Жаңақорғандық оқушылар телесабақты қалай қабылдады?
Елде 454 мектептің 57-інде интернет желісі жоқ. Интернеті әлсіз немесе мүлде жоқ елді мекеннің 4 мыңға жуық оқушысы телесабақ тыңдап, пошта арқылы кері байланыста. Бұны «қашықтан оқудың алғашқы аптасын қорытындылаған Білім және Ғылым министрі Асхат Аймағанбетов Парламент алдында берген есебінде айтты. Талқыға түскен тақырыптың ауаны телесабақтың тиімділігі жайында өрбіді. Біз бүгін жаңақорғандық оқушылардың телесабақты қалай қабылдағанын, көпшілік көкейіндегі сауалдарға бірге жауап іздеп көрдік.
Телебағдарлама бағыт-бағдар беруші бағдарлама. Ол негізгі пән бойынша 10 минут қана көрсетіліп, нені меңгеруге тиіс екенін айтады. Сол нұсқау бойынша бала өзі ізденіп, жаңа бағдарлама бойынша өз көзқарасын қалыптастыруы шарт. Төртінші тоқсанның екінші аптасы бітті. Бірақ оқушылар білім берудің жаңа түрін игеріп кетті деуге әлі ерте. Әсіресе бұрын қолына смартфон ұстамаған жасөспірімдерге интернет арқылы сабақ оқу, әріпті енді оқып үйренген балаға пернетақтадан әріп теру оңай емесі анық. Жоғарғы сынып оқушысына қарағанда, бастауыш сынып оқушыларына телесабақтың жаңалық болғаны рас. Өзінің сүйікті ұстазының бейнесіне әбден үйренісіп қалған балақайлар алғашқы күні «апайым, теледидардан шықпады» деп қылық көрсетіп баққаны бар. Осы іспетті хабарламалар ата-аналар чатында жиі салынып, көпшіліктің назарын аударғаны бар.
Дәстүрлі білім беру болсын, қашықтан оқыту болсын, талапкердің қызықшылығын ояту маңызды. Телесабаққа оқушылардың қызығушылығы қалай? Тәжірибелі психолог Жанна Искендирова: «Баламен сабақ өтер алдын жақсылап сөйлесіп алған дұрыс. Ішіндегі мазалаған сұрақтарға байсалды жауап беріп, оқудың маңыздылығын түсіндірген абзал. Баланы мәжбүрлеп оқыту ынтасын жоғалтуға әкеледі. Оқушы апайын жақсы көретін болса, апайымен бейнебайланысқа шығып, еркін сөйлесуге мүмкіндік жасаңыз», дейді.
№110 мектеп-лицейдің 2 сыныптың ұстазы Назгүл Шорабекова сыни ойлауға бағытталған ойын түріндегі сабақтарды қолдану арқылы баланың талпынысын арттыруға болатынын, бұған ата-аналар ниетті болуы маңызды екенін ортаға салды. Яғни ата-ана да баласының білім алуына жауапкершілікпен қарағаны абзал.
– Телеарна арқылы берілетін сабаққа 2 сыныпта оқитын баламмен бірге назар аударамыз. Сабақты елдің үздік ұстаздары ұғынықты жеткізіп, тақырыпты жан-жақты ашып, толық мағлұмат береді. Бірақ WhatsApp арқылы жүргізілетін қашықтан оқытуда қиындықтар көп. Бастауышта оқитын оқушы өзінің білетінін іс-әрекетпен көрсетіп, сыныптастарының алдында ерекшеленгенді қалайды. Қашықтан оқуда осындай қарым-қатынас жете бермейді, – дейді ата-ана Айнұр Анарбек.
«BBOOK» САПАЛЫ КОНТЕНТ ҰСЫНАДЫ
Елдің бас ұстазы айтқандай, онлайн сабақ беру тиімсіз болды. Озық деген «BilimLand» пен «Күнделік» сынды білім беру платформасының өзі сенімді ақтамады. Орта білім алушыларға сапалы білім алуда инновациялық ұйымдар ұсыныс жасауда.
