Жаңақорғанда жүр едік, Түркістаннан тіледік, Сайрамға келіп сүйендік
«Алланың өзі де рас, сөзі де рас» деп ұлы Абай айтқандай, қасиетті жұмада жұмысты жоспарлау, жолға шығу мұсылман үшін мүмкіндігі мол мезет. Құдайы көршіміз Түркістан облысы бола тұра, шекаралық Жаңақорған ауданына олармен әріптестік қоян-қолтық аралас-құраластық қатынас кемшін, олқылықтың орнын толтыруға бағытталған бірінші қадам осы болды. Биылғы су тапшылығын алға тартып, қол қусырып отыруға тағы болмайды, барға қанағатпен басқаша амал қарастыру қажет.
Ауылшаруашылығы егісін әртараптандыру, суды аз қажет ететін дақыл орналастыру, төрт түлікке қатысты өңдеу технологиясын енгізу секілді мың сан мәселе бар. Жер емген жерлестерге көршінің кеңесі керек-ақ, өйткені оларда көктем ерте түседі, бір жылда екі рет егіс егуге жаттыққан. Сондай-ақ жылыжай өндірісі жақсы дамыған. Мал шаруашылығын да мейлінше өркендеткен. Осы бастама аудан әкімі Руслан Рүстемовтің тарапынан туындады. Өзінің айтуынша, Түркістан облысының жер жағдайы, аграрлық саласында, тіпті тарихи жағынан тамырластық бар. Бұл бір. Екіншіден, әріптесі Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібекұлы бүған дейін үш ауданның әкімі, облыс әкімінің орынбасары, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарған білікті басшы, елді дамытуға деген дилы тұлға, сондай-ақ құдайы көршінің бастамасына бірден ыстық ықылас білдірген үлкен азамат екенін қосыңыз. Сөйтіп екіжақты келісіммен кәсіпкерлердің өзара тәжірибе алмасуы дәл қасиетті жұмаға сәйкес келді. Біз тәуекел десіп тақтайдай тегіс автобан жолға түстік.
Жалпы, іскерлік сапардың тікелей облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың қолдауымен жүзеге асқанын айтқан ләзім, соған сай шараның маңызы ерекше болды, кәсіпкерлерлер үшін өте тиімді әрекет деуге тұрарлық. Топқа аудандағы белсенді және әлеуетті «Сұңқар», «Бақытжан», «Ислам», «Мырзабай», «Нұрбол И», «Арай», «Сенім» шаруа қожалықтарының төрағалары Құлмағамбет Исаханов, Әлібек Нәлібаев, Мақсат Жұмаділлаев, Әлмахан Мырзабаев, Мейірбек Үсенов, Мейрамбек Әсенов, Мұхтар Оспанов өз шаруашылығына қатысты мәселе бойынша тиісті нысандарға барды, жұмысымен танысты, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап тапты. Ең бастысы, мал бордақылау мен егіннен мол өнім алудың құпиясына қанықты. Шыны керек, жер қадірін жетесіне дейін түсінген олардан үйренер тәжірибе жетерлік. Бір күндік сапар барысында бүге-шүгесін бүтіндеп алатындай болмаса да іс байыбына бағыт-бағдар алды, жоғын түгендеуге жол іздеді. Уақытты барынша үнемдей отырып, әрбір кәсіпкерлік нысанның заманауи технологиямен жабдықталу жайын ұғынуға, кадр дайындау, менеджмент мәселесін меңгеруге мүмкіндік қарастырылды.
Олай болса, біз рет-ретімен және көрген-білгенімізді баяндауға бекіндік.
САНСЫЗ БАБ САЙРАМНАН ХОРАСАНҒА ДЕЙІН
«Сайрамда бар сансыз баб, Отырарда отыз баб, Түркістанда түмен баб, баптардың бабы Арыстан баб» деген дәріптеуді жаттап өскендіктен тарихи тұлғаларға тағзым жасау жаңақорғандықтар үшін үлгілі үрдіс саналады. Алайда біз туристік сапарда емес, жұмыс бабында болып, Сайрамның сансыз бабына тағзым жасауға аялдай алмадық.Сайрам әулиелер мекені екені баршамызға белгілі, бірақ ішкі тілекпен шектелдік.
