Бүгін 13 897 мектеп түлегі тест тапсырды.
Бүгін ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКҚ директоры Рамазан Әлімқұлов ҰБТ-ның алғашқы күнінің қорытындысын жариялады, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
20 маусымда республика бойынша 13 897 мектеп түлегі тест тапсырды. Олардың 15,5%-ы немесе 2 102 адам шекті ұпайды жинай алмады.
«Енді, тамыз айында олар тестті екінші рет тапсыра алады. Одан да өте алмаса, жоғары оқу орнының ақылы бөліміне қабылдана береді. Бірақ бірінші семестрден кейін, яғни келесі жылдың қаңтар айында тест тапсырып, өз білімін көрсетуі керек», - деді Р.Әлімқұлов Астанада өткен баспасөз мәсиxатында.Орталық басшысының айтуынша, 11 795 мектеп түлегі тестті ойдағыдай тапсырып шықты. Олардың жинаған орташа ұпайы 80,9-ды құрады. Өткен жылы аталған көрсеткіш 77,5 ұпай болған.
«Демек, биыл орташа ұпай 4 процентке көтеріліп отыр деуге болады. Алғашқы күні толық 140 ұпайды жинаған адам болған жоқ6 алайда бір түлек 137 ұпайды жинады. Алда әлі жеті күн бар6 сондықтан ең жоғары ұпай жинайтын мектеп түлектері болады деген сенім бар», - деді Р.Әлімқұлов.Айта кетейік, 20 маусым күні республика бойынша тест тапсыруға барлығы 14 250 адам өтініш білдірген. Алайда тест тапсыруға 13 897 адам келді. Осылайша, алғашқы күні мектеп түлектерінің 97% ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты.