№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Темірге тіл бітірген темірші

Темірге тіл бітірген темірші


Иә, темірге де тіл бітіруге болады. Оны Нұрәлі Амановтың шеберханасынан көрдік. 15 жылдан бері жаңақорғандықтарға темір қақпа мен есік және т.б. тұрмыстық бұйымдар жасап жүрген кәсіпкердің жұмысы жүйелі.
– Темір қақпаларға сұраныс жақсы. Егер қақпаға түрлі ою-өрнек ойып, дизайнерлік келбетін келістіре алсаңыз қыруар қаржы көзі болып табылады. Жалпы, тапсырыс берушілердің көңілінен шығу үшін ізденіс үстінде боламыз, – деп сөз бастады дәнекерлеуші.
Ұстаның жұмысына жәрдемдесіп, қолын ұзартып жүрген інісі Өскенәлі Аманов: – Өмірде ағам болса, жұмыста білікті ұста. Оның қолынан келмейтін дүние жоқ. Жаңақорғанда есік-қақпа жасайтын ең мықты ұстаның бірі, – деді жас шебер.
Айта өтуіміз керек, Нұрәлі Аманов 35 жасқа енді ғана аяқ басса да, қатарластарына қарағанда пайым-парасаты биік. №125 мектепті бітіргеннен кейін Шымкент агротехникалық колледжінде дәнекерлеу мамандығы бойынша білім алады. Одан кейін, әскерде азаматтық борышын өтейді. 2004-2010 жылы ішкі істер бөлімінде қызмет етеді. Еңбекқор жан қызметте жүріп те қосымша табыс көзі ретінде дәнекерлеумен айналысып, қосымша табыс табады. Қоғамда темірден жасалатын заттарға сұраныс жоғары екенін біліп, біржолата кәсіпкерлікке бет бұрады. Бүгінде оның шағын цехында кент тұрғындары қажетті қақпалар мен темір есіктер жасалады.
Шеберханада тапсырыс беруші Айдар Нұрханов: «Нұрекеңнің шеберлігін ел мойындады. Оның қолынан шыққан дүние сапалы, әрі қолжетімді», – деді.
Шебердің қолынан шыққан қақпаның өрнегіне көзім түсті. Қазақы нақышпен өрнектелген қақпа ұлттық рухта безендірілген екен.
Менің ойымды үнсіз ұққан ұста: «Өзім қазақылықты ұнатамын. Салт-дәстүрді құрметтеймін. Сондықтан үнемі қазақтың ою-өрнегін, қара шаңырағын әрлеу жұмысына қосамын. Бізге агро-колледжден жыл сайын шәкірттер келіп, шеберлік сынып өткізеді. Жуырда 10 студент келіп, дәнекерлеуден тәжірибесін арттырып, кәсіпке деген қызығушылығын білдірді. Әине, біз мұндай жастарды қолдаймыз», – деді.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев 2018 жылды «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялап, шағын және орта бизнесті дамытуға 3 млрд. теңге қарастырып отыр. Әрине, Мемлекет басшысының Жолдауынан бағыт алған бағдарлама кәсіпкерлік саласына серпін беретіні белгілі. Осындай игілікті істен Нұрәлі Аманов сынды ынталы кәсіпкерлерде еншісін алуды тиісті сала басшылары тиімді үйлестірсе, ауданда кәсіпкерліктің қарқыны үдей түсетіні ақиқат...

Мақпал МАРҚАБАЙ.
10 сәуір 2018 ж. 1 878 0