№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Егінші қауымның еңсесі тік

Егінші қауымның еңсесі тік


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесін оқып, көңіліміз көншіді. Әрине қазіргідей сын сағатта ауылшаруашылығы саласын қолдап, демеу жасау маңызды. Астық қорымыздың аздығынан күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарлары шарықтау шегінен асқанын ел біледі. Биыл егіс ауқымын ұлғайтып, өндірілетін өнім көлемін еселейтін кез келді. Президент мәлімдемесінде «Осы науқанға және өнімді алдын ала сатып алуға 200 миллиард қаржы бөлінді. Соның 70 миллиарды тұқым өндірісін дамытуға, тыңайтқыштар сатып алуға жұмсалады» деді.
Сыр елі күріштің отаны болған соң, бізге күріш тұқымының өндірісін дамыту маңызды. Жаңақорғандық диқандар да күрішке басымдық беретіні түсінікті. Биыл «Маржан», «Лидер» сортынан бөлек, «Ай-Керім» сортын қолданысқа енгізуді бастады. Бұл жаңа кезеңнін бастауы. Сондықтан мемлекет тарапынан қолдау болып жатса, егінші қауым егіс гектарын көбейтіп, мол өнім алуға мүмкіндік алады. Ең бастысы «жерге еткен еңбек жерде қалмайды». Диқаншылар мұны жақсы біледі.

Арапбек ӘБИЕВ,
«Соцалистік еңбек ері»
28 сәуір 2020 ж. 936 0