Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ҚАРА ЖЕРГЕ ДӘН ТҮСТІ

ҚАРА ЖЕРГЕ ДӘН ТҮСТІ

Бүгін Шиелі ауданындағы «Ақмая» шаруа қожалығының егіс алқабында «Дала күні-2019» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, күріш егісіне алғашқы дән себу рәсіміне куә болды.
Шиелі, Жаңақорған ауданының шаруа қожалықтары және облыстағы агрорлық саланың мамандары ауыл шаруашылығы саласын цифризациялау, агродрондардың егіншілікте пайдалануы ерекшеліктері, ауыл шаруашылығының жаңа техникалары мен технологияларын өндіріске енгізу, әртараптандыру бағытында ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында жаңа сорттар енгізу мен ауыл шаруашылығы дақылдарын суландыруда су үнемдеуші технологияларды енгізу мәселелері танысты.
Мәселен, агро-дрон арқылы егінге қажетті миниралдық тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде беруге болады. Сондай-ақ, дистанциялық басқарылатын комбайн мен тракторлар егіс даласына қызмет ете бастады. Яғни, енді ауылшаруашылық техникалары жүргізушісіз өзі жүретін болады.
Семинар – кеңес мәжілісінде агроөнеркәсіп кешені саласының алдында тұрған міндеттері мен облыста атқарылып жатқан жұмыстар және егін егу жұмыстарының басталуына байланысты бір қатар мәселелер талқыланды.
Семинар-кеңес жайлы толық ақпаратты газеттің алдағы нөмірінен оқи аласыздар.
27 сәуір 2019 ж. 1 440 0