Аяжанның идеясы жүзеге аса ма?
Менің осы мақаланы жазуыма негіз болған физика, робототехника пәндерінен алған білімдерім. Газет-журналдарда ғылымға қызыққан оқушылардың жобалары сирек ұшырасады. Осы бір шағын жазбамды өзім қатарлас жастарға ой салу мақсатында жолдап отырмын.
Қазақстан жоғарғы деңгейдегі дамушы елдер қатарынан көрініп отыр. Елімізде глобализация үдерісінде пайда болған «Ақылды қала» жобасы қолға алынды. Бұл жобаның мақсаты – елді жаһанданудың ең биік шынына көтеріп, тарих пен мәдениетті сақтай отырып, Қазақстанды ең дамыған елдердін қатарына кіргізуді көздейді.
Бұл талапты дамыту үшін еліміз білімгерлерге көп мүмкіндіктер берген. Осы жағдайда IQ, робототехника, физика бағыттары маңызды. Мен лицей оқушысы ретінде ел болашағына арналған «Ақылды қала» жобасына өзіндік идеямды ұсынбақпын .
Қазақстан... Осы сөзді айтқанда менің жүрегімді мақтаныш сезімі кернейді. Себебі менің елім басқа елдерді артқа тастап, жаһанданудың жоғарғы сатысында тұр. Бұлай айтуымның себебі, елімізде жаңа технологиялар мен роботтардың озық үлгілері пайда болуда. Сондай-ақ, елімізде жаңа технологиямен жабдықталған смартты қалалар көбеюде. Сондай смартты қалалардың үлкені, мәдениет пен тарихтың тірегі болған Нұр-сұлтан қаласы.
Қала көшелерінің өзі жаңа үлгісімен Еуропа және Азия елдерін таң қалдырып отыр. Неге десеңіз, көше бойына магниттік өрістер жүргізілген.
Көшедегі көліктер осы магниттің әсерімен қозғалады. Көше бойынан берілетін оң заряд көліктен берілетін зарядпен тебілгенде көліктің дөңгелегі жерге тимей әуелеп тұрады. Бұндай жолдар жол апатының алдын алады. Яғни, белгілі қозғалысты сақтау арқылы көліктер көше бетінен сырғып кетпейді.
«Ақылды қаланың» өзіне тән бағдарламаланған ақылды көліктері бар. Яғни көліктер бағдарлама бойынша бір-бірінің арасындағы арақашықтықты сақтайды. Көліктер арасындағы минимум қашықтық 2 метр, ал көліктерге бір-біріне сигнал 10 метрден беріледі, яғни көліктер өзінің жан-жағындағы қозғалыс жайлы информация ала алады. Көліктер бір-біріне 5 метрге дейін жақындағанда техниканың автоматты түрде жылдамдығы баяулайды, 2 метр қашықтықта тежеледі. Сонымен қатар әрбір қала тұрғынының телефонында «Жол карточкасы» атты бағдарлама орнатылған. Бұл бағдарлама қоғамдық көліктерде немесе таксилерде жол ақысын төлеуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама арқылы жаяу жургіншілер көшені кесіп өткенде жолдағы көліктерге 5 метр қашықтықта белгі беру арқылы жаяу жүргіншінің өмірін сақтап қалады. Көлік жақындағаны туралы ақпарат берілгенде көше бойындағы жаяу жүргінші қарсы келген көлік иелерімен байланыс жасай алады.
Сонымен қатар, белгілі бір қала тұрғыны белгісіз жағдайда өзіне таңсық көшеге түскен жағдайда «Жол карточкасы» бағдарламасынан көше туралы ақпараттарды және көшеден өтетін көліктер жайлы біле алады.
Әрбір көше бойында жаяу жүргіншілерге арналған қала аялдамалары болады. Сол секілді біздің аялдама да жаңа технологиялық ерекшеліктерге ие. Мысалы, орталық көшеде жүретін автобус, троллейбустардың бағыты мен уақыты туралы ақпараттарды аялдамалық планшеттен көруге болады. Жолаушылар көлігінің бағыттаушысы аялдамаға тоқтайтын уақытты және автобустағы бос орындар туралы мәліметтерді хабарлама арқылы жолдайды. Сол кезде аялдамадағы жолаушылар өздеріне қажет бағыттағы көліктерді таңдай отырып оларға хабарлама бере алады. Қоғамдық көлікте бос орын болмаған жағдайда әрі аялдамадан тапсырыс келмегендіктен ол өз бағытын өзгерте алады, яғни аялдамаға тоқтамаса да болады.
Бұл менің болашақ қалаға арналған жоспарым. Осы бір “ақылды қала” жобасына өз идеямды ұсынып сәл де болса өзімнің пайдамды тигізсем деймін. Ел келешегі-білімді жастардың қолында. Келешек Астанамды мен 10-15 жыл уақыттан кейін осылай елестетемін.
Аяжан ЖҰМАБЕК,
№110 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы