№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Азық-түлік бағасы тұрақты ма?

Азық-түлік бағасы тұрақты ма?


Бірден айту керек, аудандағы барлық азық-түлік дүкендеріндегі заттардың басым көбі көрші өңірден келеді. Бағаның құбылып тұруының бірден-бір себебі осыдан. Дегенмен бізде бағаны шарықтатып жіберетін алып-сатарлар аз емес. Сондықтан аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың тапсырмасына сәйкес жауапты сала басшылары азық-түлік бағасына күнделікті мониторинг жүргізуде. Мақсат – бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Бірақ бағаның тұрақталып жатқаны шамалы...


«Елде болса, ерінге тиеді» деген­дей, дүкен аралаған мен базар жағалағанның алдымен сатып ала­тыны азық-түлік өнімі екені анық. Карантин кезінде ел сауда үйлеріне тек азық-түлік алу үшін ғана барады емес пе? Міне, мәселенің бәрі осында. Мұны көрген алыпсатарлар мен кәсіпкерлер өздерінше бағаны құбылтып тұр.
Басқа басқа, Қызылорда облы­сындағы ахуал күрделі. 2020 жылдың алғашқы жартыжылдықта негізгі алты экономикалық көрсеткіштің бесеуі төмендесе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасы республикалық көрсеткіштен жоғары болып тұр.
Алты айлықтың қорытындысына арналған кеңейтілген мәжілісте облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова осы мәселені баса айтып, тіпті кейбір аудан әкімдеріне қатаң сөгіс берді. Сондықтан Қызылорда қаласы мен аудан басшыларына көкөніс және басқа да әлеуметтік азық-түліктің бағасын қымбаттатпау міндет.
– Картоп – 63 процентке, сәбіз бен пияз – 50 процентке қымбаттаған. Қыс пен көктем болса бірсәрі, ал көкөніс пісе бастайтын кезеңдегі бұл көрсеткіш тіпті ақылға сыймайды. Барлық аудандарда бағалардың негіз­сіз өсуіне жол берілген, соның ішінде Жаңақорғанда 7, Арал мен Қызылорда қаласында 6 түрлі азық-түліктің бағасы көтерілген, – деді аймақ басшысы кеңейтілген мәжілісте.
Мәжілісте белгілі болғандай, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы жөнінен Жаңақорған аудандар арасында көш басында. Тіпті бірде-бір жоба ұсынбаған аудандар бар екен. Соңғы 6 айда бағдарлама аясында құны 788,6 млн теңге болатын 37 жоба мақұлданса, оның басым бөлігі Жаңақорған ауданына тиесілі екен. Бұл бағытта жүйелі жұмыс бар, енді базар саудасына ойыссақ.
Өткен аптада «Нұр Отан» пар­тия­сы Жаңақорған аудандық фи­­лиалы төрағасының бірінші орын­­басары Мәжит Балқожаев, аудан­­дық кәсіпкерлік, өнеркәсіп жә­не туризм бөлімінің басшысы Қаржы­бек Бүркітбаев, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Наурызбай Орынбасаров және «Ауғанстан ардагерлері және патриот жастары» қорының төрағасы Қуаныш Әбіләкимов Жаңақорған кентіндегі азық-түлік сататын сауда үйлерін аралап, әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі тауардың бағасына мониторинг жүргізді.
Күріш, бірінші сұрыпты ұн, бірінші сұрыпты ұннан жасалған әлеуметтік нан, қарақұмық жармасы, рошки, сиыр еті, тауық еті, сүт пастерленген 3,2 проценті, айран 2,5 проценті, тауық жұмыртқасы, сары май, шемішке май, қырыққабат, жуа, сәбіз, картоп, құмшекер, тұз бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы аудан әкімінің күнделікті бақылауында қадағалануда.
20 шілде сағат 10.00-де жағдайды көзбен көру үшін кенттегі сауда дүкендеріне бас сұқтық. Картоп – 140 теңге, пияз – 100 теңге, сәбіз – 150 теңге, қанттың бір келісі – 220 теңге болса, күріштің келісі – 330 теңге, макаронның келісі – 240 теңге, жұмыртқаның бір данасы – 23 теңгеден сатылуда. Ұнның 50 келісі – 8000 теңгеден. Шыны керек, жылда осы кезеңде көкөніс, жеміс-жидек, бақша дақылдарының құны төмендейтін еді. Бірақ мұны байқай алмадық. Шілденің бітуіне санаулы күн қалды. Барлық жеміс-жидек, көкөніс пісіп тұр. Бірақ баға арзандар емес.
– Карантин уақытысында жұмыс­сыз жүргендер аз емес. Шыны керек, қазір халыққа қымбат дүниелер немесе өзге тауарлар керек емес, азық-түлік болса болғаны. Екіншіден, дәрі-дәрмек керек. Осы екеуінің бағасы құбылып тұр. Бір дүкендегі тауар бағасы келесі дүкенде не арзан немесе қымбат. Осыны жүйелесе, – деді кент тұрғыны Айжамал апай.
Бұл сауалға белгілі кәсіпкер былай жауап қатты:
– Бір фирма әр дүкенге әр түрлі бағада тауарын өткізеді. Яғни үлкен көлемде алушыларға арнайы жеңілдіктер бар. Мәселен, 100 қорап зат алсаңыз, 10-ы тегін болуы мүмкін. Ал шағын дүкендерге мұндай жеңілдіктер жүрмейді. Сондықтан баға әркелкі болуы мүмкін, – дейді.
Біздің білетініміз, қай тауарға сұраныс артса, оның бағасы екі еселенеді. Біздің кәсіпкерлер ауыл­шаруашылығы өнімін шетелге экс­порттап жатса, ал саудагерлер өзге өңірлерден импорттайды. Бір білетініміз, коронавирус біздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтынымызды көрсетіп берді. Енді одан шығатын жол біреу ғана, ол – ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді жолға қою керек...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

21 шілде 2020 ж. 731 0