№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жетістіктер жылнамасы

Жетістіктер жылнамасы


Бүгін, Жаңақорған ауданы әкімі Руслан Рүстемов қоғамдастық кеңес алдында ауданның 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму барысын баяндап, кеңес мүшелерінің әр бағыттағы сауалдарына жауап берді.

Жасыратыны жоқ, Жаңақорған ауданында атқарылып жатқан және биылғы бағдар бойынша атқарылатын шаруа жеткілікті. Жемісі де жоқ емес. Пандемия кезінде кедергі келтірген мәселелердің бүгінде орны толып, озық дәстүр қайта жалғанды.
Айталық, 2020 жылы аудан бюджетінің кірісі 24,3 млрд теңгені құрап, 101,9 пайызға орындалды. Ал, болжалды жоспар 23,9 млрд. теңге еді.
Өнеркәсіп саласында әртүрлі фракциялы қиыршық тас өндірумен 10-ға тарта кәсіпорын жұмыс жасайды.
Жалпы, өңірдегі кәсіпкерлер саны 5236-ға жетті. Оның 4970-і белсенді кәсіпкерлік нысаны. Мұнда жұмыспен қамтылғандар саны 7300 адамға жетіп, олардың қатысуымен 9,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Негізгі капиталға салынған инвестиция 26,9 млрд. теңгені құрап, ол 105,9 пайызға орындалды.
Өткен жылы 3 инвестициялық жоба іске асырылды. Биылғы жылы 2 жоба іске асырылады. Атап айтқанда, «Қуат Әк» ЖШС-нің жылдық қуаты 20 мың тонна әк шығаратын зауыттың жобасы жүзеге асырды. Жобаның жалпы құны 100 млн теңге. Ашылатын жұмыс орны 15 адам.
Екіншісі, «Мелиоратор» ЖШС-нің гиперпрессиялау әдісімен бұйымдарды өндіру зауытының жобасы еді. Мұның да межесі орындалып отыр. Қазір жылдық қуаты – 250 мың шаршы метр тротуарлық плитка, 1,7 млн дана бордюр шығару. Ашылған жұмыс орны 20 адам.
Үшіншісі, «Мелиоратор» ЖШС-нің темір-бетонды құбыр бұйымдарын шығаратын зауыттың жобасы 2020 жылы іске асырылды. Жылдық қуаты – 18 мың дана құбыр шығару. Ашылған жұмыс орны 26 адам.
Биыл, яғни 2021 жылы жүзеге асатын жобаның бірі – «Қуат керамзит» ЖШС-нің керамзит құрылыс материалдарынан кірпіш және блок шығару жобасы болып тұр. Оның жылдық қуаты 3 млн дана блок шығару. Сондай-ақ «Абдулла» шаруа қожалығы тауық етін өндіру жобасын қолға алуда. Фабриканың жылдық қуаты – 3,5 мың тонна. Жалпы құны 3,3 млрд. теңгені құрайды. Жоба толық іске қосылған уақытта облыс көлеміндегі құс етін тұтынудың 33,3 пайызын қамтамасыз ететін болады.

Қаныбек АБДУОВ
22 қаңтар 2021 ж. 502 0