Роботтар үйге үйрене алмайды - The New York Times
iRobot 16 жыл бұрын Roomba атты шаңсорғыш роботты таныстырған еді.
Содан бері АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея мен Еуропа компаниялары үйге арналған роботтар құрастыруды жалғастырып келеді. Дегенмен, The New York Times басылымындағы мақалада үйге арналған роботтар өндірісінде белгілі бір проблемалар бар екені айтылады. «Осы күнге дейін гуманоид роботтар, тамақ пісіретін робот, үй жинайтын, киім жинайтын роботтар жасаудың сәтсіз жобалары болды. Тіпті, шаңсорғыш роботтың да соңғы үлгідегі сәтті категориясы жоқ. Дегенмен, роботистер мен жасанды интеллект мамандары адамдар атқаратын істердің ең қиын екеніне және ол істерді атқару машиналарға көп қиындық туғызатынына көз жеткізген сыңайлы», деп жазады автор.
Оның айтуынша, үй шаруасын атқаратын робот құрастыру үшін тағы бірнеше технологиялық сатыларды игеру керек. «Әлі күнге дейін адамды адамға ұқсас робот алмастыра алмады», дейді Google компаниясының өзіне өзі қызмет көрсету бағдарламасының роботисі Себастьян Трон. «Жапония мен Оңтүстік Корея үй жұмыстарын атқаратын роботтар жобасы бойынша АҚШ-тан алда келеді. Дегенмен, олардың нәтижелері де керемет емес. Бұрын Оңтүстік Корея президенті 2012 жылға қарай үйлердің көпшілігінде роботтар болатынын айтқан еді. Дегенмен, бұл олай болмай шықты», делінген мақалада. 1960 жылы алғашқы роботты құрастырған Стэнфорд университеті он жыл бұрын үй роботының прототипін жасаған. PR1 стартапын Скотт Хасан қаржыландырған. Ал кейініректе Google мамандары PR2 үй роботын құрастырды. Стэнфорд университеті енді үй шаруасын толық атқара алатын робот құрастыруға тырысып жатыр. «Беркли университетінің зерттеушілері де үй роботын құрастырып жатыр. Дегенмен, үй шаруасын атқару, баспалдақтан өту, үй жинау жұмыстары машинаға қиындық туғызады. Он жыл ішінде үй роботын құрастыру қиын екеніне анық көз жетті. Сонымен қатар бағаның төмендігі, шыдамдылықтың болмауы және үміттің жоғарылағаны мұндай өнім жасауды одан да қиындатып жіберді», дейді автор.