Десе де Қарамұрт ауылдық округінде орналасқан, Қытай тарихнамасында «садағы мен семсері» қолынан түспеген қаһарман қолбасшы Хален баб және Көлкент ауылында орналасқан Қазақ ханы Абылай ханның бекінісі болған «Ханқорғантөбесін» атап өткен жөн. Осында Қожа Ахмет Яссауидің анасы Қарашаш анаға арнап салынған ХІХ ғасыр сәулетінің тарихи ескерткіш-кесенесі бар. Сол секілді Қожа Ахмет Яссауидің әкесі, діни көсем, әрі осы өңірлерге танымал уағызшы Ибраһим ата кесенесі XVI-XVII ғасырларда тұрғызылғанымен, ол құлап қалғаннан кейін XIX ғасырда қайта салынды.Бұл жерде Яссауиге, оның ата-анасына құрмет көрсетілгені ақиқат. Ал, сол Қожа Ахмет Ясауидің өзі біздің Хорасан Атаға тәу еткенін айтпасқа болмайды. Ол бір келгенінде:
«Тоқсан машайхны артыңда көрдім,
Қаабаны, Мәккәні алдыңда көрдім,
Рахым ете көр, бабам Хорасан», – деп хикметіне қосып, қасиетті орынға бас иген екен.
СӘЛЕМ БЕРДІК, САЙРАМ!
Бұл Сайрам Түркістан облысындағы ірі ауданның бірі. Халқы үш жүз мыңның үстінде, жері облыс көлемінің бір жарым процентін құрайды. Төбе-сай, жыралы болып, жерінің рельефі әрқалай. Бірақ бір тегіс емес деп бос жатқан жер жоқ, төңірек тұтастай көк желек.
Жон беткейге түгелімен жаздық бидай егілген. Оны Богара бидай атайды. Негізінен Богара парсының сөзі, көктем дегенді білдіреді. Ал өзбек тілінде жүректе дегенге саяды. Жалпы мағынасы ауылшаруашылық дақылдары қолдан суарылмай өсірілетін суармалы аймақтағы жерді атайды. Қысқа қайырғанда, топырақтағы ылғалды сақтай отырып, суды аз қажет ететін дақылдарды орналастыру әдісі.
Ғарыштық тәсілмен зер салсаңыз, Сайрам Шымкент қаласын сақина секілді дөңгелене қоршап жатыр. Бір кездері қала халқын бау-бақша, көкөніспен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылған аудан екені анық. Қазірде сол мақсат бірнеше есе артық жағдайда өрістегені байқалады.
Халқының басым бөлігін өзбектер құрайды, қазақтар небәрі отыз процент шамасында.
Ауданда 71 елді мекен 17 ауылдық округке біріктірілген. Біз осы 17 округтің төрт-бесеуіне ғана үлгеретін сыңайдамыз.
Иә, сырт көз сыншы деген,Сайрамның сайын даласы самсаған ағаш, көмкерген көк, төңірегі түрленген иран бақ секілді. Осы кереметке көз тояттап, байғазы сұраған баладай көлікте алақ-жұлақ отыр едік, кенет:
– Па шіркін, – деді аудан әкімінің орынбасары Оңал Ержанов, – біздің ауыл да осындай жап-жасыл желекке оранса ғой. Жердің жерден айырмасы жоқ, тек еңбек жетіспей жатады. Өзбек деген өзім дегенде қара күшім бар дейтін халық секілді. Бәрі дұрыс, бірақ бір нәрсенің жауабын таппай келемін.
– Оныңыз не еді? – деді рульде отырған Әлмахан Мырзабаев.
– Беталды жүрген жайын мал көрмедім. Бұлар қолда мал ұстамайтын сияқты.
– Ұстағанда осылар ұстайды. Тек қорадан айдап шығарып, беті ауған жаққа жібере қоймайды. Егін мәдениеті мұнда жоғары. Оған құрметпен қарайды.Алда-жалда біреудің егініне түсіп жатса, диқан оны сойып тастаса да ешкім ренжімейді. Біздегіге ұқсап, сот жағалап жүрмейді. Шындап келгенде, мал келтірген шығын, малдың бағасынан бірнеше есе өсіп кетеді. Сондықтан ондай олқылыққа бармайды, мал ұстады ма, оған ие болуы керек, – деді Әлмахан Мырзабаев.
ЖАҚСЫНЫ КӨРІП, ЖАН СЕМІРЕДІ
Бізбен бірге Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев жүрді. Бойына ойы сай келісті жігіт. Текті әулеттің баласы, оңтүстікте Оразалиевтердің озық дәстүрі бар. Қасына аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Рысқұлбек Есполай мен ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі, жаңақорғандық Сәбит Реметов ілескен.
Алдымен Қарасу ауылдық округіне қарасты «Алма АШӨК» етті қайта өңдеу кәсіпорнына келіп, шұжық шығару цехының жұмысымен таныстық. О баста шағын іс орны болған. Небәрі 5 жұмысшы қызмет істеді. Қазір оның ауқымы кеңіді. Баяғы бесеу бүгінде 35 адамға жеткен. Ауысымына 500 кілә ет өңделетін кәсіпорынның басшысы Ақылбек Шалқаров өнімнің түрлеріне, сапалық деңгейіне тоқталып, алдағы уақытта қосымша цех орны дайын екенін көрсетті.
– Өндірістің өсуі жұмыс күшінің артуынан аңғарылып тұр. Ал, қосымша цех іске қосылғанда өндірістің рентабелділігі тағы еселене түседі. Ет өнімі уақыт өткен сайын кеңіп, көлемі өзгереді. Бұл тауардың нарқын бұзып алмай ма? Сол секілді сатып алынатын семіз ет шұжықтың майлылығын сақтай ма? – деді аудан әкімі Руслан Рүстемұлы.
– Өте орынды сауал. Біздің өнімнің ішінде халал түрі бар. Кейбіреулер оған шошқа майы қосылады деген пікірде. Шын мәнінде, олай емес. Тиісті стандарт сақталады. Ал, еттің құрғақ жағы бізге кедергі келтірді. Арыз-шағым да орын алды. Тәжірибе толысып, оның қыр-сыры зерттелді. Кемшілік түзелді, қазір өнім сапасына шағым тоқтады, – деді кәсіпорын басшысы.
– Өнімнің сапасына, бағасына көз жеткіздік. Бұл жерде сатып алынатын еттің бағасы бойынша шұжық бағасы өздігінен өзгеріп отырмай ма? – деді Әлібек Нәлібаев кәсіпорын басшысына.
– Жоқ. Өзгермейді.
– Сонда қалай реттеледі?
– Бұған қатысты технология бар. Мысалы жылқының етінен жасалған шұжыққа тауық еті қосылады. Ал, тауық еті арзан. Осы негізде бағасы өспейді, – деді Ақылбек Шалқаров.
– Өнімнің бағасына тасымал шығыны қосылмай ма? – деді Құлмағамбет Исаханов.
– Дайын өнім алыс қашықтыққа тасымалданбайды. Тапсырысқа сәйкес жүргізіледі.
– Солай десеңізші. Халықтың тығыз орналасуы, тұтынушының жақын арадан табылуы тасымал құнын түсіріп отыр екен, – деді қаратөбелік Құлмағамбет.
Шынында, ауылдан асқан жағдайда миллионнан аса тұрғыны бар Шымкент қаласы тұр. Бұл кәсіпкерлер үшін ең тиімді мүмкіндіктің бірі.
Келесі кезекте «Сайрам сүт» серіктестігінің сүтті қайта өңдеу кәсіпорнына бардық. Нұржан Жамалбеков жетекшілік ететін сүт дайындау мекемесі өнімнің 24 түрін шығарады. Кәсіпорынның жылдық қуаты 7200 тонна.
– Сүт қайдан алынады?– деді аудан әкімінің кеңесшісі Алмас Нәлібаев.
–Халықтан жинаймыз. Қазір тұрғындар бұған ынталы.Алыс-беріс нақты ақшамен жүргізіледі, – деді кәсіпорын басшысы.
Алдыңғы шұжық цехының жұмысшылары айына 65 мың теңге жалақы алса, мұнда шамалы жоғары, 80 мың теңге екен.
МАЛ БАҚҚАНҒА БІТЕДІ
Жасыратыны жоқ, мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге Сайрам дегеннен гөрі Қарабұлақ атауы құлаққа жаттанды. Мал бағушы да, ет өндіруші де осы жерде жетерлік. Тіпті әрбір үй мал ұстайтын көрінеді. Олардың әлеуметтік жағдайын әлеуетті еткен осындағы мал базары деп топшылайды. Мүмкін солай шығар, әйтеуір біздің жігіттер мал бағытындағы шаруашылықты көргісі келіп тұр.
– Қазіргі бағдарымыз мал шаруашылығы бағытындағы жұмыстарға арналады. Ретіне қарай, олардың жем-шөп беру рационын, малды семіртуге қандай дәрумен пайдалануға болатынын барынша білуге тырысу керек. Мұндай мүмкіндікті жіберіп алмайық, жігіттер, – деп аудан басшысы жанындағы жалаугерлерін қанаттандырып қойды.
– Өзімізге де керегі сол ғой, – деп қостады аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев.
Бізді Манкент ауылдық округінің әкімі Әбдіғани Сайдмұратов ауладан күтіп алып, қораға қарай беттеді.
Ауылдың шеткері аймағына орналасқан мал бордақылау алаңынан өткір иіс мүңкіп тұрғаны шамалы. Төңірегі тап-тұйнақтай. Тіпті мал қорасының едені бетондалған, оның өзі тап-таза. «Ет Агро Манкент» өндірістік кооперативінің жетекшісі Фарух Ирсалиев мал бордақылаудың қыр-сырын жасырмай, тәмпіштеп түсіндіріп бақты.
Алаңда кілең ақ басты өгізше мен бұқа бар. Ұзын-ырғасы 500 бастай. Күніне үш мезгіл азықтандырылады.
– Мына қорада қанша бас ұстап тұрсың? Оған қанша адам қамтылған? Жем-шөп мәселесі қалай шешілген?
Жаңақорғандық жігіттер сұрақты суша ағызды.
– Сіздер көріп тұрған қорада 150 бас бұқа тұр. Оған екі адам қызмет етеді. Жем-шөп беруден бөлек астын тазалайды, малдың жағдайына зер салады, -дегенше болмады, қарсы сұрақ тағы қойылды.
– Дәл осы жұмысшыға қанша айлық төленеді?
– 120 мың теңге.
– Біз отыз сиырды бағуға 150 мың теңге төлесек азсынады. Оларды осында әкеліп көрсету керек екен...
Бұл «Сұңқар» шаруа қожалығының төрағасы Құлмағамбет Исахановтың сөзі.
– Ақ бас бұқа Өскеменнен алынды ма? Олар тез жерсінетін еді, - деді Әлібек Нәлібаев.
– Дәл солай. Олар екі-үш айға дейін салмақ қоспайды, сосын үйренісіп алған соң бір кіләдан артық салмақ қоса бастайды. Тек бес жасар кезінде етке өткізіледі. Оған дейін қолда ұсталады,– деді мал иесі.
– Бізге жем жағын терең айтсаңыз, – деді «Ислам» шаруа қожалығының төрағасы Мақсат Жұмаділлаев.
– Малға тәулігіне 12 кіләға дейін жем беріледі. Өздеріңіз көріп тұрғандай, әрбір қорада бір-бір диірмен қойылған. Жемді ары-бері тасымас үшін. Енді оны дайындаудың өз шарты бар. Негізінен арпа, бидай, жүгері және дәрумендер қосылады. Жем компоненттері түгелденген соң оны сығымдап, шөп орнына да пайдаланамыз. Яғни күйіс қайтаруға болады. Биыл жауын-шашын аз, жоңышқа күткендегідей шықпады. Сондықтан бидай сабанын көбірек қолдануға тура келеді, – деді Фарух сұрақтың ретіне қарай.
Осы шара бітісімен қасыма жайылмалық кәсіпкер Мұхтар Оспанов келіп: – Босқа жүрген екенбіз, мал басын көбейтіп, шаруаны кеңейту керек. Бүгінгі тіршілікті тану арқылы мен осындай қадам жасауға бекіндім, – деді.
Жаңақорғандық кәсіпкерлер енді фермермен жеке-жеке жұмыс жүргізуге көшті. Бірі – диірмен басында, бірі – мал қорасында, бірі – ет сақтау қоймасында жүр.
КҮРЗІ ЕТІК, ОЙЫҚ КЕТПЕН ЖӘНЕ КӨҢ
Диқан үшін басты қажеттілік – осы үш дүние. Оны «Мехман ата» шаруа қожалығына барғанда жақсы білдік.
Көлкент ауылдық округінде 23 мың халық тұрады. Біз барып тұрған Ақсуавад ауылы осы округке қарасты 7 елді мекеннің бірі. Мұнда 5300 халық бар екен. Округте 90 жеке кәсіпкер болса, оның 25-і осы ауылдың еншісінде. Ауыл әкімі Өткір Юлдашевпен әңгімелесу барысында осындай мәліметке қанықтық.
Диқан дегеннен шығады, ауылдың басым бөлігі өзбек ағайын. Егістің дамыған деңгейі осы ауылға тиесілі. Осы орайда аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Рысқұлбек Есполайдың айтуынша, ауданда 3100 гектар егістік болса, Ақсуавадта 450 гектарға бара-бар егіс егіледі.
Ата-бабасынан диқаншылық дәстүр жалғасқан «Мехман ата» қожалығының бүгінгі қожайыны Әбдімаулен Әбдірасылов биыл картоп салыпты. Оған тиесілі 1,35 гектар жайқалып тұр. Жыл сайын 32 тонна картоп алады екен, биылғы өнім де сол көлемде деп отыр.
– Сіздер көріп тұрғандай, бұл жер төбелі-сай, су шығару өте ұқыптылықты қажет етеді. Ешқандай бөгет қойылмайды, су бір сарынмен, сыздықтатып сіңдіріп суарылады. Әуел баста жерді алғанда кетпеннің жүзі батпайтын еді. Содан Камазбен көң тасып, төге бердім. Жер жұмсарды, өнім бере бастады. Биылдың өзінде 17 Камаз көң салдым, – деп Әбдімаулен әңгімесін бастағанда жан-жақтан сұрақ лап қойды.
– Осы жерге қанша шығын кетті?
– Көңнің әрбір көлігі 14 мың теңге. Егу, арам шөбін шабу, жинауға арнайы бригада жалдаймыз. Ондай бригада ауылда жеткілікті. Оның тасымалы, бір мезгіл тамағы менің мойнымда. Бригада сегіз сағат жұмыс істейді, тиісті тапсырманы мүлтіксіз орындайды. Қазір есептесем, шамамен осы бір гектарға 1,5 миллион теңге жұмсалды. Бұдан бөлек, жер, су салығы бар, – деді қожалық иесі.
– Сонда барлық шығын осы жерден өтеле ме?
– Жоға. Жалға алған 5 гектардай жер бар. Ол жаққа да картоп салынған.
– Мұнан кейін де егін егіле ме?
– Әрине. Болгар бұрышы немесе қырыққабат егіледі.
– Өнімді өткізу мәселесі қалай шешілген?
– Оған ешқандай бас қатырмаймын. Егістің басынан делдалдар көтере алып кетеді. Қазір базарда картоптың кіләсі 250 теңге болып тұр. Демек, ойдағы баға болатын секілді.
ДИСКУССИЯ
Аудан әкімі Руслан Рүстемов осы жерде шағын дискуссия өткізді. Ондағы мақсат – ауданда бақша мен көкөніс бағасын тұрақтандыру жайы болатын. Бұған Сайрам аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Рысқұлбек Есполай: – Руслан Рүстемұлы, сөзіңіздің жаны бар, ондай екіжақты тиімділікке бірлесе жұмыс жасауымыз керек, – деді.
– Егер тауар қоятын орын мен сауда нүктесі шешілсе, сөз жоқ, жүзеге асыруға мүмкіндік болады, – дейді ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Сәбит Реметов.
– Осы мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, нақты ұсыныс бересіз, – деп аудан басшысы аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиевке тапсырма берді.
