№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Келешегі кемел бас қала

Келешегі кемел бас қала

   Астана – бейбітшілік пен тұрақтылықтың, ынтымақтастық пен достықтың, әдемілік пен әсемдіктің қаласы. 20 жыл ішінде Елорда елдің еңсесін тіктеді, егемендіктің, елдіктің туын желбіретті. Әлем қызыға да, қызғана да қарайтын сұлу шаһарға айналды. Аз ғана уақыт ішінде бас қала осындай биік тұғырға қонды. Міне, осындай кемелді істердің көшбасшысы ретінде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі өте зор. Ал, Астана қаласының атауының Нұр-Сұлтан етіп өзгеруі бұл дұрыс шешім деп ойлаймыз.

  Неге? Себебі, тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңінде елдің ертеңіне сеніммен қарап, батыл шешім қабылдаған Елбасының тарихи істері бүгінде Қазақстанды дамыған елу елдің тобына қосты. Сондықтан, бұл атау өскелең ұрпақтың бойына қуат, болашағына нық бағдар беретін тура жол болады деп сенеміз. «Мәңгілік Ел» болуға адымдаған қазақ жұртының баянды болашағына, кемел келешегіне қабылданған шешімді біз де қолдаймыз. Ендігі жерде жастар озық отыздыққа енуге жұмыла кірісуі тиіс.
20 жыл ішінде жас қала Астана мойындалған халықаралық орталықтардың, Еуразиядағы әдемі, әрі дамыған қалалардың біріне айналды. Қаншама ұлт басшылары, дін өкілдері бас қосқан достықтың мекені болды. Бір сөзбен айтқанда, Астана әлем елдері мойындаған халықаралық орталықтар деп танылды. Мұның бәрі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси еркінің арқасы деп білемін. Сол себепті, бас қалаға Тұңғыш Президенттің есімін беруді дұрыс деп танылған шешім.
Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ елінің тұңғыш астанасы болған Қызылорда өңірі бүгінде көркейіп, даму жолына түсті. Экономикасы дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Ал, көшелері тарихи атаулармен ұштасып, өткенді өшірмей, жастарға өнеге болуда. Енді «Жібек Жолы» көшесіне Тұңғыш Президент есімі берілуде. Бұл біз үшін мақтаныш, себебі, тәуелсіздіктің туын көкке көтерген Елбасының есімі енді Сыр елінің орталығында жаңғырып тұрады.
Тәуелсіздіктен бері Жаңақорған ауданы да дамудың даңғыл жолына түсті. Ауылдар көштен қалмай, тұрғындар тұрмысы тіктеліп келеді. Осы жылдар ішінде өзім де басшылық қызметте болдым. 10 жылдан астам Байкенже ауылдық округіне әкім болып, елмен етене қызмет еттім. Сонда Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын жүйелі жүзеге асыруда халықпен тығыз байланыста жұмыс жасағаным бар. Ал, қазір зейнет жасында жүріп, ауылдың тыныс-тіршілігін, тұрғындар тұрмысының тіктеліп келе жатқанын көзбен көріп шүкіршілік етіп жүргенім бар.
Түйіндей айтқанда, Елбасы салған сара жол келешек ұрпақтың болашағы үшін баянды болмақ. Ең бастысы, Нұр-Сұлтан қаласының нұрланып, өзге өңірлердің де өрісі бүгінгіден де кеңейе беруіне тілектеспіз!

Жұман ӨТКЕЛБАЕВ.


09 сәуір 2019 ж. 1 044 0