№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ-2021:көрсеткіш қандай?

ҰБТ-2021:көрсеткіш қандай?

ҰБТ-мектеп түлектерінің мақсат-мұратын шындыққа жақындатып, қуаныш пен бақытқа бөлейді. Әлбетте, керісінше жағдайлар да орын алып жатады. Бәрі тестілеуге дайындықтың деңгейіне байланысты. Сондықтан талапкерлерден бөлек, ұстаздар мен ата-аналар ҰБТ-ның қорытындысын асыға күтеді. Бізді де осы қатарға жатқызуға болады. Яғни тестілеудегі ауданның жетістігін жариялауға асығамыз. Осы мақсатта мамандармен пікірлесіп, іздендік.

Ұлттық тестілеу орталығы №118 филиалының жетекшісі Мақсат Сәрсенбай:
– Дәл қазіргі уақытта талапкерлер үшін өте жауапты күндер өтуде. Оқушылар 5 пән бойынша 120 сұраққа жауап береді. Оның үшеуі міндетті, екеуі бейінді пәндер бойынша. Бейінді пәндер мамандыққа байланысты таңдалады. Ең жоғарғы балл – 140, ал, шекті деңгей – 50 баллды құрайды. Айта кетейік, биыл аудан бойынша 1005 оқушы 11-сыныпты бітірді. Бітіруші түлектің 532-сі ҰБТ-ға қатысуға өтініш берді. Оның 505-і қазақ тілінде, 29-ы орыс тілінде білімін сынайды. Оқушы шекті балды алмаған жағдайда, ақылы негізде оқуға түсу үшін ағымдағы жылдың тамыз айында тестілеуді қайта тапсыра алады, – дейді ол. Біз тестілеу орталығының басшысынан биылғы ҰБТ-ның ерекшелігін сұрадық.
– Онлайн форматтың оқушылар үшін тиімділігі сонда, бұрынғыдай бір күнге оқушы жинап, жүйкеге салмақ түсіру жағдайлары орын алмайды. Тесті екі рет тапсырады, егер бірінші тапсырғаны қате болса, онда грант тағайындау конкурсына екінші реттік тапсырған нәтиже есептеледі. Алайда, бірінші мүмкіндікте тәртіп бұзғандарға екінші мүмкіндік берілмейді. Оқушының қанша балл жинағаны компьютерде, арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асады. Нәтижесімен оқушының өзі толық танысып, сынама бағасын біліп шыға алады, – деді Мақсат Сәрсенбай.
Иә, алғашқы ҰБТ тәсілдерімен салыс­тырғанда жаңалық көп, бастысы білімге басымдық берілуде. Енді, биылғы түлектердің білім нәтижесін білуге тырыстық. Көш басында әзірге ең жоғарғы 122 балды №245 орта мектептің қос бітірушісі және Бесарық ауылындағы №54 мектептің түлегі иеленді. Әрине, қуанышты жаңалықты естігеннен кейін, бірден №54 Жүсіп Қыдыров атындағы мектеп директоры Мұхтар Мелдебековпен хабарластық.
– Тест толық аяқталған жоқ. Дегенмен, біздің көрсеткішіміз жаман емес. Жалпы 28 оқушы мектеппен қоштасса, оның 26-сы тестке қатысуға өтініш білдірді. Өзі екі кезеңнен тұрады. Біріншісін ойдағыдай аяқтадық, енді екінші мәрте барамыз. Әзірге орташа балл 98,2 болып тұр. Үш алтын белгіге ұсынылған оқушымыз бар. Оның бірі Береке Қаржауова – 122 балл, Ақтілек Ырысбай – 120 балл, Ержанқызы Альбина – 109 балл. Енді екінші кезеңнің қорытындысын көреміз. Негізі №54 орта мектептің ұстаздары білікті әрі білімді. Ең бастысы, оқушыларға бастауышсыныптан білімнің түпқазығын мықты қалыптастыруға күш саламыз. Ата-аналармен кеңесіп, оқушының білімге қызығушылығын арттыруға мән береміз, – деді мектеп директоры.
Ал, Қаратөбе ауылында орналасқан №229 Абызтөбе атындағы орта мектеп түлегі Қожаберген Сәбира аудан бойынша үздік көрсеткіш көрсеткен оқушының бірі. Бағына 115 балл еңсерді. ҰБТ-ға 10 – сыныптан бастап дайындықты бастағанын сөз етті.
– Ұстаздарымыз үнемі дайындалдырып, әр күнімізді ерекше дайындықпен өткіздік. Оқудан, тестке дайындалудан еш жалыққан емеспіз. Тестке шпаргалка алып кіру дегенді ойға да алған жоқпыз. Өйткені, ол адам бойына үрей туындатып, бар білгеніңді ұмытып қалуға итермелейтін қажетсіз дүние. Ең бастысы, «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегіңмен мен ақылың екі жақтап» деп Абай атамыз айтқандай, ішкі сенім тұрақты болғаны абзал, – дейді «Алтын белгі» иегері Сәбира Қожаберген.
Жас түлекке жоғары балл жинауда оқушы, ұстаз, ата-ана үштігінің үйлесімді жұмыс істеуі маңызды екенін білдік. №229 білім ордасының директоры Жеңіс Манамбаев жыл сайын «Алтын белгі» иегерін шығуруды дәстүрге айналдырған, үлкен білім ошағындағы ұстаздар еңбегіне айрықша тоқталды.
– Білім мен ғылымды дамытудағы басты мақсат – бәсекеге қабілетті ұрпақтар сабақ­тастығын жалғастыру. Бұл адами капиталдың маңыздылығын арттыру деген сөз. Осы ретте мектеп ішінде атқарылып жатқан істер де аз емес. 2015-2016 жылы – бір «Алтын белгі», бір «Үздік аттестат», ҰБТ қорытындысы бойынша орташа көрсеткіш – 85 балл болса, 2016-2017 жылы – бір «Алтын белгі», бір «Үздік аттестат» шығып, көрсеткіш – 73 балды құрады. Айта кететіні, соңғы үш жылда мектептен 36 грант иегері еліміздің түкпір-түкпірінде білім алуда, – деді мектеп директоры.
Иә, байқағанымыздай, барлық білімпаз­дардың мақсаты айқын, арманы асқақ. Бүгінгі жас – елдің ертеңгі мызғымас тірегі, келешек келбеті. Сол себепті олардың білімді, бәсекеге қабілетті болуы ел дамуындағы аса маңызды фактор. Осы тұрғыдан келгенде түлектердің мемлекетке қажетті мамандықтарды игеріп, дамуға, өркендеуге үлес қосқаны маңызды. Мемлекет басшысының қойып отырған талабы да осы.
15 маусым 2021 ж. 410 0