«ЖЫЛ ДИҚАНЫ»



Биыл аудан әкімінің ауылшаруашылығы бағытындағы жұмыстарды ұтымды ұйымдастыруы мен дала еңбекқорларының ерен еңбектерінің нәтижесінде қамба дәнге толып, өнім ысырапсыз жиналды.
Мұның астарында диқандардың қаншама еңбегі, маңдай тері жатыр десеңізші! Осындай жауапкершілікті мойымай көтергеннің қатарында аққорғандық «Ахметжан» шаруа қожалығы да бар. Ырысты өнім ала алған қожалықтың төрағасы да кезінде шаруа адамы болды. 35 жыл Жер Анадан ырзығын теріп, күріш өсірудің қыр-сырын меңгерген Арын диқаншыны көпшілік тани бермеуі мүмкін. Десе де, көзге көрінбейтін, бірақ нағыз еңбектің қайнарында жүрген шаруа адамы зейнет жасына дейін қырманның қасында, егіннің басында жүріпті. Ауылмен есейіп, ағайынға қашан да жәрдемші бола білді. Бір сөзбен айтқанда, дала жұмысына еңбегі сіңді. Сондықтан, аудандық ауылшаруашылық бөлімі Арын Мұхамеджанұлын үздікке ұсынды.
Арын МҰХАМЕДЖАНОВ,
«Ахметжан» шаруа қожалығының
күрішшісі.
31 желтоқсан 2018 ж. 1 068 0