№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰЛТ ӘЛЕУЕТІНІҢ ҰСТЫНЫ

ҰЛТ ӘЛЕУЕТІНІҢ ҰСТЫНЫ


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «президенттің Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуіне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында идеологиялық актив отырысы өтті.
Актив отырысында аудан әкімі Ғ.Әміреев «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» әлеуметтің әлеуетін арттыратын ұтымды бағдарлама екендігін айтты. Әрі әрбір бастаманың маңызына тоқталып өтті.
Үндеуде көтерілген міндеттер аса маңызды. Мәселен, Отанды қорғау дегенде, адам алдымен өзінің шаңырағын, атақонысын ойлайды. Яғни, Отан ең әуелі «Өз үйім – өлең-төсегім» қағидасымен қастерлі. Президент Үндеуіндегі «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» атты бірінші бастамасы ескіден келе жатқан «Өз үйім – өлең-төсегім» ұлағатына сай атқарылар әрекеттің ғылыми негіздері. Ендеше, «7 – 20 – 25» бағдарламасы» мұратымен ұштасқан механизм деуге болады.
Екінші бастама да қарапайым халықтың игілігіне бағытталған. Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту көзделген. Бұл ретте «жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салу» көзделуде. Соның нәтижесінде «еліміздегі барша жалдамалы жұмыскерлердің кемінде үштен бірінің (бұл 2 миллионнан астам адам) жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейетін болады.
Келешекке инвестиция құюдың ең тиімдісі – жастарға сапалы білім беру. Бұл бағытта бірқатар бастамалар атқарылды. Дегенмен, студенттердің бәріне жайлылық жасалды ма? Әсіресе, жатақханамен қамтылды ма? Мемлекеттік гранттар жеткілікті ме? Елбасының үшінші бастамасы осы сұрақтың шешімін табуға бағытталды. «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты үшінші бастамасы» – дәл сол проблемалар шешімдерінің қысқа мерзімде оңтайлы іске асуын қамтамасыз етуге бағытталған құнды тұжырымдардан тұрады. Бұл бойынша, жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша, 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу (оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі) жоспарлануда.
«Шағын несие беруді көбейту» деп аталатын төртінші бастама мен «елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» делінген бесінші бастамасы да елдің әлеуметтік деңгейін көтеретін маңызды шешім.
Алдымен мінбеге аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Есдәулет Сейілов көтерілді. Сала басшысы Жаңақорған кентінде газдандыру қарқынды жүргізіліп жатқандығын сөз етті.
Одан кейін жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту жөнінде Жаңақорған ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жеңіс Талас айтты.
«Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» атты тақырыпты Жаңақорған агро-техникалық колледждің директоры Мадияр Ахметов тарқатты. Колледж басшысы бағдарлама аясында жатақханалы болуға үмітті екенін жасырмады. Себебі, қолданыстағы студенттер үйі ескі ғимаратта орналасқан. Білім ордасында 500-ден аса студент оқыса, соның 50-і ғана жатақханамен қамтылған екен.
Төртінші бастаманы ауданда жүзеге асырудың міндеттері жайлы аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбеков сөз етті.
– Ауданда өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтығандар қатары 8300 адамды құрайды. Осылардың ішінен несие алуға үміткерлер қатары – 500. Жалпы, Президенттің Үндеуінен туындаған міндеттер кәсіпкерліктің дамуына даңғыл жол ашты, – деді Жаңабек Оразбекұлы.

Нұрлат Байгенже.
13 наурыз 2018 ж. 1 765 3

Гость Jeahulalf от 18 ақпан 2019 23:32
Vardenafil Side Effects viagra Cialis Spermienqualitat Kamagra Prix Moyen

Гость Jeahulalf от 10 наурыз 2019 18:28
Baclofene 50 Mg Order Levitra Online Cheap Keflex Reaction cheap cialis online Propecia Servir Occipital Baldness Propecia

StevBlubof от 16 маусым 2019 01:42
Buy Priligy 30 Mg Online Viagra Paypal Levitra Every Day cheapest cialis 20mg Cialis Generic 5mg