ШЕБЕРХАНАНЫҢ ШАРУАСЫ
Сапардың бағытына шеберхана қосылып, жан-жақтылық жарылқай түсті. «Абдурасилов» жеке кәсіпкерлігінің шеберханасы қаңылтырдан түрлі қондырғы, қаптама жасауға машықтанған. Үй, мекемені әрлеуге тапсырыс негізінде тың идеяларды жүзеге асырады. Әсіресе, Фазилжан Абдурасиловтың мектепке ішкі әжетхана орналастыру жұмыстары біздің қызығушылықты туындатты. Мәселен екі кісілік әжетхананы 2 миллион 700 мың теңгеге толық орналастырып береді. Сондай-ақ көрікті шлак кірпіштер құю ісін де жандандырыпты. Бағасы 120 теңге. Бақсақ, бос сенделген біреу жоқ. Әркімнің жауапты өз жұмысы бар. Қонақтарға көңіл бөліп, ісін бір ауық тоқтатқанын байқамадым. Бәрі ширақ, жедел жұмыстың жайын бағып жатыр.
ҚАБЫЛ АЛ, ҚАРАБҰЛАҚ
Қарабұлақты Қытайға ұқсаттым. Шағын Швейцария десе де болғандай. Сауда нүктесі көше бойлап, бір-біріне жалғасып жатыр. Өндіріс орны – он сотық ауласы. Ауыл тұрғыны жеткізгендей, Қарабұлақта 90-шы жылдары 1000 Камаз көлігі болса, қазір 1000 рефрижератор бар көрінеді. Олар ауылдан көкөніс артып, қайтар жолда ағаш немесе мал әкеледі екен.
Округке сырттан келуші де көп, сауда жасаушы да аз емес. Адамнан басқаның бәрі сөреде самсып тұр. Таңдап, қалағаныңды сатып ал!
Қарабұлақ ауылдық округтің аумағы 10957 гектарды құрайды, 14 мектеп, колледж, 5 денсаулық сақтау орны,1570 шаруа қожалығы, 8003 үй бар, 50416 халық тұрады.
Біз темірді қайта өңдейтін жеке кәсіпкер Атабек Абдиғаниевтың жұмыс орнына келдік. Мұнда 8 адам жұмыс жасайды. 2017 жылы ашылған кәсіпкерлік нысан. Жұмысшылардың орташа жалақысы 150 мың теңге болса, жылдық өндірілген өнім көлемі 50млн теңгеге жеткен.
Атабектің айтуынша, өндірілген өнім Қазақстанның барлық нүктесіне жіберіледі. Станоктың неше атасы қойылған, әрбір қондырғының атқаратын өз шаруасы бар. Ою-өрнек те осы жерде, құрылысқа қажетті темір бұйым да осында.
– Мынау бір зауыт қой. Шағын орынға сыйдырып, содан қаншама бұйым шығарып жатқаны тұтас конвейер дерсің, – деді аудан әкімі Руслан Рүстемов.
ӘМЕТҰЛЫНЫҢ ӘҢГІМЕСІ
Кезінде Сайрам ауданына әкім болып келген Өмірзақ Әметұлы Қарабұлақ ауылына жұмыс сапарымен келіп, жергілікті мектепке бас сұғады. Содан оқушылармен тілдеседі. Біріне сұрақ қойыпты.
– Үлкейгенде кім боласың? Қазір немен айналысасың? – деп.
– Таңертең әкем таңғы бесте ұйқыдан тұрғызады. Алдымен үйдегі 30 сиырдың астын тазалаймын. Шөбін саламын. Сөйтіп таңғы асты ішіп мектепке келемін.
– Түстен кейін ше?
– Сабақтан үйге келген бойда 30 сиырдың суын беріп, астын тағы тазалаймын.
– Кешке не істейсің?
– Малдың кешкі тамағын беріп, ертеңгі сабаққа дайындаламын.
Бұған әкім басын шайқап: «Міне, бала өз болашағын біліп тұр. Әрбір бала осылай болса ғой, шіркін» деген екен.
Сол айтпақшы, Қарабұлақта бала тәрбиесіне ерте мән береді. Еңбектің дәмін ерте татып, өмірдің қиын-қыстауына ерте қамданады.
ҚОШ, ҚАЙНАРБҰЛАҚ!
Мұндағы елді мекен атаулары суға, бұлақ, көлге қатысты келеді. Сол атауды иеленген Қайнарбұлақтың бір шетіне келдік. Жағасы жағалай айдар көл. Білуімізше, балық өсіретін тұқымбақ бар. Осыған қызығушылық танытқан «Ислам» шаруа қожалығының төрағасы Мақсат Жұмаділлаев балық шаруашылығымен айналысушы кәсіпкерге кездесе алмады. Дегенмен алдағы уақытта арнайы келетінін жеткізді.
