Әлеуметтік тұрақтылық – дамудың басым бағыты
Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың ауданға жұмыс сапарында аудандағы коронавирус індетінің алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды бағдарлап, кәсіпкерлік және әлеуметтік нысандарды аралады, тұрғындармен пікір алмасты.
Алдымен Гүлшара Әбдіқалықова «Абдулла» шаруа қожалығының құс фабрикасының орнына барды. Фабрика іске қосылғанда жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы болады. Өндіріс орнының басшысы өз қаражаты есебінен кәсібін бастап, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2,8 млрд теңге қаржы алғанын айтты.
– Қазақстан тауық етімен ішкі нарығының 60 пайызын ғана қамтамасыз етіп отыр. Қалғаны алыс-жақын шет елдерден импортталады. Осы сұранысты қанағаттандыру мақсатында құс фабрикасын іске қосамыз. Мұнда балапанды ашатын инкубатор, жем сақтайтын қойма, тауық соятын пункт және 1200 квадрат метрді құрайтын 12 дана тауық тұрағы қамтылады. Инкубатордан шыққан балапанды 45 күнде етке өткіземіз, фабриканы қазан айында іске қосамыз – деді шаруа қожалықтың төрағасы Әбілхан Тәжімбетов.
– Өте құптарлық бастама. Жаңақорғандық кәсіпкерлер Түркістан облысының үлкен нарығын мейлінше тиімді пайдалануы тиіс. Іске сәт! Кәсіптеріңіз өркендей берсін! – деп тілектестік білдірді облыс әкімі Гүлшара Наушақызы.
Мұнан кейін облыс әкімі Жаңақорған кентіндегі 18 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйді пайдалануға беру рәсіміне қатысты. Жалпы көлемі 1053 шаршы метрді құрайтын тұрғын үй құрылысына бюджеттен 141,8 млн теңге қаржы бөлінді. Аймақ басшысы тұрғындарға пәтер кілттерін табыстап:
– Биыл облыста «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1858 пәтерді құрайтын 99 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Оның ішінде, Жаңақорған ауданында қарқынды құрылыс жүруде. Саяжай аумағында бой көтерген 18 пәтерлі тұрғын үй соның дәлелі. Бүгін 18 отбасы баспанаға ие болып, қоныс тойын тойламақ. Құрметті жерлестер, Рамазан айында жаңа баспаналарыңызға береке орнасын! Қуаныштарыңыз көбейе берсін! – деп қуаныштарына ортақтасты.
Пәтерге ие болған тұрғындар арасында өзге ұлт өкілдері, көп балалы аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар болды. Облыс әкімі баспаналы болып, қуанышқа кенелген Кенжегүл Шайхаттарованың шаңырағына бас сұғып, бақ-береке тіледі.
Өз кезегінде қуанышқа кеңелген Кенжегүл Батталқызы:
– Облыс әкімінің қолынан көптен күткен пәтердің кілтін алдым. Қуанышымда шек жоқ! Алла істеріңізге береке берсін! – деді.
Облыс әкімі бастаған делегация аудандағы індетпен күрес барысын көру үшін аудандық емхана жұмысымен танысты. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетететін емханада 150 төсектік күндізгі стационар, үйге шақыру қызметі жолға қойылған.
Гүлшара Әбдіқалықова ауданның екпе салдыру мәселесіне ерекше мән берді. Тұрғындарға екпе егу үшін емханада 2 егу бөлмесі, егуге дейін 3 зал, егуден кейін 1 зал және 3 дәрігер бөлмесімен жабдықталған. Өңір басшысы індеттен сақтанудың басты жолы вакцинаны салдыру екенін жан-жақты түсіндіріп, екпе жүргізуге қажетті шараларды кезең-кезеңімен іске асыру қажет екенін атап өтті.
