Бердібек Машбекұлы
Бердібек Машбекұлы Сапарбаев 1953 жылы 9 ақпанда Жаңақорған ауданы Бесарық селосында туған.
Орта мектепті бітіргеннен кейін ол еңбек жолын 1969 жылы Жаңақорған ауданындағы «Задария» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1971-1973 жылдары әскери борышын Германияда өтеді. 1977 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірді.
Ол 1977-1978 жылдары Қазақ ССР Қаржы министрлігінде алғашында экономист, кейіннен бас экономист, бөлім бастығының орынбасары қызметінде болды. 1988-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Басқарма бастығы, министрдің орынбасары болды. 1994 жылдың қаңтарынан тамызына дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің әлеуметтік және еңбек қорғау, қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, т.с.с. бірнеше лауазымдықызметтер атқарған. Қазір Ақтөбе облысының әкімі қызметінде.
Б.Машбекұлы экономика ғылымдарының кандидаты, үш тілді жетік меңгерген. 1988 жылы Қызылорда облысының өмірін бейнелейтін «Сыр елі» атты кітабы жарық көрген.
«Жаңарған Жаңақорған» кітабынан.
Пікір 2