Осында Қайнарбұлақ ауылдық округінің әкімі Қайрат Балатаев бастап келді, елді мекенде еңселі «Нұршатыр» ЖШС өндірістік жылыжайы бар екен. Бізді таныстырмақ ойда. Шынында, адам таңырқайтындай жылыжай болып шықты. Аумағы 2 гектар болатын құрылғы заманауи технологиямен жұмыс істейді. Голландиямен тығыз байланыста. Жылыжай Айтжан Одаманов жетекшілігінде. Бізге іс барысын Бауыржан Оразалиев таныстырды. Ол нағыз маман, тіпті ғалымға ұқсайды, жұмысына жетік.
– Әрбір литр суда 0,7 мил тұз болуы шарт. Судағы химиялық элементтер сараптамасын анықтап, оны Голландияға жібереміз. Олар нақты дерегін береді. Белгіленген нормадан асып, не жетпей қалса бақшаға кедергі, – дейді.
Қазір қияр өсіріп, оны жинау үстінде екен. Бір топ әйел өнімді қорапқа салып жатыр. Елден тыс жерге тасымалданатыны көрініп тұр.
Бір қызығы, қияр топырақта өсіп тұрған жоқ, минералды мақтаға орналастырылған. Он тамшылатып суарады. Технология автоматты түрде атқарылады. Жылына екі рет егуге мүмкіндік бар. Арасына болгар бұрышы, жеміс орналастыруды да сынақтан өткізіп көрген. Енді екі егілген егістің бір шаршы метрінен 25-28 кілә, жылына 600 тоннадай өнім жинайды.
Жылыжайда қыста жылу жүйесі, жаздағы аптапта желдеткіш қосылады. Осылай ішкі температура бір қалыпты ұсталады.
АРМЫСЫҢ, АЛМА БАҒЫ
Тоған ауылы балық шаруашылығына қатыстылығын атауынан білдіріп тұр. Дәл осы ауылда «Food probuction LTD» ЖШС алма бағы өсіріледі. Ұзыннан-ұзақ бақ көлемі бөлек әлем, шамамен 213 гектарға жуықтайды. Арасында жүзім, басқа да жемістер бар.
Мұның басшысы Ирина Сантетиди екен. Бірақ негізгі жұмысты жерг жерглікті азаматтар атқарады.
Жеміс ағаштары қысқа бойлы, жинауға ыңғайлы. Осынша өнім қайда тасылып, қайда барады деген сауалға олар: «Мұнда кампот, шырын жасалып, консервіленеді» деді.
ТҮЙІН: Біздің бір күн ішінде білген-түйгеніміз осы. Сайрамның серпінді істерінен серпіліп қайтып келеміз. Жолай аудан әкімі Руслан Рүстемов бәріміздің басымызды қосып, ақылдастық жасады.
– Сіздер қандай идея алдыңыздар, не ой түйдіңіздер? Осыдан қандай нәтиже шығарамыз?– деді ол.
– Көргеніміз көп, түйгеніміз де аз емес. Тек өзімізге сәйкес келетінін іске асырсақ.Мысалы қант қызылшасын егуді қолға алсақ деймін. Біздің топырақта ол мол өнім береді, – деді Алмас Нәлібаев.
Мұны жиналғандар толық қолдады.
– Екіншіден, онда мал шаруашылығын қалдықсыз өнімге жеткізген. Тезекті де қажетке жаратып отыр. Жалпы, өнім өңдеу технологиясы жақсы дамыған. Соған жетуге күш салу керек сияқты, -деді Әлібек Нәлібаев.
– «Арай» шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Әсенов 40 гектар жерін тамшылатып суару әдісі арқылы түрлі егіске мән бермекші, – деді Талғат Зейдалиев.
Осындай ұсыныс-тілектер ортаға салынды. Ең үлкен мәселені аудандық әкімдікте өтетін жиында слайд арқылы көптің назарына ұсынылады. Ендігі ойды сол кезде жалғайтын боламыз.
Әзірге, Сайрам сапары сәтті аяқталды.
Қаныбек ӘБДУОВ