№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Заң шектемегенді ұят шектейді

Заң шектемегенді ұят шектейді


– Мемлекет басшысының алды­мен өзі көтеріп, тиянақтаған заңның мән-мазмұны ұстаз беделін көтеру, жағдайын жақсартумен шектелмейді. Осы көтерілген құрмет пен сенімге қарай талап та, оған лайықты жауап та болу керек деп есептеймін. Бұл ең алдымен мектеп басшыларын жаңашылдық көзқарасқа, істі ұйымдастыруды белгілеуге бастайды. Тіпті заң талабы ата-анаға да үлкен жауапкершілік жүктейді. Қазірде мектептердің қызметіне ренжуге болмайды. Кешегі мұғалімдер үрдісі, білім беру әдістері, мазмұны бұл заманға жарамайды. Бүгінге дейінгі ұстазға жасалған қамқорлық жеткіліксіз болып келді. Енді мұғалімдердің материалдық жағдайын көтеру мәселесінің қолға алынуы өте құптарлық. Енді дүние жүзі бойынша жаңғырған білім беру технологиясына сай жергілікті жердегі білім ошақтарының да тыныс-тіршілігі, ізденуі, жаңғыруы керек. Кадр мәселесі қашанда өзекті. Сондықтан аудандық білім бөлімі басшылығына да, мектептер басшылығына да үлкен өзгеріс керек. Заманға лайықты, тіпті оның алдында танылып жүрген ұстаздарды дәріптеуден ешқашан кенде етпеуіміз керек.
Мұғалімдерге өмірдің барлық саласы тәуелді. Ғалым да, шахтер де, агроном да, дәрігер де мұғалімнен дәріс алады.
Кезінде өзімізге білім берген ұстаздардың қадір-қасиеті әлі де көңілімізден өшкен жоқ. Осының барлығы мұғалім беделіне байланысты. Олардың қай-қайсысы болмасын жеке басы тазалығына, ары-абыройына шаң жуытпаған адал адамдар болатын. Ақтай Тұрлыбеков деген ұстазымыз Абай шығармаларын түгел санамызға құйды. Институтта жүргенде Әнуарбек Қоңыратбаевтан дәріс алдық. Ал ректорымыз Әділ Ермеков «Абай жолын» жатқа білетін. Соның өзі бізге құдырет болып көрінетін.
Мұғалімге табынбаса, оны мықты деп танымаса бала білімге қызық­пай­ды. Мәселен, өз ауданымызда Айжан Жакипова деген білгір ұстаз болды. Жасыратын несі бар, сол кездері сонау елді мекендерден мектеп басшылары емтихан есептерін сол мұғалімге шығартып әкететін. Білімді мұғалім қашанда биікте боларына осы мысалдар дәлел. Химия пәнінен сабақ беретін Убайдаев Өтеген деген ұстаз болды. Шәкірттерінің дені сол кісінің пәніне қызығып, ауыл мектебінен шықса да шетінен білімгер, көбі медицина саласына оқуға түсіп кетті. Ал Құдияровтың шәкірттері жоғары оқу орындарында ұстаз-профессорлармен есеп шығарудан таласқа түскенде мойындатып, слдан кейін «Құдияровтың оқушысы» деген қанатты сөзге айналды. Осы орайда сапалы білімді қазіргідей технологияның жоқ кезінде шәкірт жүрегіне өшпестей орнықтыруда қарапайым тақта мен борды пайдаланып, мәңгілік тұғырын қалыптастыра алған ұстаз құдыретіне бас имеске шараңыз жоқ.
Ол кезде мектеп басшылары ұйымдастыру жұмыстарынан артылмайтындықтан жауапкершілікті жүктенбей жоғары сыныптан бас тартатын. Өз басым қазақ тілі, әдебиетінен оқытқан класымды мектеп бітіргенше өз қадағалауымда ұстадым. «Абай жолын» оқымаған балаға аттестат берілмейді» деп талап қоятынмын. Өйткені онда Абайдың өмірі ғана емес, тұтас қазақ халқының салт-сана сабақтастығы тұнып тұр. Оның үстіне осы әдебиетке көңіл қанықтырған қара сөздің қасиетін танитын болады. Бір ауыз сөздің бір рулы едің мәселесін шешуге қауқары барын сүйектен өткізіп, санаға жеткізеді. Бүгінде бұл дәстүр ұмыт қалған сыңайлы. Биылғы Абай жылында осы құндылықтарға қайта жан бітіп, балабақшадан бастап бүкіл оқу тәрбие ошақтарында ұлы ақынды тануға деген ұмтылыс көңілге қуаныш ұялатады.
“Педагог мәртебесі” заңы оқытушы қауымға ғана емес, ата-анаға да ауыр жүк арқалатып отыр. Баласы бұрынғы шалдуарлығына салып, ойланбай сөз айтып, шектен тыс шығып, оғаш қылық көрсете қалған жағдайда «өз қолын өзі кесе алмайтын» мұғалім дәрменсіздігіне тіреу боларлық заң баптары іске қосылмақ. Мұндай жағдайда баласының әдепсіздігі үшін ата-анаға қызаруға тура келеді. тіпті айыппұл төлеу шаралары да қарастырылған.
«Баласын оқытуды жек көрмеген» қазақтың ертеден келе жатқан дәстүрінде перзентін ұстазға сеніп тапсырып «еті сенікі, сүйегі менікі» деуінде үлкен мән жатыр. Өйткені білім жолы қия жол. Онда қиындықты жеңуде қатаң тәртіпсіз нәтиже болмайды. Соны сезіне отырып, баласын молдаға берерде білімнің бүкіл қасиетіне мойынсұнып, шартына көнбістік танытқан білімге құштар еддің осы асыл қасиетін әлі де ардақтайтындар ұстазға құрмет танытып, оны ең жақын адамы ретінде бағалайтын зиялылықтан ада-күде ажырай қойған жоқпыз. «Қазақтың басы жиналған жерде төр ұстаздікі» деп мұғалім мәртебесін асқақтата қөрсеткен Алаш ардақтыларының соңынан ерген, көзі ашық, көкірегі ояу әлеумет әлі де аман. Мектеп басқарып тұрған кезімде осындай ата-ананың талайының табиғатына тәнті болдым. Құрмет-қошеметін сезініп, жанымыз марқайды. «Патша қанша жерден ақымақ болса да баласының ұстазының алдын кеспейді» деген тамаша тәмсіл бар. Құдай бізді осы керемет қасиетімізден ажыратпасын.

Зинабдин ШЕРМҰХАММЕДҰЛЫ,
зейнеткер ұстаз, “Ыбырай Алтынсарин” меда­лының иегері:
08 ақпан 2020 ж. 533 0