№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қуатты өндіріс – қуатты Қазақстан

Қуатты өндіріс – қуатты Қазақстан

Аудан әкімінің баяндамасы бойынша, өндіріс саласында серпінді істер жеткілікті. Мәселен, индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дар­ламасы аясында Республикалық индустрияландыру картасына 1 жоба, өңірлік индустрияландыру картасына 1 жоба енді.
Атап айтқанда, Республикалық индустрияландыру картасына енген «Қызылорда AGROPlus» ЖШС-нің жыл­дық қуаты 24000 тонна томат пастасын өндіру болса, жоба құны 8877 млн. теңге. Бүгінгі таңда 2995 гектар жер Бесарық өңірінен рәсімделіп алынды. Жалпы жұмыс орны 150 адам. Іске асыру уақыты 2021-2022 жылдары.
Өңірлік индустрияландыру картасына енген «Майнинг Консалт Ко» ЖШС-нің полиметалл кендерін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатын салу» жобасының жылдық қуаты 1200 мың тонна кен өндіру. Ашылатын жұмыс орны 1200 адам және жобаның жалпы құны 53 млрд 491 млн теңге.
Бұдан басқа, өткен жылы 3 инвестициялық жоба іске асырылды. Биылғы жылы 2 жоба іске асырылады. Біріншісі, «Қуат Әк» ЖШС-нің жылдық қуаты 20 мың тонна әк шығаратын зауыттың жобасы. Жобаның жалпы құны – 100 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны 15 адам. Бұл жоба 2019 жылы іске асырылды. Екіншісі, «Мелиоратор» ЖШС-нің Гиперпрессиялау әдісімен бұйымдарды өндіру зауытының жобасы. Жылдық қуаты 250 мың шаршы метр тротуарлық плитка, 1,7 млн дана бордюр шығару. Ашылатын жұмыс орны 20 адам. Жобаның жалпы құны – 280 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы іске асырылды. Үшіншісі, «Мелиоратор» ЖШС-нің темір-бетонды құбыр бұйымдарын шығаратын зауыттың жобасы. Жылдық қуаты 18 мың дана құбыр шығару. Ашылатын жұмыс орны 26 адам. Жобаның жалпы құны – 435 млн теңге. Бұл жоба 2020 жылы іске асырылды. Төртіншісі, жобалық құны850 млн. теңге болатын «Орда-Сығанақ» ЖШС-нің  шипажайы іске қосылып, 60 адам жұмыспен қамтылды.
2021 жылы іске асатын жобалар да бар. Соның бірі – «Қуат керамзит» ЖШС-нің керамзит құрылыс материалдарынан кірпіш және блок шығару жобасы. Оның жылдық қуаты 3 млн дана блок шығарады. 20 адамды жұмыспен қамтиды.
Екіншісі, «Абдулла» шаруа қожа­лығының тауық етін өндіру жобасы. Жылдық қуаты 3,5 мың тонна. Жоба құны 3,3 млрд. теңгені құрайды. Жоба толық іске қосылған уақытта облыс көлеміндегі құс етін тұтынудың 33,3 пайызын қамтамасыз ететін болады.
Төменарық ауылы тұсындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық жолы бойында «Жан-Арай» ЖШС-нің В санатындағы қызмет көрсету кешенінің құрылысы жүруде. Жоба 2021 жылы іске қосылады. Жоба құны – 700 млн. теңге. Жобада 300 орындық тойхана, 30 орындық кіші кафе, 50 орындық асхана, 20 нөмірлі қонақ үй қарастырылған.
06 ақпан 2021 ж. 681 0