№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ: ОРТАША БАЛЛ – 83.

ҰБТ: ОРТАША БАЛЛ – 83.

     Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ның үш күнінің қорытындысын жариялады.
     «ҰБТ-ның екінші күні 61 098 мектеп бітіруші сынақтан өтуге тіркелген болатын, алайда тестілеуге нақты 58 967 түлек қатысты. Қатысушылар саны былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 1% өсіп тұр. Олардың 85,6% немесе 50 468 мектеп бітіруші шекті баллды жинай алды, яғни былтырғымен салыстырғанда 1,5 процентке өсу бар. Шекті баллды жинай алмағандар саны 1 пайызға төмендеді, 8 499 адам сынақтан өте алмады», - деді ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК директоры Рамазан Әлімқұлов
      Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында. Орталық директорының айтуынша, әзірге Қазақстан бойынша орташа балл - 83, былтырғы кезеңде орташа көрсеткіш - 80 балл болған еді. «Ең жоғары балл Алматы қаласында, Т. Рысқұлов атындағы ұлттық экономикалық университетте тіркелді. Алматылық Хамзин Дәулет Азатұлы 139 балл жинады. Өкінішке қарай, ең жоғарғы 140 баллды әлі ешкім жинаған жоқ. Бірақ, тестілеу жұмыстары әлі бес күн бойы жүреді, сондықтан нағыз білімді түлектеріміз 140 баллды аларына үміттіміз», - деді ол.
      Республика бойынша 704 мектеп бітіруші 130-139 балл аралығында  нәтиже көрсеткен. Еске сала кетейік,  ҰБТ-2018 нəтижелерін ендігі кезекте Telegram-бот @edu.gov.kz немесе edu.mail.kz сайты арқылы үйден шықпай-ақ білуге болады: ол үшін тестілеуге қатысатын əрбір талапкерге берілетін ТЖК (тест тапсырушының жеке кодын) енгізу қажет. Сондай-ақ, тестілеу қорытындыларын Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан да білуге болады.

ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН.
23 маусым 2018 ж. 1 891 0