеткізу көлемі тым төмендеп кеткен. Бүгінгі күні картоптың көтерме саудадағы құны 160 теңгені, ал дүкенде 200 теңгені құрап отыр. Өйткені, Ресей еліне көкөністің күнделікті қаншама тоннасы кетіп жатыр. Өзіміздің халық не жесе оны жесін, өзіміз осы науқанды пайдаланып, байып қалайық дегеннің кебін киіп отырғандар, өз еліне бүйректерін бұрмай отырғаны өкінішті.
Сұранысқа ие болып отырған, азық-түлік тауарлары оңтүстік өңірлерде де қымбаттай түскен. «Зейнетақымыз көбейді, айлығымыз өсті» деп қуанып жүрген қарапайым тұрғындарға бұл баға ауыр тиіп отыр. Азық-түлік жыл басына қарағанда әлдеқайда қымбаттаған. Мысалы, жарма – 10-12 %, макарон өнімдері – 18,6%, ет және еттен жасалған тағамдар – 10 %, жеміс-көкөніс өнімдері, яғни картоп, пияз және қырыққабат 74%-ға қымбаттаған. Азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне әр түрлі жағдайлар себеп болып отыр дейді мамандар. Мысалы, ұнның қымбаттауы азық-түліктік астықтың босату бағасының өсуінен болса, жармалардың қымбаттауы астық өнімінің төмен болуынан туындап отырғанын және Ресейдегі бағаның көтерілуінен деп топшылайды. Дегенмен, елімізде ұн бағасының көтерілуі ақылға сыймайтын жайт. Себебі, дәл қазір біздегі ұн өндірісінің көлемі ішкі тұтыну мөлшерінен екі есеге жоғары екені баршаға белгілі. Онымен қоса, әлемдік ұн нарығында алдыңғы орында тұрмыз. Енді аудандағы бағаны бағамдасақ, бүгінде кент орталығында азық-түлік сататын ірі-ірі сауда орындары аз емес. Оның әрбіріне арнайы бас сұғып, азық-түлік бағасын саралап көрдік. Әсіресе сұйық май, жұмыртқа мен нан өнімдерінің бағасы расымен де қымбат. Мұны сауда орнында азық-түлік алып жүрген кент тұрғыны Әлия Тойлыбаева жеткізді:
– Міне, 5 литр сұйық майды 3000 теңгеге алып тұрмын. Не деген сұмдық, барлығы қымбаттап кеткен. Әсіресе, жұмыртқаның бағасы ерекше өсіпті. Мына бір жапырақ нанның бағасы 120 теңге. Осыдан-ақ, бағаның өскенін анық байқауға болады. Рас мұғалімдердің айлығы өскенімен, көп салада айтарлықтай жалақыда өсім байқалмайды. Сондықтан жеке кәсіп иелері халықтың да жағдайын ойлағаны дұрыс, – деп ойын ашық айтты.
Қымбатшылық етек жайған қоғамда саяси мәселелердің де қордалана берері сөзсіз. Сәбилі болған жас отбасылардың, жағдайы қандай? Жаңа туған сәбилерге, көп балалы аналарға Үкімет тарапынан жәрдем көрсетіліп жатқанымен сол балаға керек-жарақтың бәрін қанын шығарып қымбатқа сататын қанағатсыздық шырайымызды шығармасы өкіндіреді.
Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бері арзаншылық, арзандапты деген сөз айтылмаған сыңайлы. Бұған дейінгі қымбатшылық аса назар аудартпағанымен, мына індет іргемізден енгелі еліміздегі шарықтаған баға кез келгенді үрейдің құшағына ала бастағаны ақиқат. Баға бағамын нарықтың өзі реттейді десек те, баға бас бермес асаудың күйін кешулі. Ай емес, апта бұрынғы бағаның өзі құбылып-ақ тұр. Қарапайым халық әлбетте базардағы саудагерлерді кінәлап шығады. Алайда, саудагерлердің де өз уәжі бар. Яғни, доллардың күннен-күнге өсуін алға тартады. Дей тұрғанмен, отандық өнімдерге доллардың  қандай қатысы бар деген заңды сауал көкейде туындайды.
Айта берсек, сауал көп, жауап жоқ…
Әсел РЗАЕВА
25 наурыз 2021 ж. 603 0