№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордалық жас ғалымдар құлтемір құрастырып шықты

Қызылордалық жас ғалымдар құлтемір құрастырып шықты


Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің жас ғалымдары робот ит құрастырды.

Инновациялық технологиялық жоба қоғамдық қауіпсіздік мақсатында қолға алынған. Жалпы Сыр өңірінде биыл роботтық техника мен IT мамандарын даярлауға ерекше маңыз беріліп отыр. Олардың алғашқы легі Татарстанның Иннополис институтында облыс әкімдігінің гранты негізінде білім алмақ.
Төрт аяғын тең басқан робот елімізде алғаш рет құрастырылып отыр. Көбіне мұндай құлтемірлер дөңгелек арқылы сырғиды екен. Жас ғалымдар бұл дүниесін «Ақтөс» деп атапты. Әзірге робот итке тән қимылдарды жасай алады. Енді арнайы оның иісті, жарықты, дыбысты, температура мен адамдардың түр-келбетін ажырату секілді мүмкіндіктерін арттыру көзделіп отыр.
Сәбит Ибадулла, есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер кафедрасының меңгерушісі:
– Бұл жерде біз студентке роботтың не екенін, қайдан шыққанын, қалай жасалатынын барлығын үтір-нүктесіне дейін көрсеттік. Бұл жерде 3D принтерді келістіре отырып, бірге жұмыс жасап, Ақтөс роботын жасап шығардық.
Мұнан өзге университет ізденушілері «смарт мұражай» бағытында да ізденіс үстінде. Ол үшін оқу орнында барлық жағдай жасалып отыр. Қазақстандық робототехника федерациясымен де байланыс орнатқан. Сондай-ақ оқу орны жанынан компьютерлік желілерді жобалау, құру, қорғау бағытында білім беретін бүкіләлемдік академияның өкілдігі ашылды. Болашақ IT мамандарды шетелдің оқу орындарында оқытуға да басымдық беріліп отыр.
Бағдат Камбозов, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:
– Алдағы уақытты негізгі бағыттардың бірі болып, осы мектеп бітірушілерімізді IT мамандардықтарына бағыттау болып саналады. Өз кезегінде осы ағымдағы жылдың қаңтар айында Татарстан Республикасының Иннополис институтында 20 маманды дайындауға келісім жасалып отыр.
Жалпы бүгінде өңірге қажетті мамандықтар бойынша 452 қызылордалық түлек Ресей Федерациясының гранты негізінде білім алуда. Олар алдағы уақытта Сыр өңірінде іске қосылатын шыны зауыты мен Шалқия кеніші секілді өндіріс орындарында қызмет істейді.
Айта кетейік, өткен жылы мектеп бітірген өңір түлектерінің 97 пайызы оқу орындарына түскен. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша Қызылорда облысы ел өңірлері арасында 5 орынға көтерілді.
13 ақпан 2018 ж. 1 125 0