№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Оқу жылы аяқталды. Ойға не түйдік?

Оқу жылы аяқталды. Ойға не түйдік?


Сонымен 2019-2020 оқу жылы аяқталды. Ұстаздар мен оқушылар дәстүрлі сабақ беруден тыс қашықтан оқуды тәжірибеден өткізді. Оқудың бұл түріне байланысты әртүрлі сын айтылды. Шалғайдағы елді мекен тұрғындары жоғары жылдамдықты интернеттің жоқтығына шағымданды. Ұстаздарға кабельді телефон арқылы сабақ жүргізуге тура келді. Бұл – «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының қандай деңгейде атқарылып жатқанын көрсетті. Қысқасы, коронавирус біздің кем-кетігімізді ашып, бетімізге басты. Енді одан қорытынды шығара алсақ игі. Жә, тақырыптан ауытқымай, интернет-сабақтардан қандай қорытынды жасадық? Соған тоқталсақ...


Біріншісі, мұғалім мехнатының ауыр екенін көрсетіп берді. Расында қоғам мұғалімнің жұмысы қаншалықты қиын және маңызды екенін сезінді. Тұңғышымыз 2-сыныпта оқиды. Жарым екеуміз кезек-кезек оның сабағын қадағаладық. Сонда байқағанымыз, бала оқыту өте күрделі әрі ауыр іс. Перзентінен үміт күтіп отырған ата-аналар дәстүрлі сабақ беру тезірек басталғанын тіледі. Яғни өзгенің баласын өз баласындай көріп, тәлімін сіңіріп, білім беретін ұстаздық қызметтің қиын екенін мойындады, ұғынды, түсінді, қаперге алды...
Екіншіден, педагогтерге де қашықтан оқыту оңайға соқпады. мұғалім досымнан қашықтан оқыту үрдісіне байланысты сұрадым. Ол қашықтан 7 сыныпқа білім береді. Біреу емес. Үш сыныпқа. Әр сыныпта 17, 18 оқушыдан білім алады. Сонда 50-ден аса оқушыға математикалық өрнектерді үйретеді.
Оның сөзінше, әр тәлімгердің қабылдау қабілетіне, зеректігін ескеріп тапсырма берді. Сосын бақылау жұмыстарын түнді-таңға жалғап тексеріп, оқушыны бағалады. Бір оқушы тапсырманы тез түсінсе, екіншісіне егжей-тегжейлі ұғындыру керек. Ал WhatsApp арқылы жұмыс жасаудың өзіндік қиындығы айтпаса да түсінікті. «Қашықтан сабақ бергелі көзім тым нашарлап кетті. Қазір көзілдірік киемін. Жауапкершілік жүгі ауыр. Оны жақсы сезінемін. Сондықтан оқу жылын сапалы аяқтауға күш салдым» – дейді әлгі досым.
Ал бастауыш сынып ұстаздарының жұмысын бағамдап көріңіздер. Оң-солын дұрыс танымаған жасөспірімдерге әріп үйретіп, цифрды санату қаншалықты қиын болғаны түсінікті-ақ...
Үшіншіден, мектеп оқулықтары сын көтермейтініне куә болдық. Бұл жайында талай рет жазылды, айтылды. Парламенттік деңгейде көтерілді. Алайда сыннан сабақ алып, мазмұны баланың дүниетанымы мен көзқарасына сай қайта жазылған кітапты көрген де, естіген де жоқпыз. Әсілі, мектеп бағдарламаларын оқытушылар мен ғалымдар жасады. Бірақ ондағы жасандылықты көруге болады. Балалардың ойлауына қолжетімді емес. Мәселен, мазмұны мынаған саятын сұрақтар көп – Астанадан Алматыға ұшақ ұшты. Жылдамдығы пәленше, жолаушысы көп. Метикалық сұрақ: ұшқыш қанша жаста?
Қазір Англия және т.б елдер Кеңестік оқыту әдістемесін мұқият зерттеп, оны оқу бағдарламасына енгізуге асығуда. Әрине ескілікті аңсамаймыз. Бірақ дәстүрлі сабақ берумен оқытудың заманауи әдіс-тәсілдерін сәтті үйлестіре алмай отырғанымыз шындық. Бұл жөнінде де ойлану керек секілді.
Жалпы карантиндік режим кезінде ақын Мағжан Жұмабаевтың «Алты Алаштың баласы бас қосса, төр – мұғалімдікі» деген ұлағатын терең түсіндік. Себебі адами капиталды дамытатын қуат көзі ұстаздардың қолында.
Аман болыңдар, ағартушы ұстаздар! Еңбектеріңіз өрге бастай берсін!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
27 мамыр 2020 ж. 609 0