№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РОБОТТАР ҰСТАЗДАРДЫ АЛМАСТЫРА МА?

РОБОТТАР ҰСТАЗДАРДЫ АЛМАСТЫРА МА?


Қазір робототехника, жасанды интеллект және тағы басқа болашақ технологиясы қарқынды дамып жатқаны рас. Дегенмен, бұл өзгерістер адамдардың көкейінде түрлі мазасыз ойды тудыруда. Соның бірі, болашақта мамандардың басым бөлігін роботтар атқару мүмкін деген болжам. Әсіресе,  білім жүйесіне компьютерленудің жылдам енуі, «Болашақта ұстаздарды роботтар алмастырмай ма?», деген сауалды туғызды.

Жақында Оксфорд Университетінде жоғалу қаупі бар деген 700-ге жуық мамандыққа зерттеу жұмысы жүргізіліп, сараптама жасалды. Нәтижесінде, мұғалімдерге төніп тұрған қауіп жоққа шығарылды. Неге жасанды зияткерлік қабілетке ие болашақ роботтар мұғалімді алмастыра алмайды? Өйткені, мұғалім – тек ақпарат көзі ғана емес, өмірлік сабақ пен кеңес беріп, қиын шақта қолдау көрсететін адам. Болашақта дәрігер, психосарапшылар мен саясаткерлерді ғана роботтар алмастыруы мүмкін деген болжам ғана шындыққа сәйкес келеді. Ал, қалған маман иелеріне төніп тұрған қауіп мөлшері сәл төменірек. Дегенмен, мұғалім қызметін атқарып жүрген репетитор мамандарды болашақ керек етпейтін болады. Өйткені, бос шығындалғаннан гөрі оның орнын уақыт пен жүйеге сәйкес жұмыс жасайтын роботтар алмастырады немесе технологиялардың өзге саласы бұл мамандарды жұмысынан айыруы мүмкін. Мысалы, қарапайым ағылшын тілінің репетиторы. Өйткені, мобильді қосымшалар, интернет ұсынатын ақпарат көздері, осының барлығы артық жұмысты қажет етпейді. Шығыныңыздың да мөлшері азаяды. Егер ерік-жігеріңіз мықты болса, интернеттен дұрыс ақпарат бере алатын сайт тауып алып, күніне бір-екі сағатыңызды арнап-ақ, жақсы нәтижеге қол жеткізуге болады. Тапсырмалар, жаттығулар, емтихан жұмыстары секілді мүмкіндіктерді мұғалімнің көмегінсіз іске асыруға болады.

Дереккөз: мassaget.kz сайты
09 сәуір 2018 ж. 3 575 0