№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Сотсыз татуласу орталығы»

«Сотсыз татуласу орталығы»


Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі - Сотсыз татуласу орталығы жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты - халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында аудандық сот төрағасы Н.О.Қосанов, Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.М.Әміреевпен бірлесіп, Сотсыз татуласу орталығы жобасын дәріптеу бойынша атқарылатын шаралар жоспарын бекітті.
Сот төрағасы Н.Қосанов Жаңақорған ауданына қарасты ауыл тұрғындарымен және кент тұрғындарымен кездесу ұйымдастырып  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып отырған Сотсыз татуласу орталығы пилоттық жобасының міндеттерін, оның тиімділігін, дауды сотқа дейінгі реттеудің басымдықтары жайлы әңгімеледі.
Кездесулер барысында ауыл және кент тұрғындары  Жоғарғы Сотпен дауды соттан тыс шешу бағытында жүргізіліп жатқан реформаларды құптайтындарын білдірді.
Өздеріңізге белгілі, Н.Ә.Назарбаев дауларды соттардан тыс реттеу институттарын дамытуды жалғастыру, ұсақ-түйек мәселелер бойынша дауларды шешу соттардан тыс тәртіппен жүргізілетіндей тетіктер қарастыру жөнінде нақты тапсырмалар берген болатын. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қоғамдағы даулардың деңгейін төмендету, дауларды сотсыз шешу институттарын дамыту, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасы ұсынылып және оны жүзеге асыру үшін пилоттық аймақ ретінде Қызылорда облысы белгіленген болатын.
ЖС төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлейменнің айтуынша, «Сотсыз татуласу орталығын» құру жобасын жүзеге асыру үшін қазақшылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық рухани құндылықтарын сақтай білген Қызылорда облысынан бастау жөнінде шешім қабылданған.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен «Сотсыз татуласу және «Дауларды жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша «пилоттық жобасы негізінде Жаңақорған аудандық сотында бітқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
18 қыркүйек 2018 ж. 1 128 0