Қашықтан оқу үрдісі басталысымен «BILGE» халықаралық инновациялық шешімдер орталығы электронды кітаптар жиынтығын қамтитын «Bbook» мобильді қосымшасын жасап шығарды. Енді оқушы «Bbook» қосымшасына барлық өзіне керек пәндік оқулықты жүктеу арқылы білім алуына мүмкіндік бар. Ауыр салмақты кітаптардың орнын алмастыратын мобильді қосымша оқушының сапалы білім алуына жол ашты. Мектеп бағдарламасына арналған пәндік оқу құралдарын қосымшадан тегін жүктеп алуға болады. Платформада оқулықтармен қатар, әр тақырыптарға байланысты қосымша бейнематериалдар мен тәжірибелік жұмыстардың контенті бар. Сонымен қатар түрлі ертегілер мен танымдық ойындар қамтылған. «Bbook» мобильді қосымшасына арнайы төл әліппеміз негізінде жазылған Bilgen Әліппе оқулығын енгізді. Бұл әліппе баланың сауат ашуына, дүниетанымына мол мүмкіндік жасайды.
«Bbook» қосымшасының өзге электронды кітаптардан ерекшелігі сабақтың мазмұны анимациялық қозғалыста көрсетеді. Бұл – баланың дүниетанымдық көзқарасын кеңейтеді. Елге осындай игілікті тегін әрі интернетсіз пайдалануға жол ашып отырған жерлесіміз, ІТ маманы Әкім Тұрсын әлеуметтік желіде «Еліміздің болашағы – білімді білікті ұрпақтың қолында. Сондықтан жасөспірімдерге сапалы контент қалыптастыру керек», – дейді.
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ МАШАҚАТЫ ҚАНДАЙ?
Телесабаққа ешкімнің айтар уәжі жоқ. Бірақ қашықтан оқытуға оқушыдан бөлек, ұстаздарға да қиын соғатыны рас. ІV тоқсан басталмас бұрын әлеуметтік сауалнама жүргізген «Дарын Онлайн» платформасының жетекшісі Айбек Қуатбаев «Қазақстан қашықтан оқытуды мәжбүрлі өткізуде. Бұған 30 пайыз ұстаздар дайын болмай шықты» деп бір мәселенің бетін ашқандай болды.
Шыны керек, қашықтан оқытуға жасы үлкен ұстаздардың бейімделіп кетуінде қиындықтар болды. Оған интернет жылдамдығының әлсіздігін қоссаңыз. Оның үстіне, Қазақстан бойынша білім беретін ұстаздың 25 процентінде компьютер құрылғысы жоқтығы нақтыланды. Олар оқуышының бағасын қалай онлайн күнделікке қояды екен?
Аудандық білім бөлімінің бас маманы Ардақ Рыспанбетова «ауданда 2587 мұғалімнің қашықтан оқытуға толық мүмкіндігі бар. Қажетті техникамен жабдықталған. Оларға қашықтан сабақ берудің түрлі әдістері туралы түсіндірілді, – деді.
Манап ауылындағы №160 мектептің ұстазы Абзал Қошанов білім беру үрдісінде оқушы мен ата-аналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын, әр сабақты тиімді ұйымдастыруға күш салатынын жеткізді.
– Қазіргі шәкірттер өте зерек, тың тақырыптарды таңдап, өз бетінше ізденуге дағдыланған. Жаңартылған білім берудің басты талабы да осы. Оқушылар үй жағдайында отырып, бізге жолдаған бейне баянда ерекше тәжірибелер, күтпеген сынақтар жасап, жаңа қырларын ашуда. Бұдан ата-аналардың баласына араласып отырғанын байқаймыз, – деді математика пәнінің ұстазы А.Қошанов.
Тәжірибелі ұстаз Дариға Құрбаниязова: «Қашықтан оқыту үрдісін жасы үлкен ұстаздар да абыроймен атқаруда. Біз мектепте ортақ чат құрып, бір-бірімізге білгенімізбен бөлісіп, әріптестік байланыс, тәжірибе алмасу арқылы қиындықтарды еңсерудеміз», – деді.
Ұстаздармен тілдесу барысында қашықтан оқытудың қиындықтарын бірте-бірте өз шешімін тауып, үрдіске икемделе бастағанын білдік. Мұны таңертең теледидар алдына жайғасуға асыққан баладан байқадық. Сын сағатта сабырлықпен сабақ беруге кіріскен ұстазға, олардың сабағын қадағалайтын ата-анаға сабыр берсін, ал оқушылардың зейінін ашсын.
Мақпал МАРҚАБАЙ