№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құс еті өзімізде өндіріледі

Құс еті өзімізде өндіріледі


Облыстық газет, телеарналар мен сайт және өңірлік коммуникациядан келген Сыр журналистері «Өндіріс өлшемі» тақырыбында ұйымдастырылған пресс-тур аясында Жаңақорғанға арнайы ат басын бұрды. Бұл Руслан Рүстемұлының ауданға әкім болып келгендегі төртінші рет өткізіліп жатқан пресс-туры. Аймақ тілшілерінің ауданға келудегі негізгі мақсаты төрт бағытты қамтыды.


Жыл сайын Жаңақорғанда кәсіпкерлік саласы кең етек алуда. Шағын және орта бизнестің дамуы көңіл қуантарлық. Әсіресе, аграрлы саланың серпіні жақсы. Соның бір дәлелі, кент аумағынан іргетасы қаланып жатқан ет бағытындағы құс фабрикасы. Сыр қаламгерлері алдымен «Абдулла» шаруа қожалығындағы құрылысы басталған құс фабрикасымен танысты.
Белгіленген уақытта құрылыс алаңына келген бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне жаңа жоба туралы аудан басшысы Руслан Рүстемов таныстырды.
– Жоба қыркүйек айында беріледі деген жоспарымыз бар. Жылына 3,5 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы облыс халқы тұтынатын құс етінің 33 процентін қамтамасыз ететін болады. Қаралған қаржы 4 млрд теңге. Оның 2,8 млрд теңгесі «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан, жақын арада қаржы мәселесі шешіледі деп жоспарланған Ал, 1,2 млрд теңгесі өз қаражаты есебінен. Жоба толық күшіне енгенде 120 - 150 азамат жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Қазіргі таңда 20 гектар жер телімі тегістеліп қажетті инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілуде, сонымен қатар осы құс фабрикаға қажетті азық дайындау үшін 2020 жылы 1000 гектар жер телімі бөлінген, – деді.
– Жергілікті тұрғындардың талабы ескерілді ме? – деген сауал қаламгерлер қауымынан қойылды.
– Әрине, әлеуметтік желіде тікелей эфирде сұрақ-жауап болды. Ветриеология саласы желдің бағытына байланысты, экологиялық әсері қалай болатынын есептеді. Фабрика басшылығы ауа ластануы немесе қалдық болмайды деп уәде берді, өйткені жаңа технология тиімділігін көрсетеді. Неміс технологиясын арнайы алдырып, елге алғашқылардың бірі болып әкелуде. Екінші жағынан, құстың жүні, аяғы мен ішкі құрылысына да келісім-шартқа отыратын меекемелер мен шаруашылықтар көбейді. Сондықтан бұл жоба өндіпіске енсе онда аудан экономикасына өте тиімді бизнес түрі болатыны анық, – деп жауап берген аудан әкімінің сөзін жалғаған «Абдулла» шаруа қожалығының өкілі Ерлан Пирманбетов:
– Әзірге жобамыз ет бағытында болады. Бірақ алдағы уақытта жұмыртқа бағытын қолға алу ойда бар. Шыны керек, неміс технологиясының мүмкіндігі мол, біз оны әбден зерделеп, тиімділігін тексеріп көрдік. Содан кейін барып, тапсырыс бердік, бұйырса шілде айының соңына дейін елге жеткізілетін болады. Жалпы өндіріске қажетті техникалар сәуір айының соңына дейін жеткізіледі. Әзірге құрылыс алаңында 20 аудан тұрғыны жұмыс жасауда.
– Құстарды өсіру жолына тоқталсаңыз, – деді тілшілер.
– Инкубатормен ашылған бройллер бала­пандары 45 күннен кейін союға жіберіледі. Яғни, өнім осы уақыт аралығында дайын болады деген сөз. Ал жеміне жергілікті шаруалармен келісім-шартқа отырудамыз. Біздегі тағы бір ерекшелік, құстарды біз торға қамап, бір орнында тапжылтпай бақпаймыз. Ұя ішінде, жерге жайылып жүреді, құнарды, өздеріне керек асты жерден теріп жеген кез келген құс, тауық болсын, тез ет алады, әрі еті де құнарлы болады, – деді инвестор.
Біздің бір байқағанымыз, зауыт ашылмай тұрып, басшылыққа елдің өндіріс орындары былай тұрсын, шетелдіктер, оның ішінде қырғыз елінен тауық жүніне ұсыныс келіп түсуде. Зауыт басшылығы алдымен өңір халқын өніммен қамтамасыз етіп алғаннан соң, өндіріс орнын кеңейтіп, экспортқа шығуды да жоспарлап отыр.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ

30 наурыз 2021 ж. 546 0