№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАСТАР ҚАНДАЙ МЕЖЕНІ ЕҢСЕРДІ?

ЖАСТАР ҚАНДАЙ МЕЖЕНІ ЕҢСЕРДІ?


АУДАНДЫҚ «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА» ӘКІМБЕК ӘЛІБЕК БАСШЫЛЫҚҚА КЕЛГЕЛІ ҚАНДАЙ БАСТАМАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНДЫ? 2018 ЖЫЛЫ ЖАСТАР САЯСАТЫН ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫП, ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУДА ҚАНДАЙ ЖОСПАРЛАРЫ БАР? ОСЫ САУАЛДАРҒА АУДАН ЖАСТАРЫНЫҢ ЛИДЕРІ ЖАУАП БЕРДІ.

Бүгінде елімізде жастар саясатын оңтайландыру үшін аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Себебі, жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі. Елбасы Жолдауларынан туындайтын міндеттемелерінің негізі жастардың болашағына бағытталған. яғни, жастарға сенім мен жауапкершілік жүгі артылып отыр.
– Орталық жанынан «Дебат» үйірмесі, «Еріктілер жасағы», «Жайдарман» ойындары жұмыс жасайды. Осындай үйірмелер жастардың белсенділігін арттыра түсті. Біз кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті жастардың бизнес-жобаларын аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалына ұсынып, қаржы алу тетіктерін іздеудеміз. Қазірге дейін аудан көлеміндегі 30 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер саны – 141, – деді орталық басшысы.
Енді орталық тарапынан ұйымдастырылған шараларға тоқталсақ. Жастармен 3 рет аудандық «Жайдарман» оқушылар лигасы мен семинар кеңес, 17 қоғамдық түнгі рейд, 8 дөңгелек үстел, 20 спорттық шара өткізілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі Жаңақорған аудандық бөлімімен бірлесе отырып жастар арасында діни экстремизм мен терроризм алдын-алу бойынша білім беру ордаларында 28 кездесу өткізілген.
Сонымен қатар, Жастар ресурстық орталығына жыл басынан бері түрлі мәселе бойынша көптеген жастар келіп, кеңес алған. Олардың басым көпшілігі жұмыссыздыққа орналасу, кәсіпкерлікті бастау және әлеуметтік көмек қажеттігін алға тартып, мемлекеттік бағдарламалар жайында сұрапты. Нәтижесінде «Құрылыс жасағы» бойынша 8, «Жасыл Ел» еңбек жасағында 90 жас жұмысқа тартылған. Кәсіпкерлік бойынша 7 жасқа кеңес беріліп, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі, Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Жаңақорған аудандық филиалына жобалары ұсынылған.
Соңғы жылдары ауданда қылмыстық жағдайлар саны арта түсті. Әсіресе, жастардың қатысуымен орын алған жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан, оны алдын алу мақсатында орталық жастары құқық бұзушылық профилактикасы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Әрі, пробация қызметінде тұрған жастарды салауатты өмір салтын ұстауға шақырып, спорттық шаралар ұйымдастыруды екен.
Сондай-ақ, ауданда алғаш рет ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы аясында «Үркер» шығармашылық дамыту орталығының ұйымдастырылуымен «Менің елім-Мәңгілік Ел» II республикалық рухани-патриоттық байқауға іріктеу өткізілді. Нәтижесінде ауданның он өнерпазы «Алаш үміті» халықаралық фестиваліне жолдама алды.
Енді «Жастар ресурстық орталығының» алдағы жоспарларына қысқаша тоқталсақ. Айшықты оқиға биыл орталық жанынан мүгедек қыздардың қолөнер үйірмесін ашуда жұмыс жүргізбек. Бұл мүмкіндігі шектеулі жандарға деген қамқорлық екені анық. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын насихаттау мақсатында, Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматтарымен» жастар арасында пікір алмасу және дөңгелек стол өткізу ұйымдастырылады. Жастарға рухани күш-жігер беру мақсатында танымал тұлғалармен кездесулер өткізуде «Тұлғатану» жобасын ұйымдастыру да жастардың биылға жоспары. Жаңақорған ауданының 2018 жылға арналған жастар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету, яғни, бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатыстыруды басшылыққа алады.
– Елбасының: «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауынан туындайтын бастамаларды, оның ішіндегі цифрлыққа көшудің мүмкіндіктерін түсіндіру, ІТ бағдарламасын қолданудың тиімділігін жастармен бөлісу жайында кездесулер өткізу негізгі жоспарымыз. Сондай-ақ, электронды құралдарды жөндеу, кәсіпке баулу, тегін курстар ұйымдастыру және т.б. қолға аламыз. «Dream club» еріктілер клубы, «Ардагерлер асыл қазынам» жобасы, «Үйрен» және басқа да жоба жоспарда бар. «Астана қаласының 20 жылдығына» орай түрлі деңгейдегі шараларды, ауданының 90 жылдығын мерекелеуді ұйымдастыруды қолға аламыз, – деді Әкімбек.
Түйіндей айтқанда, жастар келешектің баспалдағы. Сондықтан, оларға жасалынып жатқан мүмкіндіктер көп. Ең бастысы осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, аудан әлеуетін арттыруда еңбек етуге тырысқанымыз абзал...

Әлібек ТЕМІРБЕК.
06 ақпан 2018 ж. 1 798 3

Гость Jeahulalf от 23 ақпан 2019 06:37
Propecia Interactions Drug Information online pharmacy Erectile Dysfunction Drugs Online Ed Medication Samples

Гость Jeahulalf от 12 наурыз 2019 09:53
Aleve D And Xanax viagra Tadalis Sx Soft Falls

WillieKer от 24 қараша 2019 06:00
התחנה עונה 2 פרק 5 לצפייה ישירה הנוכלות פרק 4 לצפייה ישירה ריק ומורטי עונה 4 פרק 3 לצפייה ישירה התחנה עונה 2 פרק 5 לצפייה ישירה הנוכלות פרק 4 לצפייה ישירה ריק ומורטי עונה 4 פרק 3 לצפייה ישירה