– 2021 жылдың 22 сәуірінде аудан бойынша 102 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде, 69-ы үй жағдайында бақылауда. Аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде 31 науқас, облыстық жұқпалы аурулар бөлімінде 2 науқас ем алуда. Індет күшейген жағдайда қосымша 200 төсек орын дайындалған. Бүгінде ауруханада 18 өкпені жасанды желдеткіш аппараты, 54 концентратор, 51 оттегі баллоны бар. Жалпы коронавирусты жеңуде ұжымдық иммунитетті қалыптастыру маңызды. Ауданға COVID-19 қарсы вакцинаның 1200 дана дозасы келсе, оның 1170-ын тұрғындар қабылдады. Екпе салғанның 577-і медицина қызметкері, 374-і ұстаз, 120-ы құқық қорғау саласының мамандары, 61-і мемлекеттік қызметкер, 38- әр саладан келген адамдар. Жыл соңына дейін 5249 адамды вакциналауды жоспарлап отырмыз, – деді ауданның бас дәрігері Яхия Шорабаев.
Облыс басшысының сапары Кейден ауылдық округінде жалғасты. Онда Жаңақорған кенті, Кейден, Сүттіқұдық, Қожамберді ауылы, Жашы көлі, Боз көлі, Ала көл, Нар соққан, Қандыарал көлдер жүйесін суландыруда 1,5 шақырымдық ескі каналды қазу мәселесі қаралды.
Сырдария өзенінің су азайған шілде, тамыз айларында Кейден ауылындағы құдықтардың суы тартылады. Мұның экологиялық ахуалға тигізер кері әсері зор. Сондықтан Кейден ауылдық округіне қарасты Тайпақкөл каналының сағасын Сырдария өзенінің Шоқтал тұсынан қазу ұсынылып отыр. Бұл бірқатар елді мекендер мен Тайпақкөл және Қандыарал көлдер жүйесіне аяқ су жеткізуге мүмкіндік береді, – деп жобаның маңызын түсіндірді «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалы директоры Хамит Бейімбетов.
Одан кейін аймақ басшысы Машбек Нәлібаев ауылдық округіндегі №196 мектептің ауласында ауыл тұрғындарымен кездесіп, пікірлесті. Ауыл ақсақалдарының мәселелерін тыңдады. Қоғамдастық төрағасы Әлімхан Құрманбековтың сөзінше, елді мекенде Еңбек ардагері Машбек Нәлібаевты еске алуға арналған халықаралық турнир жылда өтеді. Оған Моңғолия, Ресей, Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан және т.б елдерден спортшылар келіп қатысады. Бірақ халықаралық жарысты өткізетін спорт кешеннің жоқтығы сезіледі. Екіншісі, ауылға келетін бір ғана жол өтетін көпірдің ахуалы нашар. Осыны жөндеу де маңызды екені айтылды.
– Жаңақорған ауданы бойынша 11 спорт кешені мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерді. Оның 5-і пайдалануға берілді. Қалғанын іске қосуға жұмыс істейміз. Осы бағытта спорт кешенін салуға көмектесуге болады, – деп жауап берді Гүлшара Наушақызы.
Екінші сұраққа байланысты аудан әкімі Руслан Рүстемұлы былай жауап қатты: «Биыл Екпінді ауылдық округіне баратын жолдың көпірін жөндеу жұмыстары қолға алынады. Одан кейінгі кезектілікке жұмыстың өзектілігі мен маңызына қарай қоятын боламыз».
