№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЕНАТОРЛАР САПАРЫ: ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫН ТҮСІНДІРДІ

СЕНАТОРЛАР САПАРЫ: ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫН ТҮСІНДІРДІ


Парламент Сенатының депутаты Бекмырза Еламанов пен Мұрат Бақтиярұлы ауданының активімен және тұрғындарымен кездесті. Жүздесу барысында Мемлекет басшысының «Төртінші революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдау мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуінің басым міндеттері талқылады.
Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдірді. Сонымен қатар, сенаторлар тұрғындар әлеуетін арттыруда Заң нормаларына қандай өзгерістер енгізу тиімді. Осы және өзге де мәселелер бойынша жауап берді.
Кездесуде модераторлық еткен аудан әкімі Ғалым Әміреев алдымен кәсіпкерлік қолдау және дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Әрі мемлекеттік-жекеменшік әріптестігі аясында бірнеше әлеуметтік нысан бой көтеретінін хабардар етті.
Ал, сенатор Бекмырза Қайыпұлы елдің әлеуетін арттыратын Президент Үндеуіне жіті тоқталды.
– Президенттің бес бастамасы ел болашағы үшін берері мол. Мәселен, баспана мәселесі, әсіресе, жас отбасылар үшін өзекті. Бұл мәселе рет-ретімен шешіліп келеді. Қызылорда да құрылысы қарқынды жүріп жатқан тұрғын үйлерге қолжетімділік бар. Сондай-ақ, жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесінің төмендеуі, жоғары білім алудағы қолжетімділік пен шағын несие беруді көбейту – тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жолы. Газ мәселесі де өте ауқымды жоба. Қызылорда бойынша 2021 жылы газбен қамтамасыз ету 70 пайызға жетуі мүмкін, – деді халық қалаулысы.
Түсіндірме жұмысын нақты деректермен бастаған Мұрат Бақтиярұлы Мемлекет басшысының Үндеуінің әрбір бастамасы аясында атқарылатын жұмыстарды тізбектеді. Оның ішінде, төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейтуді» кеңірек түсіндіріп берді. Яғни, бастама аясында ауылшаруашылық саласында жүзеге асып жатқан жаңа жобаларды таныстырды. Сондай-ақ, жұмыссыздық, жер игеру мен субсидия мәселесі бойынша халық қалаулылары алдағы уақытта бірлесе еңбек етуге шақырды.
Жиын соңы сұрақ-жауаппен ұласты. Кәсіпкерлерді алаңдататыны иелігіндегі жеке меншікке шығарылған жерлердің жай-күйі. Себебі, депутат жайылымдық жерлер мен суармалы егістік алқаптарын жеке меншікке емес, Заң жүзінде жалға берілуі тиіс екенін тілге тиек етті. Әсіресе, оңтүстік аймақтардың құнарлы жерлері мемлекет бақылауында тұруы керек екен. Екінші мәселе, субсидия алу жолы. Заң жүйесіне түзетулер енгізілуіне байланысты енді егістік көлеміне емес, егіннің өнімділігіне берілетін болады.
Түйіндей айтқанда, Елбасының әрбір бастамасы бәсекеге қабілеттілікті арттырып, өркендеудің өрісін кеңейтеді. Сондықтан, сенаторлар бастамаларға жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
03 сәуір 2018 ж. 1 458 0