№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда қанша ауған соғысы ардагері бар?

Жаңақорғанда қанша ауған соғысы ардагері бар?


Ерлік ұмытылмайды. Қасіретті күннің қаралы қайғысы мен өкініші де. Мұны кешегі күні интернациналистік борыштарын орындау мақсатымен Ауған майданынанда ажалмен бетпе-бет келіп, елге аман-сау оралған анау алдымызда отырғанардагерлердің көзіндегі мұң мен көңіліндегі кірбіңнен байқау қиын емес. Әр жылда 15 ақпанда тарихи күнді салтанатты мерекелеу дәстүрге айналды. Бүгін де Ауған ардагерлері мен аудан жұртшылығы «Жеңіс» саябағына жиналды.
Қаһармандық танытып, интерна­циналдық парызына адал болған жерлестеріміздің майдан даласындағы ерлігін еске алып, құрмет көрсету біздің парыз. Қазақ қашанда «өлі риза болмай тірі байымайды» деген даналықты бетке ұстаған халық. Бүгінгі салтанатты шара майданда қаза тапқан жерлестеріміз рухына Құран бағышталып, ардагерлер аллеясына гүл шоқтарын қоюмен бастау алды. Аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков сөз алып:
– Жат елде саяси науқанның құрбаны болған боздақтарды еске алып, арамызда жүрген ардагерлерді құрметтеу біздің қасиетті парыз. 31 жыл орда бұзар ердің жасы, алайда осы жылдар ішінде ешкім де, ештеңе де ұмытылған жоқ. От пен оқтың арасынан оралғандар үшін Ауғанстан мәңгілік жан жарасына айналды.Қан майданда қаза тапқан азаматтардың ата-ана, бауырларының қайғысын бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Өлгеннің артынан өлмек жоқ, өмір жалғасады. Сіздердей рухты сарбаздар бүгінгі ұрпақ бойына рухани күш берері сөзсіз. Осы сәтте сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеп, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын демекпін, – деді. 
 Осы күні жас өнерпаздар қан майданда 18 жасында қыршын кеткен Мұхтар Нарымбетов пен ардагер ағаларына жырларын арнап, ерлікке тағзым жасауды да ұмыт қалдырмады.
Ауған ардагерлері сөз алып, зұлмат жылдарындағы жат елде өткен өмірінің бір бөлігінен естеліктер айтып, жиналған қауымға жылы лебіздерін білдірді.
Мерекелік шара «Ордакент» үйінде жалғасты. Мәдениет сарайын аудан өнерпаздары әуезді әнмен тербеді.
Атаулы мереке қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Жарқынбекұлы майданда ерлікпен қаза тапқан Мұхтар Нарымбетовтың ағасы Мұхамедәлі Нарымбетовке аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлының «Алғыс хаты» мен 2019 жылы ауған соғысына 30 жыл толуына орай арнайы шығарылған  «Ауған соғысына 30 жыл» төсбелгісін тақты. Бауырынан қапыда көз жазып, қайғыда қалу кімге оңай болсын? Жүрек жарасына, рухты тербей білу де – ем. Осы күні Ауған ардагерлері аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Олар 1983-1985 жылдар аралығында Ауған жерінде саперлар ботальонында қызмет атқарған Ерік Ағманов, 1983 жылы Ауғанстан жерінде БТР машинасында атқыш болған Абдірашит Әбшенов, 1984 жылы Джалалабад қаласында танкішілер полкінде әскери борышын атқарған Әлмұрат Әбуов, 1983-1985 жылдары дұшмандар шабуылына тойтарыс беріп, майдан даласында жүргізуші қызметін атқарған Ерман Ахметовтер.
Кезінде қатерге бел буып, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытып, өздерінің интернационалдық парызына адал болған жерлестерімізді мәңгі есте сақтау біздің борыш. Өмірін өзге ел үшін құрбан еткенМұхтар Нарымбетов жайлы бауырлары Мұхамедәлі Оразбекұлы, Төребей Сапарбаев және ауған жеріне бірге аттанған Серік Азнабаев сынды ел ағалары сөз алып, көңіл түкпіріндегі естелік пен жерлесіміз жайлы өз естеліктерімен бөлісті.
Иә, Мұхтар Нарымбетовтың артын­да ұрпағы қалмаса да есте сақтап, ұлықтайтын туған елі, қандас бауырлары, отан үшін еткен өшпес ерлігі қалды. Тірі болса биыл алпысты алқымдаған ел ағасы болып арамызда жүрер еді.
Салтанатты жиын соңынан ауданның орталық мешітінде Мұхтар Нарымбетовтың рухына бағыштап ас берілді.
Соғыс ардагерлерінің жүрегіне түскен сызат өшпестей із қалдырды. Ауғанстан жазылмас жүрек жарасына айналды. Сондықтан да біз олардың ерлігі мен отансүйгіштігін үлгі тұтып, мәңгі ұлықтауға тиіспіз.
Майра ҒАНИЕВА
15 ақпан 2020 ж. 1 044 0