№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Гүлнар апай министрдің марапатын алды

Гүлнар апай министрдің марапатын алды


Білім – күллі адамзатты қараңғылықтан алып шыққан дүние. Алайда осы білімді мектеп табалдырығынан енді ғана аттайтын шәкірттің бойына сіңіруде, оны саналы азамат етіп қалыптастыруда ұстаздың еңбегі орасан екені ақиқат. Міне сондай парасатты педагог қатарында №3 мектеп-интернаттың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлнар Әлібекова да бар.


Баланың өміріне бағыт-бағдар беретін ұстаз әрқашан мектептің жүрегі болып келген. Мына өлшеулі өмірде өлшеусіз іс атқаратын олардың еңбегі қашанда ұшан-теңіз. Шын ұстаз болу үшін дарын, ізденіс пен ерен еңбек керек. Сонда ғана ұстаз атына лайықты бола аласың. Ал осындай үдеден шығып жүрген Гүлнар Сабырханқызының бәсекеге қабілетті адам капиталы – елдің болашағын дайындауда, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде қоғам алдындағы ең жауапты да маңызды ісі ақталып келеді.
Саналы ғұмырының 25 жылын ұстаздықтың ұлы жолына арнап, өзінің айшықты еңбегімен дараланған Гүлнар Әлібекованың тағылымға толы өмір жолы мұғалімдік мамандықтың қыры мен сырына енді ғана қанығып келе жатқан жас ұстаздар үшін өнеге.
Әңгіменің әлқиссасын әріден бастасақ. Ол ең алғаш 1995 жылы №3 мектеп-интернатқа жұмысқа орналасады. Бар мамандықтың өзіндік ауыртпашылығы бар екені рас, бірақ соның ішінде мұғалім болу бәрінен қиын. Өйткені жауапкершілігі жоғары мамандық. Аз ғана уақыт ішінде тәжірибелі ұстазға айналып, шәкірттері мәртебесін үстем етті.
– Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау болып табылады. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығаруға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелейді. Елдің ертеңі үшін енгізіліп жатқан түрлі бағдарламаларды именбей игеріп, жатсынбай жас ұрпақтың санасына сіңіру де біздің міндет, – білікті ұстаз бізбен әңгімесінде.
Еңбегі еленген ұлағатты ұстазды ұжымы да мақтан тұтады. Бұл жөнінде білім ордасының басшысы Ләззат Машбекқызы:
– Ұжымда өзінің қажырлы да, еселі еңбегімен, әрдайым ізденімпаздығымен ерекшеленетін Гүлнар Сабырханқызы нағыз ұстаз атына лайықты жан. Білімнің кілті білікті ұстаздың қолында екені айқын. Сондықтан болашақтың жарқын болуына ықпал жасайтын Гүлнар секілді білікті педагогтар. Айта кететіні, сондай білікті мамандардың арқасында біздің мектеп-интернат үздіктер қатарында, – деді.
Шынында, бүгінгі ұстаздардың бойында ізденімпаздық қасиет болмаса замана ағымына ілесе алмайды. Осы тұста Гүлнар Әлібекованың тек ізденіп қана қоймай, ұзақ жылғы еңбегі еленген күндер аз болған емес. Мәселен, ол «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығының, «LEARNING GROUP» Қазақстандық ғылым білім беру орталығының, облыстық білім басқармасы басшысының арнайы алғыс хатына ие болған.
Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын насихаттау барысында онлайн байқауда шәкірт дайындағаны үшін «Алғыс хатпен», QALAMGER.RZ танымдық порталының «Наурыз келді, жыл келді» атты шығармашылық байқауында оқушыларды қатыстырғаны үшін «Алғыс хатпен», Қызылорда облысының білім басқармасының мемелекеттік тілді дамытуға арналған облыстық байқауда ІІ дәрежелі грант иегері атанған. Оған қоса «9 сынып негізінде қазақ тілінің стилистикасын оқытудың әдіс-тәсілдері» атты авторлық кітабы қолданыста жүр. Бұдан бөлек облыстық, республикалық көлемдегі газет-журнал беттерінде де ғылыми ізденістері жарияланған.
Иә, «Ұстаз болу–өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау» деп француз ойшылы Жан Жак Руссо айтқандай, мұғалім мәртебесі қашанда биік. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел ертеңін кемел біліммен тәрбиелеп шығару-ерен еңбекті талап етеді. Бұл тұрғыда мақала кейіпкерінің көптеген шәкірттері аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық білім байқауларында топ жарып, ұстаз абыройын асқақтатты. Өзінің де шығармашылық жетістіктері бір төбе. Жақында ғана аудандық тамыз мәслихатында Гүлнар Әлібекова лайықты марапаттың иесі атанды. Білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрілігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталды.

30 тамыз 2019 ж. 1 238 0