Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІ ЕЛ ЖАДЫНДА

ЕРЛЕРДІҢ ЕРЛІГІ ЕЛ ЖАДЫНДА


15 ақпан – ерлік пен елдіктің, батырлық пен батылдықтың, өр-рухты, жауынгер жүректі ерлердің күні. Отан алдындағы борышын Ауған жерінде адал атқарған сарбаздардың күні. Сондықтан, Жаңақорған жұрты аудан орталығындағы «Жеңіс» саябағына жиналды. Оқ пен оттың ортасында бақилық болған Ауған соғысы ардагерлеріне Құран бағыштап, арнайы орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Иә, биыл Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 толды. Отыз жыл өтсе де, жүрекке салған сызат кете қойған жоқ. Десе де, жауынгерлердің ерлігі, батылдығы жастарға қашанда үлгі-өнеге. Сондықтан, жиналғандар алдында мектеп оқушылары ағаларына арнап өлең жолдарын оқып, ерлікке тағзым жасады.
Одан кейін, қаһармандарға құрмет Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде салтанатты шараға ұласты. Алдымен, аудандық кітапхананың ұйымдастыруымен «Ауғанның от жалыны» атты кітап көрмесі таныстырылды. Зұлмат жылдар жайлы тереңірек мәлімет беру, ержүрек ерлердің ерліктерін өскелең ұрпаққа насихаттау үшін жасалған көрмемен танысқандар үлкен залға озды.
«Ауған соғысының ақиқаты» атты шара кешегі ұрыс алаңында елге аман оралып, жолдасынан мәңгіге айрылған жауынгердің, ағаны күтіп сағынған қарындастың монологымен ашылды. Аудан әкімі Ғалым Әміреев:
– Бұл күн жанары жасқа толы жесірлер мен жетімдердің, қара жамылған аяулы аналардың баласын, батырлардың бақи болған қаһарман бауырларын қатардан іздеген күн. Интернационализм деген саяси науқанның құрбанына айналып, күл талқан болған тағдырлардың шешілген күні. Олардың елжандылығы, ержүректілігі, әскери азамттығы жастарға қашанда өшпес өнеге. Сондықтан, соғыс жүрегіне өшпес жара салған сарбаздарға құрмет көрсету біздің басты парыз, – деп ардагер жауынгерлерді мерекемен құттықтады.
Құттықтаудан кейін аудан басшысы ардагерлерді «Алғыс хатпен» марапаттады. Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан медицина саласының үздігі Әділ Кадировтың анасы Күләш Кадированың кеудесіне «Ана шапағаты» төсбелгісін тақты. Иә, ана жүрегі қашада мейірімге, махаббатқа толы құдырет қой. Құрметке ие болған Күләш ана елге тыныштық, жастар ұзақ ғұмыр тіледі.
Мерекелік шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздары мен жастардың әсерлі әнімен, әдемі биімен өрілді.
– Отыз жыл өтсе де, кешегі майдан даласының ұшқындары әлі көз алдымыздан кетер емес. Иә, ол күндер енді қайтып келмесе екен. Өткен күн тек естелігімен, келер күн тек қуанышымен келсін. Бейбіт заманның бүгінгі жастары тек бақытты да, шаттықта өмір сүрсе деген тілек бізде, – деді Ермек Әуелов.
Шара соңында аудандық жастар ресурстық орталығының ұжымы жас кәсіпкерлердің қолдауымен ардагерлерге арнап дастархан жайды.

Әли ТЕМІРБЕК.
16 ақпан 2019 ж. 1 157 0