«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Онлайн сабаққа қаншалықты дайынбыз?

Онлайн сабаққа қаншалықты дайынбыз?


Әлемде коронавирус індетінің алдын алу мақсатында 107 мемлекет жасөспірімдерін қашықтықтан оқытуға кірісті. Мұны біздің елде қолдап, оқу жоспарын ІV тоқсанда тың әдіспен білім бермек. Бұған жаңақорғандық оқушылар қаншалықты дайын? Қашықтықтан оқытуда ұстаздардың қарым-қабілеті жеткілікті ме? Барлық отбасылар интернет арқылы оқуға қол жетімді ме? Осы сауалдар төңірегінде тиісті мекемелерге сауал жолдап, жауабын білген едік.
АҚШ, Қытай, Жапония т.б ел­­де­­рінде қашықтан оқытуды игі­лікке айналдырғанына көп жылдар өтті. Бұл әдісті біздің елде рейтингісі жоғары университеттер қолдана бастады. Сондай жоғары мектептің оқытушылары мектеп ұстаздарына қашықтықтан оқытудың қыр-сырын онлайн түрде түсіндіруде. Тұжырымдама «Bilimland», «Daryn.online», «Күнделік», «Univer», «Platonus», «EduPage», «БИЛ», «BTS education"», «U-study» және «AGS» сайтынан педагогтерге, әдіскерлерге, мектеп директорларына, директор­лардың орынбасарларына арналған. Қысқа мерзімде оқытудың жаңа платформасын енгізу үшін интернет ресурстарын сынақтан өткізді.
Ең маңыздысы, педагог пен оқу­шының цифрлық сауаттылығын да­мы­ту қажет екендігі басты назар­да тұр. Олар үшін арнайы курстар өткізіліп, нұсқаулықтар әзір­ленетін болады. Қазірдің өзін­де мұғалімдер үшін цифрлық ресурс­тарды пайдалану бойынша біраз видеодәрістер әзірленді. Инклюзивтік білім беру, жаңа техно­логиялардың қолжетімділігіне қатыс­ты принциптер ескерілетін болады.
Төтенше жағдайға байланысты көп­теген ірі платформалар өз қыз­меттерін тегін ұсынды. Атап айтсақ, «Zoom», «Coursera», «Google Classroom», «Hangout», «Күнделік» және «Moodle» жүйелерін тегін қолдануға болады. Сонымен қатар «Bilimland» платформасы өзінің 40 мыңнан астам контентін тегін ұсынды.
Қашықтықтан оқытуды көпшілік  онлайн-оқытумен шатастырып жүр. Қашықтық форматының ұғымы әлде­қайда ауқымды және бірден бірнеше әдістерді пайдалануға мүмкіндік бере­ді. Мұндай формат сабақты гей­мификациялауға яғни, сабақты қызықты ету үшін ойын түрінде өткізуге, өзін-өзі ширау деңгейін арттыруға, ең бастысы, оқытуды дербестендіруге мүмкіндік береді. Бұл – ең қажетті, әрі тиімді оқыту жүйесі.
Жаңақорғандық балалардың бә­рі­не бірдей қол жетімді ме? Онлайн оқытуға байланыста ойға келетін бірінші сқрақ осы.
Расында аудандағы 17777 оқу­шының бар­лығы бірдей компьютермен жаб­дық­талмағаны белгілі. Яғни барлық ата-ана балаларын интернетке қосылған ком­пьютермен қамтамасыз етуге мүм­кіндігі жоқ. Шалғайдағы ауыл­дарды айтпағанның өзінде аудан орталығында интернеттің жылдам­дығына көңілі толмайтын тұрғындар аз емес. Тіпті МАИ бекеті, Саяжай аймағының тұрғындары 4G дұрыс ұстамайтынына жиі шағымданады.
Сондықтан әлеуметтік желіде сауал­нама жүргіздік. Оған аудан тұрғындары белсенді қатысты. Сауле Жана­дилова аудан орталығында тұрғанымен ин­тер­нет дұрыс болмайтынын ортаға салды.Жамиля  Күтиева болса ауылдық жерде интернет ұста­майтынын жазды. Ziko Carif есімді азаматша: «Менің 5 балам бар. Оның 4-і сабақ оқиды. Олардың әрқай­сысына ватсаптан группа ашылды. «Zoom» арқылы сабақ оқып, әр баланың сабаққа жауап беруі үшін 4 телефон, компьютер секілді құрал қажет. Видео және аудио жауап беру интернет желісінің баяулылығынан қиын болғалы тұр. Интернет жыл­дамдығы артса», – дейді. Осы тектес мәселелерді Шыңғыс Сәдуақасов, Сайя Слам,  Мөлдір Исмайылова, Ержан Амірбеков те көтерді.
Тұрғындардың алаңдаған көңі­лін ұғынып, талап-тілектеріне құ­лақ асқан аудан басшысы Сұлтан Мақашов фейсбук парақшасында жауап қатты.
– Қазір балаларды қашық­тықтан оқытуға байланысты дайындықты жасап жатырмыз. Барлық оқушылар бірдей планшет немесе компьютермен қамтылмаған. Аудандық білім бөлімі мұқтаж отбасын анықтап, алдағы уақытта қажетті құралмен қамтитын болады. Кенттегі МАИ бекеті мен Саяжайдағы тұрғын үйлерге қажетіне қарай интернет орнатудың жолын қарастырамыз. Балалардың оқу мерзімі аяқталғанға дейін 2 ай интернет желісіне қажетті қаржыны бюджеттен төлейміз. Одан кейін тұрғындар абоненттік төлемін өздері төлейді, – деді әкім.
Аудан басшысының пікірінше, ор­та­­лықтан шалғай жатқан қос ел­ді-мекенге жедел интернетке қосу ісі басталды. Таяу күндері Қос­үйеңкі ауылы интернеттің игілі­гін көрмек. Ал Көктөбедегі 71 отбасының 40 отбасына Wi-fi  осы аптада орнатылады.
Пікір соңында аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы әрбір ата-ана өз баласына қажеттілігін ашық айтып, білім бөлімінің басшысы мен мектеп директорларына ұсыныс-пікірін жет­кізуге болатынын жазды.

Мақпал МАРҚАБАЙ
01 сәуір 2020 ж. 670 0