№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Дала күні-2021»: жерге дән түсті

«Дала күні-2021»: жерге дән түсті

Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемов Келінтөбе ауылдық округінде өткен көктемгі дән себу рәсіміне қатысты. Агросектор саласындағы маңызды мәселелерді талқылау мақсатында шаруашылық төрағалары «Ислам» шаруа қожалығының егіс даласында бас қосты. Аудан әкімінің орынбасары Оңал Ержанов, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев, Келінтөбе ауылдық округінің әкімі Жақсылық Әбілқайыров, Қожакент ауылдық округінің әкімі Асылбек Айтжанов шаруа қожалықтың озық тәжірибесін көрді.Көктемгі дала жұмысының басында «Түгіскен ТШ» ЖШС төрағасы Нематулла Рүстемов, «ҒӨ Агротехнология» ЖШС төрағасы Керімхан Егізбаев, «Қойлық ата» шаруа қожалығының төрағасы Батыр Сүлейменов және «Тату» шаруа қожалығының төрағасы Ахметжан Иба­дуллаевтың саладағы жұмыстарға куә болды.
– Өнімділікті арттыруда техникаға арқа сүйейтін уақыт келді. Былтыр 2-і лазерлі жер тегістегіш техника, 1 агродрон алдық. Дрон арқылы егістіктің учаскесіне минералды тыңайтқыш пен гербицид беру қажеттілігі анықталып, дәл мөлшерде беруге болады. Біріншіден шығынды азайтуға, екіншіден өнімділікті арттыруда септігі мол. Енді дрон саның көбейту ойда бар. Күріш өнімді болуда жердің тегіс болуы маңызды. Бұл мәселені де заманауи технология арқылы шешіп отырмыз. Енді өнімділік артады деген сенім мол, – деді «Ислам» шаруа қожалығының төрағасы Мақсат Жұмаділлаев.
Шаруашылық төрағасының сөзінше, биыл 180 гектарға күріштің дәнін тастайды. Сондай-ақ 104 гектарға мақсары, 142 гектарға күздік бидай, 30 гектарға бақша дақылын, 30 гектарға сынақ ретінде жүгері егеді. 2020 жылы шаруашылық тәулігіне 60 тонна күріш ақтайтын күріш зауытын іске қосты.
Аудандық ауылшаруашылығы бөлі­мінің басшысы Талғат Зейдалиев агросекторды әртараптандыру бағы­тында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын, оның бір мысалы, биыл күріштің жалпы көлемі 1046 гектарга қысқаратынын атады.
– Бүгінде суды аз талап ететін техникалық дақылдар, бау-бақша өнімдерін өсіруге басымдық берудеміз. Осы мақсатта Аудандағы инновациялық жобаны «Пазылбек қажы» шаруа қожалығы қолға алып, «Акватерра гидрогелі» жаңа технологиясын іске қосқаны өзіңізге белгілі. Әртараптанды­ру бағытында күздік бидай – 1618 гектарға, көкөніс, бақша, картоп – 64 гектарға, жүгері – 25 гектарға, жоңышқа – 500 гектарға артады, – деді сала басшысы.
Сыр өңірі үшін стратегиялық дақыл өз маңызын жоймайды. Сондықтан өңірдің негізгі дақылы – күріштің сапасын, өнімділігін арттыру бағытында инновациялық жобаларды енгізу керек. Аудан басшысы осы жөніндегі ойларын ортаға салып:
– АҚШ, Канада, Жапония, Австралия және т.б. дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық технология ауылшаруашылығы саласының өнім­ділігін арттырды. Яғни цифрлан­дыру жүйесі автоматтандырылған фер­малар құруға жол ашты. Мұндай шаруашылықтар заманауи гео­ақ­па­раттық жүйелер арқылы топы­рақтың құнарлылығын бақылап, агро­техникалық ережелерді ұтымды үйлестіру, ауылшаруашылығына робот технологиясының игілігін пайдалану арқылы зор табысқа жетуде. Әрине, мұның бәрі біздің ауылшаруашылығы саласына алдағы уақытта келеді. Дегенмен қазір өнімділікті арттыру үшін тұқым сорттарын ауыстыру, заманауи техниканың үлесін көбейту, агро техникалық шарттарды уақытылы әрі дұрыс орындау қолдан келеді...
...Әлемде күріштің 2 айдан 6 айға дейін пісетін 12 мың түрі бар. Үндістанның Дели қаласындағы көр­меде осы күріштің барлық түрі қой­ылған. Көрменің ең биігінде Ыбырай Жақаевтың «Қазақ салысы» сорты тұр. Өздеріңіз білетіндей, 1947 жылы дала академигі Ыбырай Жақаев өзіне бекітілген тәжірибе учаскесінің (5 га) әр гектарынан 172 центнерден өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасады. Технология дамыған уақытта табанды еңбектің арқасында өнімділікті арттырып, мол өнім алуға болады. Осы бағытта ізденіп, еңбектену керек, – деп ойын түйді.
Жер-Ананы еміп өскен диқандар үшін қазақтың ұлан-ғайыр даласынан қасиетті ештеңе жоқ шығар, сірә! Әлімсақтан тың жерге түрен салып, топыраққа маңдай тері сіңген шаруалар жердің қадірін бір кісідей-ақ біледі. Сондықтан жерді тоздырмай, ауыспалы егін егуге мән береді. Аудан басшысы осы бағыттағы істерге куә болды.
Ауыл ақсақалдары Сұлтан Нұрханов пен Қалила Тастемірұлы жиылған көпке аталы сөзін айтып, егін өнімді болуына тілектестік білдірді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
27 сәуір 2021 ж. 560 0