№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шаруашылықтар егін науқанына дайын ба?

Шаруашылықтар егін науқанына дайын ба?


«COVID-19» індеті әлем елдерінің қаншалықты бәсекеге қабілетті екенін көрсетіп берді. Әсіресе ішкі өнім өндірісінің бет пердесін айқындады десек те болады. Технология, зауыт, фабрикаларды сөз етпегенде қарапайым ауылшаруашылығы өнімдеріне төтеп бере алмайтын елдердің шеті көрінді. Қазақстанның жері құнарлы, шаруашылықтарға мемлекет тарапынан қолдау жоқ емес. Былтырғы жылға дейін өнім емес, егіс көлеміне дейін субсидияны шаш етектен алған кәсіпкерлер болды. Бұл өткен іс, енді биылғы меже қандай болмақ? Соны тағы бір саралайтын кез келді.

Көктемгі дала жұмыстары аяқталды. Жер жырту, тегістеу, каналдар қазу, атыз салу жұмысы жүйеленді. Енді жаппай жерге дән тастау науқаны басталады. Сондықтан шаруашылықтардың егін науқанына қаншалықты дайын екендігін бір пысықтап алуды жөн көрдік. Өйткені аграрлы сала ел экономикасының негізгі өзегі. Әсіресе бүгінгідей ахуалда отандық өнімді көбірек өндіру аса маңызды. Мемлекет басшысы да осы салаға басымдықты көбірек беруді тапсырды.
Иә, қазір азық-түлік импорты шектеулі, бірақ өзімізден өндірілетін өнімнің ішіндегі бидайдан басқа да дақылдардың шет елдерден тасымалдануы тоқтады. Сондықтан азық-түлік сақтайтын қой­маларды салуды сарапшылар, сала мамандары ұсынғанымен, бірақ әзірге қолдау болмай тұр. Әйтпесе, 22,5 млн гектарға егілетін ауылшаруашылық өнімдері Қазақстан тұрғындарына жетіп артылады емес пе. Бұл уақыт еншісінде, біз одан да жаңақорғандық диқандардың әлеуетін анықтап алайық. Биыл егіс көлемі 35104 гектар, оның ішінде бидай мен күрішке басымдық көбірек беріледі. Одан бөлек мал азығын дайындау, жоңышқа дәнін себу де жылдағыдай көлемді қамтиды.
Қазір минералдық тыңайтқыштар мен гербицидтер дайындау жұмысын шаруашылықтар аяқтап қалды. Алдымен осыдан бастайық. Бірінші вице-министр Айдарбек Сапаров тыңайтқыштарды қолдану мәселесінің өзектілігін сөз еткен болатын. Оның сөзінше республикада тыңайтқышты қолдану көлемі төмен деңгейде, яғни қажеттіліктің тек 15 проценті аясында екенін айтты. «2019 жылы 2018 жылға қарағанда тыңайтқыш аз сатып алынған. Тыңайтқыштарды қолдану қарқынының төмендеуінің негізгі себебі, әсіресе, оңтүстік өңірлерде агрохимиялық картограммалардың бол­мауы болды. Келесі жылдан бастап субсидия алу үшін агрохимиялық кар­тограмма міндетті түрде болу керектігін еске салғым келеді», – деді бірінші вице-министр. Біздің ауданда бұл мәселе қаншалықты шешілген.
– 2020 жылдың егісіне қажетті минералдық тыңайтқыштардың көле­мі 4121 тонна, оның ішінде 3936 тоннасы – азотты, 185 тоннасы фос­форлы тыңайтқыштар болса, қа­жетті гербицидтердің көлемі –2035 литрді құрайды. Қазіргі таңда шаруа­шылықтар тарапынан минералдық тыңайтқыштардың 3916 тоннасы (95%) және 436 келі/литр (21%) гербицид сатып алынды, – аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің бас аграномы Дәурен Абибуллаев.
Жалпы егіс көлемінде, өнім түр­лерінде өзгеріс байқалмайды. Сол бидай, күріш, жоңышқаға басымдық көбірек берілген. Алайда көкөніс пен жеміс-жидек түрлеріне, картоп, қызанақ пен қиярдың көлемі арта қойған жоқ. Неге мұны айтып отырмыз, әзірге өзге елдерден келетін осы тауар түрлеріне шектеу қойылды. Барлығы індеттің тез таралуына байланысты. Ал баға болса бір сәтте құбылып шыға келді. Бізде күріш мөлшері өте көп, тіпті экспортталмай жатыр. Ал қарапайым картоптың өзі бағасын тұрақты ұстап тұра алмауда. Әрбір ауылдағы ахуал, ондағы егіс көлемінде де өзгеріс жоқ. бірақ осы мәселені қолға алатын кез келген секілді. Енді техника мен жанар-жағар майды бағамдап көрейік.
Қазір дала жұмысын толығымен техникалар атқарады. Бұл жұмыс өнім­ділігінің тиімділігін арттырады. Жаңа­қорғандық шаруаларға техникалар жеткілікті ме?
– Биыл аудан бойынша көктемгі дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларынан 135 трактор, 82 соқа, 42 дән сепкіш, 101 трактор тіркемесі қатыстырылуда. Бүгінгі таңда аудан бойынша 3650 гектар жаңа жоңышқа, 1100 гектар мақсары, 125 гектар жаздық бидай, 35 гектар жаздық арпа егу жұмыстары, сонымен қатар 2972 гектар күздік бидай және ескі жоңышқаның 11200 гектары тырмаланып, көктемгі дала және егін егу жұмыстары жалғасуда, – деді бас аграном.
Жалпы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев егін көлемін 2 жарым есеге арттыруға пәрмен берді. Жария етілген деректерге сүйенсек, 2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 22,5 млн. гектар алқапқа егіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 240 мың гектарға артық. Егін науқанына шамамен 387 мың тонна дизель отыны бөлінген. Елімізде көкөніс, бақша, картоп, майлы және азықтық дақылдар алаңы ұлғайтылып, дәнді дақылдар алаңы азаяды. Бұл өте дұрыс бастама, бұл біздің ауданға да керек жоба.
Мәселен, 2019 жылы 1,6 трлн. теңгеге азық-түлік өнімдері өндірілді. Оның ішінде өсімдік майы, ұннан жасалған кондитерлік және макарон өнімдерінің көлемі өскені байқалады. Бұл ретте ұн, жеміс-көкөніс консервілері мен шырыны, жарма және қантты кондитерлік өнім және қант өндіру көлемі төмендеген. Осыған байланысты жеке өңделген өнім көлемін арттыру жөнінде шаралар қабылданбақ. Барлығы уақыт еншісінде, ең бастысы жерге еткен еңбек жерде қалмаса болғаны.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
15 сәуір 2020 ж. 811 0