Одан кейін «Талап Сырдария» топтық су қоймасының жұмысымен танысты. «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалының төрағасы Алтынбек Есенов жобаның маңызын былай түсіндірді: «Талап-Сырдария» топтық су құбырымен Жаңақорған ауданындағы 28 елді мекендегі 40 мыңға жуық тұрғын ауыз сумен қамтылады. Жоба бойынша Қаратаудың етегінде қоныстанған Бесарық, Манап, Қосүйеңкі, Бірлік, Кеңес, Құттықожа, Шалқия кенті, темір жол бойындағы Бесарық бекеті мен Кейден ауылына дейінгі бекеттер, сондай-ақ, Сыр беткейдегі Көктөбе мен Байкенже ауылдық округіне дейінгі елді мекен тұрғындары таза ауыз суды тұтынуы тиіс. Бүгінде бас тоғанда 530-550 метр тереңдікте 8 дана су ұңғымасы бұрғыланды, сыйымдылығы 500 метр куб құрайтын 2 дана су қоймасы, қызмет көрсетуші персоналға арналған 2 дана тұрғын үй бой көтерді. Сырдария өзенінің астынан төрт құбыр өткізіліп, Көктөбе, Қандөз, Қаратөбе, Келінтөбе, Аққорған, Қожакент, Өзгент, М.Нәлібаев, Жаңарық, Қыркеңсе, Байкенже ауылдық округінің тұрғындары тәулігінде бір-екі сағаттан су ішіп отыр. Ал тау беткейдегі елді мекендерге ауыз су әлі барған жоқ. Толық қуатта су беру үшін қосымша 5 ұнғыма қазу керек. Сонда ғана ауыз сумен қамту толық деңгейде жетеді».
Әкім Жаңақорған кентіндегі «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің әк зауытына да арнайы барды. Кәсіпорын басшысы Марлен Ысқақов әк зауытымен таныстырды.
– Зауыт қысы-жазы өнім өндіреді. Ал, жылдық қуаты 75 мың тонна өнім, күніне 180 тонна әктас өндіреді. Бүгінде 8 пешке сағатына 1500 куб көгілдір отын жұмсалады. Егер тағы 1500 куб газ алуға мүмкіндік болса, күніне 360 тонна әк өндіруге мүмкіндік болады, – деп мәселесін ұсынды өндіріс басшысы.
– Қанша адамды жұмыспен қамтып отырсыз? Жалақысы қанша? Әк өніміне сұраныс қалай? – деді әкім.
– 90 адамды. Орташа жалақысы 180-190 мың теңгені құрайды. Әкке сұраныс өте жоғары. Оның басты себебі, Қаратау тауының тасы өте сапалы өнім береді, – деп жауап қатты.
Жаңақорған ауданындағы жұмыс сапарын аймақ басшысы Жайылма ауылдық округіндегі егіс алаңында қорытындылады. Жалпы аумағы 500 гектар егіс алқабында 13 шаруа қожалығы жұмыс жүргізіп, бақша дақылдарын егеді. Гүлшара Әбдіқалықова «Өтеш» шаруа қожалығына барды. Диқандар полиэтилен пленка астына жылыжайда дайындалған қарбыздың көшетін отырғызуда екен.
– Биыл жылдағыдан 20 күн кешігіп дала жұмысына кірістік. Наурыз айының басында жылыжайға қарбыздың дәнін тастадық. Енді 2 гектар жерге отырғызу жоспарда бар. 70 күнде қарбызды нарыққа шығарамыз, – шаруашылық төрағасы Асылжан Жапеков.
Ал, аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев көктемгі дала жұмыстарымен таныстырды.
Сала басшысының сөзінше, өткен жылмен салыстырғанда әртараптандыру бағытында күздік бидай – 1618 гектарға, көкөніс, бақша, картоп – 64 гектарға, жүгері – 25 гектарға, жоңышқа – 500 гектарға артса, күріштің көлемі 1046 гектарға қысқарады. Аудандағы инновациялық жобаны «Пазылбек қажы» шаруа қожалығы қолға алып, «Акватерра гидрогелі» жаңа технологиясын іске қосты. Жайылма ауылының диқандары ескі тәсіл – кәріз жүйесі арқылы суды үнемдеуді қолға алады.
Жаңақорған ауданындағы жұмыстарды саралаған облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова аудан әкімі Руслан Рүстемовке әлеуметтік тұрақтылық – дамудың басым бағыты екенін ескертіп, коронавирустық инфекцияны төмендету бағытындағы шараларды қарқынды жүргізуді, көктемгі егіс науқанында мол өнім алу үшін қажетті шараларды қабылдауды, кәсіпкерді қолдауда жүйелі жұмыстар атқаруды тапсырды.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