№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кетпенін сайлап, егіс алаңына диқандар бет бұра бастады

Кетпенін сайлап, егіс алаңына диқандар бет бұра бастады

  Көктемгі дала жұмыстарына дайындық басталды. Кетпенін сайлап, егіс алаңына диқандар бет бұра бастады. Биыл көктем кеш түскелі тұр, дегенмен жылдағы меже бойынша егіс көлемі кемімейді, оның ішінде күріш көлемі тұрақты. Тың жерлерді игеру бойынша да жұмыстар атқарылып, каналдар тазалана бастады. Биылғы егіннің көлемі қанша? Шаруашылықтардың қам-қарекеті қалай? Жалпы дала жұмыстарының тыныс-тіршілігін білу мақсатында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас аграномы Дәурен Абибуллаевпен байланыстық.


Ауыл шаруашылығы саласы ел экономикасының жетекші күшіне ай­налу керек. Негізгі міндет – еңбек өнімділігін және өнім экспортын 2,5 есеге арттыру міндет. Президент осын­дай тапсырма жүктеді, әсіресе отандық өнімнің көлемін арттыруды тапсырды. Оған мемлекет тарапынан қолдау да аз емес. Яғни егіннің дәрі-дәрмегіне субсидия беріледі, кейбір астықтар шет елдерге экспортталады. Сондықтан жыл сайын дала еңбек­керелері егіс көлемін ұлғайтуға ниет білдіруде.
– Жаңақорғанда 700-ге жуық ша­руа­­шылық болса, соның 485-і егін шаруасына дем береді. Биылғы егіннің межесі – 35 104 гектар. Облыс әкімі мен аудан бойынша егілетін ауылшаруашылығы дақылдарының сызбасы бекітілген болатын. Бірақ меморандумнан артық 107 гектарға егіс егу межеленіп отыр. Дәнді дақылдардың ішінде басымдық күріш­ке беріледі. Биылға оның көлемі 8000 гектарға жуықтайды, – деді бас аграном.
Дақыл көлемін жіктей кетейік, күздік бидай – 2972 гектар, жаздық бидай – 125 гектар, дәндік жүгері – 500 гектар және тағы басқа да өнім бар. Айта кететіні, аудандағы ауыл шаруашылығы құрылымдары айтылған күздік бидайдың 2972 гектарын егуге және 7130 гектар аумақты сүдігер айдауды қамтамасыз еткен. Яғни тың жерлерді игеру жұмысы атқарылған. Сондай-ақ, бұл құрылымдар көктемгі дала жұмыстарына байланысты егістікке су беру науқанына дейін шаруа­шылықаралық және ішкі шаруашылық каналдарды тазалау, гидро­құрылыстарға, гидробекеттерге жөндеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде екен.
– Соңғы үш жылда ауыл шаруа­шылығы дақылдарын әртарап­тандыруға басымдық беріліп, биыл­ғы жылы да осы жұмыстарды жал­ғастыруды мақсат тұтып отырмыз. Мәселен, 2400 гектар аумаққа майлы дақылдар дәнін себу жоспарлануда. Оның ішінде мақсары 2300 гектар, қалғаны күнбағыс пен соя. 17 722 гектарға мал азығын дайындауға әре­кет жасаймыз, әсіресе ескі жоңыш­қаның көлемі артады. Ал қалған 3150 гектарға көкөніс пен бақша дақылдарының дәнін тастау жоспарлануда, – дед сала маманы.
Соя демекші, былтыр алғаш рет облыс көлемінде соя егілді. Нәтижесі жақсы.
Сондықтан аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов биылғы жылы сояның көлемін 500 гектарға көбей­ту керектігін айтқан болатын. Жаңа­қорғандық диқандардың үле­сінде 50 гектар егу межесі бар. Былтыр облыстық «Алтын күз» дала еңбек­керлерінің мерекесінде «Үздік мақсары өсіруші» номинациясына ие болған «Тату» шаруа қожалығының төрағасы Бағлан Баркенов:
– Биыл әртараптандыруға басым­дық беріліпті, мақсары көлемінің артуы көңіл қуантты. Былтыр 150 гектардан 327 тонна мақсар жинадым, сондықтан аймақ бойынша мақсары өсірушілердің ішінде озат атандым. Мүмкіндік болса биыл егіс көлемін ұлғайту ниеттемін, – деді шаруа адамы.
2019 жылдың қорытындысымен диқандар еңбегі еленіп, «Озат аудан» атанған едік. 2018 жылы жаңа­қорғандықтар «Үздік аудан» жүлдесін иеленген болатын. Биылғы меже осындай көрсеткіштен түспеу дейді ауданның бас аграномы. Ол үшін дала еңбеккерлері маңдай терін төгуге тура келеді. Жерге еткен еңбек жерде қалмайды, өйткені биігін көктен емес, еткен еңбегінен іздеген ел емеспіз бе?
Әли Темірбек
28 наурыз 2020 ж. 799 0