№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДҰРЫС ЖОСПАРЛАУ ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ

ДҰРЫС ЖОСПАРЛАУ ТАБЫСҚА БАСТАЙДЫ


Қызылорда облысы ауыл шаруашылығына бейімделген, диқандар елі. Кәсіпкерлікті дамытудың тиімді тұсы да ауыл шаруашылығы саласында. Дала еңбеккерлері жыл сайын егін көлемін артуда. Өнімділік те жоғарылай бастады. Бірақ, Оңтүстік Қазақстан облысына ауылшаруашылығы өнімдеріне тәуелділіктен арыла алмай отырмыз. Ол жақта көкөніс-бақшаны былай қойғанда, лимон, апельсинге дейін өсіріп отыр. Турасын айтқанда, сыртқы нарыққа алақан жайып отырмыз. Қазір картоп Қырғызстаннан, арысы Пәкістаннан тасымалданады. Көкөніс пен жеміс-жидек түрлері Қытайдан келеді. Ал, Қытайдан келген өнімдердің сапалы екені күмәнді. Бірақ, соңы тұтынып отырмыз.
Демек, біз күрішпен шектелмеуіміз керек. Суды аз қажет ететін дақылдарды егуге ден қоятын уақыт жеткені қашан. Ауданда небәрі 83 мың халық тұрады. Соны асырауға қолымыз қысқа. Неге? Жауапты сала осыны ұйымдастыруға дәрменсіз бе? Тұрғындардың егіс егу мәдениетіне неге көңіл бөлінбейді?
Осыны ескерген, аудан әкімі Ғалым Әміреев жаңақорғандықтарды көкөніс және бақша дақылдарын егуге бақыттап отыр. Әрі Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен (ҒЗИ) бірлесе өнімділікті арттыруға уағдаласты. Ол үшін ауылдық округтер жанынан агро-индустриялық аймақтар құрылып, ғылыми институттың ғылыми қолдауымен жұмыс жүргізілмек.
Хош. Әкімнің бастамасы орынды-ақ. Енді тұрғындар бетбұрыстың маңыздылығын түсініп, іске белсенді кіріссе болғаны.
Әйтсе де, ауыл шаруашылығы саласын табысты ету жолын әлі де тереңдете түскен абзал. ҒЗИ ғалымдары Өзбекстан көк (маш) жылда 25 га астам жерге егіп, оны Қытай, Үндістан, Пәкістан нарығына жөнелтетінін айтты. Суды аз қажет ететін дақылдың нарықтағы құны да қымбат. Мәселен, Жаңақорған базарында көктің бір келісі 450-500 теңге тұрады. Демек, күріштен екі есе бағалы.
Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбековтің сөзінше, ауданда жыл сайын 4300-4500 тонна картор өндіріледі. Бұл аудан халқының ішкі қажеттілігіне жетпейді. Кем дегенде 7900 тонна картоп қажет. Енді әкімнің бастамасы ішкі қажеттілікті өтеуді қамтамасыз ететініне сенеміз. Себебі, 2019 жылы ауылшаруашылығы өнімдерін сақтайтын қойма салатынын айтты. Бұл өнімді сақтап, тиімді өткізу жолын шешетін жол...
Рас, бағаны базардың өзі реттейді. Егер тауар құйылып келіп тұрса, бәсекелестік орта сол кезде дамымай ма? Бағаны реттеудің төте жолы осы. Ал, енді жәрмеңке өткізіп, баға 10-15 пайыз арзандады дегенге халық сене бермейді.
Биыл облыста болжам бойынша картоп, көкөніс, бақша егісі 21,9 мың гектарға орналасады дейді. Бұл жеке адамның үй ауласын есептеген мәлімет болар. Өйткені мұнша жердің өнімі аймақ халқын асырайтындай жағдай. Осындай жалған деректердің, қағаз күйінде келтіретін уақыттан өткенбіз. Бұл Елбасы айтқандай, нарық заманы, өзін-өзі қамтамасыз ететін талаптың кезеңі.

Нұр-КЕНЖЕ.
07 сәуір 2018 ж. 1 105 0