№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РОБОТТАР АДАМДЫ АЛМАСТЫРА МА?

РОБОТТАР АДАМДЫ АЛМАСТЫРА МА?


Қызық тақырып, иә! Алғашында Голливудтың фантастикалық фильмдерінде арқау болатын робот технология адамды алмастырады дегенге мән бермейтінмін. Бүгінде роботтардың адамның функционалдық міндеттерін алмастыра бастағанын естіп, көріп жүрміз...

Мәселен, Шведтік «Furhat Robotics» робототехника компаниясы адамның түр-келбетіне ұқсайтын роботты жасап шығарды.
Адамға ұқсайтын робот жасанды интеллектпен жабдықталған. Роботтың алдыңғы бөлігіне камера орнатылған екен. Ол сұхбаттасушының жағдайын қадағалайды. Яғни, робот адамның көзіне «қарап», одан кейін кері бұрылу функцияларын орындайды.
Бүгінде роботқа Disney, Merck және Honda компаниясы қызығушылық танытып отыр.
Жалпы, дамыған елдерде роботты жасанды интеллектпен жабдықтап, оны жетілдіру жұмыстары трендке айналды. Мәселен, осыған дейін өндіріс орындарында жұмыс жасауға қабілетті (жасанды интеллектпен жабдықталған) «Saram» роботы шығарылды.
Айта кететіні, жасанды интеллектердің танымалдылығы артып келеді. Оның дәлелі, София роботы. Бірнеше тілді еркін меңгерген робот газет-журналдарға сұхбат беріп, ел назарына ілікті. Токиодағы саяхаттау ақпарат орталығында қызмет ететін Юнко Чихира роботы да бірнеше тілде еркін сөйлей алады. Ең қызығы, адамдар сияқты ренжи алатын, таңғалып, күлетін роботтарда бар. Женева университетінде лекция оқитын Нади Магенат Тальман мен Хенрик Шарфтың прототип робот соның айғағы.
Осыған дейін хирург-робот, агроном-робот, тәрбиеші-роботты естісек, енді роботтар шығармашылық жұмыстарға араласа бастады. Ең қызығы, жаңалық жазатын журналист-роботтар да қызметке кірісті. Мұндай қызметке Сан-Францискодағы «Hoodline Online Media» интернет-газеті жүгінген. Мысалы, белгілі бір брендтің жаңа наубайханасы ашылса немесе қалалық автобус бағдарынан кешіксе робот-журналист ақпаратты дәл бере алады.
Мұндай роботтар бұқаралық ақпарат құралдарында қаржы, спорт, ауа райы, қылмыс туралы ақпараттардың дерегін жинауға пайдалана бастапты.
Бүгінде осыған байланысты қызу пікір-таластар орын алуда. Дәстүрлі басылымдардың өкілдері роботтар интеллект иесі журналисттерді алмастыра алмайтынын алға тартуда. Бірақ, жасанды интеллект иесі 2016 жылы жарты миллиардқа жуық нотаны американдық БАҚ-да жазды және жариялады.
Жалпы, жаһандану цифрландыру үрдісін дендеп енгізуде. Яғни, деректер базасы кеңейіп келеді. Ақпараттар онлайн режимінде сақталуда. Олай болса журналист-роботтар үшін әлеуметтік желілер мен ақпараттық ресурстардағы ақпараттарды қорытып, белгілі бір алгоритмдерді жазуға мүмкіндік тууда.
Мұндай мүмкіндікті Ресейдің Интерфакс пен Sports.ru-да қолдануда. Украйна да робот-журналистердің қызметін пайдалана бастады. Ал, Қытайдың ірі бұқаралық ақпарат құралы – «Синьхуа» қызметке робот алынғанын хабарлады. Жасанды интеллект иесінің міндетіне экономкалық және спорт тақырыбына материалдар құрастыру кіреді екен.
Дерек көздеріне қарағанда, американдық The Associated Press ақпараттық агенттігі мен Automated Insights (AI) компаниясы бірлесе Wordsmith платформасын пайдаланып секундына 2000-дай қаржылық тақырыптардағы жазбаны жасау жолын тапты.
«Роботтар көтерілісі» кітабының авторы Мартин Форд журналисттердің функцияларын роботтар толықтай игере алмайтынын айтады. Дегенмен, бәсекеге қабілетсіз журналистер робот-журналистерге орын беріп, жұмыстан шыға бастайды-мыс.
Жалпы, қауіп журналистерге ғана емес...
ВВС-тің зерттеуінше, болашақта 366 мамандық иесі роботтарға орын береді.
Міне, осындайда «Роботтар адамды алмастыра ма?» деген сауал сананы тұмшалайды...
Сенгің келмейді. Бірақ, роботқа тәуелділікті сезіне бастадық. Әттең, әттең-ай...

30 қаңтар 2019 ж. 3 830 0