№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Робот адамнан оза ала ма?

Робот адамнан оза ала ма?


Әлемдік эномиканы дамытуда жасанды интеллектінің рөлі артып келеді. АҚШ, Жапония, Қытай жасанды ақыл-ойлы технологияны қолданысқа енгізу арқылы дамудың жаңа жолын таба бастады. Ал біз өзгенің жетістігіне тамсанып, таң қалумен шектелудеміз.


Робот технологиясы саласындағы жетістіктерге тоқталсақ. Жапониядағы Киотский университетінің ғалымдары адамның не ойланып отырғанын анықтап, артынша оның ойына сәйкес картинаны көрсететін роботты ойлап тапты. Ғалымдар жасанды интеллект үшін ойыңды ауызша білдіруге мүмкіндік беретін алгоритм жасады. Бұл алгоритм сал болып қалған адамдар үшін тиімді болады деп күтілуде.
Мидың сигналдарын сөзге айналдыру үшін ғалымдар дауыстап оқығанда немесе ойлану барысында белсендірілген мидың аудандарын анықтап, ауызша білдіруге болатын импульстарға айналдыруға тырысқан. Женева университетінде бұл құрылғы инсультқа немесе басқа да ауруға шалдыққан адамдарға көмектесе алады делінген. Сонымен қатар ғалымдар сөзді және оның дыбысын ұлғайтуды үйренген. Бұдан бөлек, бұл алгоритмді пайдаланатын жасанды интеллект әр қолданушыға бейімделуі керектігі айтылды.
Жасыратыны жоқ, жыл өткен сайын роботтар дамып келеді. 2013 жылы ең ақылды роботтың ақылы төрт жасар баланыкіндей болды. Атақты футурист Рэя Курцвейлдың болжамы бойынша, 2029 жылы роботтардың ақыл-ойы ересек адамдыкімен теңеседі десе-ді. Сондықтан қазір Facebook, Apple және Google секілді алпауыт компаниялар жасанды интеллектіні дамыту жоба­ларына миллиардтап инвестиция салуда. Дегенмен, жасанды интеллект туғызатын этикалық мәселелер көптеген ғалымдардың зерттеу объектісіне айналған. Ғалымдар жасанды интел­лектінің моральдық салдары қандай болуы мүмкін екенін, оның адам өміріне қандай қауіп төндіретінін зерттеп әлек. Тіпті олар жеке өмірдің құпиялылығы да жойылатынына қатыс­ты зерттеулер жасаған.
«Ғалымдар ғана емес, көптеген адамдар жасанды интеллектінің этикасы туралы іздене бастады. Себебі, көпшілігі отпен ойнап отырғандарын және өрттің тұтануының алдында тұрғанын біледі», – дейді Санта-Клара университетінің жасанды интеллект этикасы бөлімінің басшысы Брайан Грин.
Демек, жасанды ақыл-ойдың мүмкіндігінің шектен тыс артуының пайдасымен қатар зияны бар деген сөз. Жасанды ақыл-ой тек адамның ойын, көзқарасын ғана өзгертпей, кей жағдайда адамның өзін басып озып жатады.
«Адамдардың көшірмесін жасау» жасанды интеллектінің адаммен бай­ланыс саласына жатады. Жасанды интеллект роботтар дос болып, отбасын құруға, тіпті, терапия жасап, романтикалық сезім көрсетуге бейімделуі де мүмкін. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесінде белгілі болғанындай, тіл үйренгісі келетін балалар, әлеуметпен енді қарым-қатынас орната бастаған және аутизммен ауыратын балалар роботпен жақсы тіл табысқан. Дегенмен философ Алексис Элдер бұл жағдайдың моральдық қаупі көп екенін айтады.
Қазір әлемнің үздік жоғары мек­тептерінде роботтар студенттерге дәріс береді. Яғни адамның ойлап тапқан өнімі адамның өзін үйрете бастады. АҚШ, Қытай, Жапонияда журналистік қызметке кіріскен роботтар да бар. Осыдан келіп жасанды интеллект әлемді басып алуы мүмкін бе? деген сауал туындайды. Сондықтан мамандар адамды қазіргіден екі жүз есе ақылды ете түсетін чиптің миға салынуы қалай болатынын да ойластырып жатыр. Бұл адам құқықтарына қайшы келе ме? Қалай болғанда да, біз білетін дәстүрлі өмір өзгеретіні анық.
Жасанды ақыл ойдың мүмкіндігі біздің өмірімізді жаңа деңгейге шығаруы мүмкін. Олардың жұмысы бізге медицинада, қауіпсіздік саласында, халыққа қызмет көрсету саласында кәдеге жарары сөзсіз. Дегенмен Стивен Хокинг, Билл Гейтс және Элон Масктің пікірінше, жасанды ақыл-ой иелерінің дамуы адамзатқа қауіп төндіреді. Қалай болғанда да, ақылды роботтар адамдар алдында тұрған барлық проблемаларды шешеді немесе сол роботтар адамзаттың жер бетінен жойылуына себепкер болуы мүмкін. Бұл ғалымдардың болжамы.
Қысқасы, озық елдер робот технологияны өндіріске енгізуде. Бізге де өркениет көшінде лайықты орын алуда жасанды интеллектің көмегіне жүгінуге тура келеді. Біз оған қаншалықты дайынбыз?

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
21 қаңтар 2020 ж. 913 0