№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Роботтар адамнан ақылды ма?

Роботтар адамнан ақылды ма?


Әлемнің үздік ақпараттық ресурстары 2030 жылы Жапонияның Үкіметін роботтар басқарады дегенді жариялады. Рас, Жапонияда білім беру, медицина, екінші деңгейлі банк, сервистік қызмет көрсету, ауылшаруашылығы саласында роботтар адам игілігі үшін қызмет етуде. Бірақ адамды басқарады дегенді қабылдау ауыр.
Австралиялық кинорежиссер Александр Пройастың «Мен, робот» фильмінде болашақта жасанды интеллект иелері адамды басқаратынын меңзейді. 2011 жылы америкалық кинорежиссер Стивен Содербергтің «Заражение» фильмін фантастика деп қабылдадық. Бірақ тоғыз жылдан кейін киноға ұқсас оқиға желісіне куә болудамыз. Яғни коронавирус инфекциясы әлемге жылдам тарауда. Енді он жылдан кейін әлемді роботтар басқаруы да мүмкін ғой. Оның алғы шарттарын көріп жүрміз.

Жапонияда адамдар істейтін жұмыстың үштен бір бөлігін роботтар атқарады. Бұл туралы Номура зерттеу институты мен Оксфорд университетінің эксперттері айтуда. Олардың пайымдауынша, Жапо­нияда 25 миллионнан аса адам жұмыс түрлі салада жұмыс істесе, еңбек қорының 49 процентін робот атқарады. Жапонияда көлік жүргізушісі, супермаркет қызметшісі, үй қызметшісі, күзетші тағысы тағы робот­тарға орын берген. Осы тұста, сапар­шылар мен ғалымдардың пікірі екігі бөлінеді. Олардың 52 проценті роботтардың еш қаупі жоқ десе, 48 проценті қауіпті деп санайды.
Мәселен, 17 жыл ішінде Da Vinci хирург-роботы 3 миллион отаға қатысып, сәтті өткізді. Тіпті Da Vinci хирург-роботы заманауи медицинаның басты жетістігіне айналды. Жапонияда Моley есімді робот ас дайындаудағы шеберлігімен ерек­шеленеді. Ал SwagBot бау-бақшаны күтіп баптауда, Сяо Нан журналисттік қызмет атқаруда. 
Робот технологиясын дамытуға Қы­тай басымдық берді. 2014 жылы Қытай басшысы Си Цзиньпин Ғылым академиясында робот индустриясы Қытайды түбегейлі өзгертетінін айтты. Қытайда «ақылды өндірісті» құрудағы негізгі компонент роботтар болуда. 2019 жылы ХҚҚ Қытайдағы өндірістік робот­тардың сатылымын 160 000 данаға жеткізді. Бұл – әлемдік робот өндірісінің 40 процентін құрайды. Бұл дегеніңіз, Еуропа, Жапония, АҚШ-ты робот өндіруде артта қалдырды деген сөз.
Missouri университетінің кітапха­нашысы роботты кітапты тез табу ісіне пайдаланып, ғалымдардың ізденісіне оң әсерін тигізді. Ал шетелдік ойын-сауық орталықтарының көлік тұрақтарында қарауылдың қызметін темір күзетшілер атқарады.
Ең қызығы, роботтардың азаматтық алып, университетте білім беру ісін қолға алды. Мәселен, 2015 жылы роботқа адам құқығы беріліп, азаматтығы табысталды. Hanson Robotics компаниясы іске қосқан София есімді робот қойылған сұрақтарға еркін жауап беріп, адамның эмоцияларын қайталай алғандықтан әлемнің назарын өзіне аударды. Әлемнің әртүрлі бөлігінде қан­шама сұхбатқа қонақ болған киборг 2017 жылы Сауд Арабиясының азаматтығын алды. Содан бастап роботтар адамдар секілді құқықтарын талап етуге мүмкіндік алды.
Қатаң ереже құрылған елде азаматтық беру процесі қатаң әрі ұзақ екенін ескерсек, адамның қолы қиындықпен жететін фундаменталды құқыққа темір­ден жасалған «әйел» ие болғаны жасан­ды интеллектің болашағынан хабар беретіндей. Сауд Арабиясының шөл дала­сында «NEOM» деп аталатын ақылды қала салынады. Корольдік ханзадасының айтуынша, күн мен жел энергиясы есебінен электр қуатын өндіретін заманауи қалада өзін-өзі басқарушы интеллектуалды көлік жүйесімен ерекшеленеді. Онда адамнан роботтың саны басым болады. Шетелдік ақпарат көздері әлі құрылысы аяқталмаған қаланы қазірдің өзінде «Роботтардың Меккесі» деп атайды.
Сол құлтемір әлемде жаңа дәуірдің басталғанын, робототехниканың ғаламат­тық дамуына күш берді. Новосібірлік ғалымдар орыс тілін меңгерген София есімді саналы роботтың қабілеті күн сайын жетілдіруі де көпшіліктің үрейін үдете түсті. Әсіресе, Актриса Одри Хепберннің сыртқы сұлбасына ұқсап құрастырылған роботтың бір сұхбатында «Мен адам баласының көзін жойғым келеді» дегені жан-жақты талқыланды. Бүгінде Софияға ұқсайтын киборгтар көп. Солардың бірі – 1966 жылы Джозеф Вейценбаум жасаған Элиза есімді виртуалды дос бағдарламалау жүйесіне енгізілген сөздерді пайдаланып, алдына келген адамға сұрақтар қояды және оның әңгімесін тыңдау арқылы психотерапевт рөлін сомдайды. Қазір Элизаның әлде­қайда жетілдірілген нұсқасы шықты. Жапониялық Ян-Янның сырт келбеті адамға қатты ұқсайды және ол сізді құшақтап, сезімін білдіре алады. Сингапур технологиялық университетінің жобасы саналатын Надин есімді робот жоғары оқу орны қабырғасында қызмет етеді. АҚШ-та «Robot Scientist» ғалымдарға көмекші қызметін атқаруда.

РОБОТТАР АДАМНАН АҚЫЛДЫ МА?
 
2015 жылы «Рубик кубигі» қысқа уақыт­та жинаудың рекорды тіркелді. Яғни адам 4,904 секунд ішінде қол жеткізді. 2016 жылы робот құрастырушы Джей Флэтлэнд пен Пол Роуз 1 секундта «Рубик кубигі» жинайтын роботты таныстырды. Осы оқиға адамға қарағанда жасанды интеллект иесінің мүмкіндігі мол екенін көрсетіп берді.
Қазір бағдарланған роботтар адамнан ақылды екенін дәлелдей бастады. Мәселен, 1996 жылы IBM компаниясы сол кездегі әлемнің абсалютті чемпионы Гарри Каспаров пен Deep Blue компьютерінің арасында шахмат ойынын өткізді. Әлем назарын аударған ақылдылар ойын Гарри Каспаровтың жеңісімен аяқталды. Бірақ 1997 жылы компьютер құрастырушылары жүйені жетілдіріп, қайта кездесу ұйымдастырды. Бұл жолы гроссмейстер секундына 200 миллион позицияны қарас­тыра алатын технологияның алдында дәрменсіздік көрсетті.
Google компаниясы Қытайдың ежелгі «Го» ойынын өткізгенде компьютерлік бағдарлама негізінде жасалған жасанды интеллект ұтты. AlphaGo бағдарламасы 2015 жылы аталған ойын бойынша Еуропаның үш дүркін чемпионы Фань Хуэйді 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Оның құпиясы AlphaGo жағдайда адамның ойындағы келесі қадамының 57 проценті қандай боларын болжай алады екен.
Жуырда Google компаниясының техникалық директоры, футуролог Рэй Курцвейл 2030 жылы адамның миына наноботтар орналастыру арқы­лы қабілетін теңдессіз күшке айнал­дыра­тынын жазады.
Жуырда Корея ғалымдары коронавирус жұқтырған адамдарды қарайтын дәрігер роботты тәжірибеден өткізді. Олар робот арқылы пацентпен қашықтықта ем қолданып, науқастың дене қызуы мен қанайналым жүйесін біліп, жүрек қағысын тыңдап, әрі қажетті екпесін жасайды. Міне, бұл робот кәрістердің өршіп тұрған эпидемиологиялық ахуалын жақсартуға жағдай туғызды.

ТҮЙІН. Енді роботтардың адамды басқаруы жайында сенген боларсыздар. Ал біздің елде робот технологиясы қаншалықты дамуда? Бұл жөнінде ойлану керек. Өйткені адамзаттың көші – жасанды инттелект иесін өндірумен өлшене бастады. Қамданайық!

Мақпал МАРҚАБАЙ
12 сәуір 2020 ж. 1 965 0