№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: өркендеу – бәсекеге қабілеттілікте

БЕТБҰРЫСТАР ДАМУҒА БАСТАДЫ: өркендеу – бәсекеге қабілеттілікте


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев мінбеге көтеріліп, Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы басымдықтардың маңызын түсіндірді.
– Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары тұрғындар отбасы-ошаққасы төңірегіндегі әңгімелерді арқау ететін. Қазір тұрғындар мемлекеттік мәселесін талқылап, берекені арттыруда бірліктің маңызына тоқталады. Әрине, мұның бәрін елдің әлеуметтік-экономикалық деңгейінің өсуімен байланыстыруға болады.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстанға мемлекеттік сапарымен барғанында Шавкат Мирзияев ширек ғасырда Орта Азияға келген инвестицияның 85 пайызы Қазақстанға бағытталғанын айтқан еді. Бұған елдегі тыныштық пен тұрақтылықтың нәтижесінде жеттік.
Мемлекет басшысы Жолдауында төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында өркендеудің жолын көрсетті. Яғни, экономиканы цифрландыру, адам капиталын дамыту, индустрияландыруда жаңа технологияларды енгізу, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуді міндеттеді. Осы жұмыстарды сапалы әрі тиімді жүзеге асыру арқылы дамудың жаңа жолын табамыз, – деді облыс басшысы.
Бүгінде Қызылорда облысы – қарқынды дамып келе жатқан, ішкі потенциялы мол, перспективалы аймаққа айналды. Яғни, экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлік саласының көкжиегін кеңейту, өндірісте заманауи технологияны енгізу, ауылшаруашылығы саласын ғылымға негіздеу және т.б жұмыстар жемісін берді. Енді Сыр өңірі қарқынын үдете түсуі үшін не істеу қажет? Қырымбек Елеуұлы осы сұрақтарға жауап берді.
– Бұрында Қызылорда көш соңындағы аймақ ретінде бағаланатын. Қазір экономикалық әлеуеті зор өңірге айналуда жұмыстар атқарылып жатыр. Бірақ, өтпелі кезеңде сандық технологияның игілігін дұрыс қолдана алсақ, біз көшбасшы облысқа айналамыз. Ендеше, қызмет көрсетудің барлық саласын цифрландыру міндеті тұр, – деді өңір басшысы.
Облыс әкімі соңғы бес жылда дамудың динамикасына тоқталды. Мәселен, кәсіпкерлік саласын қолдау 6 пайызға өсіп, шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасалды. Ауылшаруашылығы саласында да зор табыстарға жеттік. Яғни, ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттау 42 пайызға, күрішті экспорттау 45 пайызға жетті. Төрт түліктің ең көп болған кезеңі 1993 жылдан 43 пайызға асты. Қазір Сыр бойы буферлік аймақтан шығып, төрт түліктің етін эскпортқа шығаруға мүмкіндік алды. Cоңғы бес жылда Қызылорда қаласында 14 шағын аудан бой түзеді. Яғни, құрылыс көлемі 3,5 есеге, облыс орталығында 8 есеге артты. Мұның сыртында қаншама әлеуметтік нысандар соғылды. Соның арқасында, аймақта апатты жағдайдағы және үш ауысымдық білім ордалары жойылды. Медициналық нысандар салынды.
– Биылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару – мемлекеттегі белгілі бір әкімшілік-аумақтық бөлік тұрғындарының және оның сайланбалы органдарының жергілікті істерді басқару жөніндегі дербес қызметі басталады. Яғни, 2000 астам тұрғыны бар ауылдық округтерде дербес бюджет беріледі. Бұл мүмкіншілік ғана емес, үлкен жауапкершілік. Бірақ, ауылдық жерлердегі есепшілердің сауаттылық деңгейі төмендігінен қатерлер туындауы мүмкін. Сондықтан, аудан әкімдігі мамандарды қайта даярлау жұмыстарына мән беруі тиіс, – деп ауыл әкімдерін жауапкершілікке шақырды басшы.
27 қаңтар 2018 ж. 1 252 0