№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дрон – агрономдар өнімділікті арттырады

Дрон – агрономдар өнімділікті арттырады


Заманауи технология өнімділікті арттырып, ауыл шаруашылығы саласын түбегейлі өзгертті. Жердің ылғалдылық деңгейін, минералдық құрамын және т.б анықтап отыратын құрылғылар кәдеге жарауда. Салаға цифрландыру келіп, ақылды технология жұмысты оңайлата түсті. Әрине біздің ауданда Еуропаның озық елдері қолданатын технология әлі келе қойған жоқ. Дегенмен соның нышандарын байқауға болады. «Түгіскен» ТШ» ЖШС сондай құрылғыны күрішке орақ салғанда көрген едік. Қашықтан басқарылатын дрондардың артықшылығын серіктестіктің төрағасы Нематулла Рүстемовтен сұрадық

Жапония күріш шаруашылығынсыз-ақ өзіне қажетті дақылды импорттауға қуаты жетеді. Ондағысы ұлттық таным-түсініктен алыстамаудың қамы. Жапондықтар күріштің бейнеті ауыр екенін жақсы біледі. Сондықтан күріш плантацияларында еңбектенуге бара бермейді. Мұны роботтар арқылы шешті. Қазір жапондықтар үшін күрішті роботтар өндіреді.
Ал біздің шаруашылықтар Кеңестік кезеңдегі ескі техникалардан арыла қойған жоқ. Реті келсе, жөндеп, қатар­ға қосып келеді. Ескінің аты ескі. Өнімділікті арттыруда бұл да кедергі. Оның үстіне, ғылыммен байланыс үзілді, инновацияны игілікке икемдеу жағы кемшіл.
Бұл тұрғыда алғанда, «Түгіскен» ТШ» ЖШС жаңашылдыққа жақын.
– Өнімділікті арттыруда техникаға арқа сүйейтін уақыт келді. Үш жыл бұрын Қытайдан ауылшаруашылық жұмыстарын өңдейтін дрон алдық. Құрылғы арқылы егістіктің қай учаскесіне минералды тыңайтқыштар мен гербицид беру қажеттілігін анық­тап, дәл мөлшерде бердік. Бірін­шіден шығынды азайтуға, екіншіден өнімділікті арттыруда септігі мол. Енді дрон саның көбейту ойда бар,  – дейді серіктестік төрағасы.
Үлкен егіс алқаптарын суару, тұқым немесе тыңайтқыштар себу үшін адам күші қажет емес. Мұның барлығын заманауи дрондар атқара алады. Дрон-агрономдар мониториг жасау қызметі таптырмайтын құрылғы.
«Drone» ағылшын тілінен аудар­ғанда - «ұшақ» дегенді білдіреді. Ал­ғаш рет оны 1936 жылы АҚШ теңіз флотының капитаны теңіз ұшақтарына қарсы әскери жаттығу кезінде мобильді нысан ретінде әрекет ететін ұшқышсыз ұшақты яғни дронды қолданған. Жылдан жылға дронның маңызы артуда.
Төрағаның сөзінше, ауыл шаруа­шылығы саласын дамытуда цифрлы технологияны енгізудің маңызы зор. Яғни ақылды суару жүйесін, егіс алқаптарын қашықтықтан бақылауды, танаптағы техниканы онлайн режимде көруді, мобильдік қосымшалар арқылы астық жүктеу жұмыстарын қадағалауды және т.б ақылды техника атқарып жатыр. Мұндай инновациялық технология шаруаның ісін жеңілдетіп, табысты ұлғайтатыны анық.
– Әлем елдерінде ауыл шаруа­шылығын цифрландыру әлдеқашан қол жеткізді. Голландия агросекторы цифрлы техниканың арқасында жылына 100 миллиард доллар өнімді экспортқа шығарады. Әлем елдері ауыл шаруашылығы саласының израильдік жүйесіне қызығып отыр. Израиль ауыл шаруашылық технологияларын әзірлеу және су ресурстарын ұтымды пайдалануда дүниежүзінде көшбасшы елдерінің бірі болып саналады. Азық-түлік тауарларына деген бағаның ұдайы өсуімен байқалатын әлемдегі қазіргі кездегі ахуалды ескере оты­рып, Израиль технологиясын енгізу аграрлық салада орын алған бірқатар проблемалық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді, – дейді Нематулла Рүстемов.
Тұқым шаруашылығы дрондарды егіс алқаптарын бақылап, зиянкес­терден тазарту үшін, минералдық тыңайтқыштарды егіске біркелкі беруге пайдаланып отыр. Мұндай жаңашылдық өнімділікті арттыруда өз септігі бар. Ендігі уақытта жерді тегістейтін лазерлік техника «Maraны» игілікке айналдыруды жоспарлап отыр.
Қысқасы, «Түгіскен» ТШ» ЖШС өнімділікті арттыруда заманауи тех­но­логияны меңгеруді жолға қойды. Мұндай бетбұрысты өзге шаруа­шылықтар да қолданысқа енгіссе, өнімділік артып, мол табысқа жете түсеріміз анық.

Майра ҒАНИЕВА
15 сәуір 2020 ж. 742 0