№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РОБОТОТЕХНИКАҒА ҚЫЗЫҚҚАН БАЛАЛАР

РОБОТОТЕХНИКАҒА ҚЫЗЫҚҚАН БАЛАЛАР

 ХХІ ғасырда білім мен ғылымды инновациялық технология бағытында дамыту маңызды мәселенің бірі. Яғни, өнеркәсіптік революция: автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект дамытуда жаңа міндеттер қойды. Мемлекет басшысы Жолдауында осы бағытта тың талаптар тапсырды.
Сондықтан, бағдармалар қабылданып, адами капиталдың сапасын арттыруға мән берілуде. Мұны мектептерге заманауи интерактивті панелді тақталар келіп, «Робототехника» факультатив сабақтары енгізіліп, технопарк ашылды. Осы ретте, робототехникаға оқушылардың қызығушылығы қандай? Осыны зерделеген едік...

  Алдымен, аудандық балалар мен мәдени-тәрбиелік орталығына бет алдық. Робототехника үйірмесінде 36 оқушы дәріс алуда екен. Аптасына екі рет сабақ өтеді. Технологияға қызыққан өспірімдер уақытпен санаспай, өздерінің идеяларын жүзеге асыра бастапты. Мәселен, бөлшектер арқылы жеңіл көліктер мен ауыл шаруашылығы бағытындағы техникаларды жасап шығуды қолға алыпты.
   – Шыны керек, күн өткен сайын балалардың қызығушылығы артып келеді. Әрине, техника құрастыру оңай дүние емес. Оған уақыт, білім, күш-жігер қажет, – деді үйірме жетекшісі Дастан Кадиров.
   Оның сөзінше, бұл сабақ алдымен балалардың ойлау қабылетін арттырады, екіншіден, ғылымға бет бұруға үлкен мүмкіндік береді. Сондықтан озық елдерде технологиялық үрдіске оқушылардың назарын ерте жастан аударады екен.
Жаңақорғандық өнертапқыштар арасында түрлі деңгейдегі байқауларда биіктен көрінгендері бар. Оның ішінде, Әліби Мұсаханов, Нүркен Ниязбеков, Арсен Мұратұлын бөліп-жарып айтуға болады.
  – Робот құрастырушы құрылғылардың ішінде «arduino» деген бөлшектер бар. Оның ерекшелігі робот моторына енгізілетін ішкі бағдарламаларды балалар өздері ойлап табуы тиіс. Ол үшін математика мен физиканы терең меңгеруі керек. Яғни, көлікті қалай басқару керек, тепе-теңдікті сақтау және т.б жан-жақты зерттейді, – деді тәлімгер.
   Айтпақшы, «arduino» құрылымдық бағдарламасы арқылы «ақылды үйді» жүзеге асыруға болады. Үй ішінде алақан соғу (шапалақтау) арқылы жарықты сөндіру және қосу, есіктің өз бетінше ашылып-жабылуы т.б. орындауға болады.
Біздің жастар ақылды үй жобасын жасауға тәуекел етпегенімен, ұтымды жобалар ойластыруда екен. Мәселен, Әліби Мұсаханов робот-қайық құрастыруда. Роботқа қажетті құрылғыларына интернет арқылы тапсырыс берді. Жақын арада жобасын іске қосады. Сол кезде жобаның артықшылықтарын жазармыз.
   Айта кетейік, робототехника кабинеті аудан бойынша 12 мектепте ашылған. Аққорғандағы Ә.Әбутәліпов атындағы №209 мектептің белсенділігін аудан аралық сайыста аңғардық. Одан бөлек, Жайылма ауылдық округіндегі №195 меткеп-гимназиясы мен №110 мектеп-лицейінде де оқушылардың робот құрастыруда қызығушылығы жоғары.
   – «ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Бізге ой-өрісі дамыған, талантты және дарынды ұрпақ тәрбиелеу керек», деп Елбасы айтқандай, талантты балаларды алға жетелеп, олардың ой-өрісін кеңейту заманның талабы. Сондықтан, үйірмеге келген әрбір оқушының зейінін ашуға күш саламыз, – деді Дастан.
Бесарықтағы №54 Ж.Қыдыров атындағы мектептің ұжымы робототехника кабинетін жасақтап, жұмысты жүйелеген. Онда балалар робототехника сабағын өтіп, құлтемірлердің құрылысы жайлы алғашқы түсінігін қалыптастырып, технологияға қызығушылығын арт­тыруда.
   Ауыл балаларына мол мүмкіндік берген жаңалық туралы мектептің информатика пәнінің мұғалімі Құрмет Өтемісов: «Бұл жаңалықпен бірге ауыл балалары ғаламдық прогреске жақындай түсті. Бұрын қаланың білім ордаларында мұндай сабақтар жүргізілсе, бүгінде ауыл балаларына инновация үрдісінен қалмауға жағдай жасалуда», – деді.
   Аудандық білім бөлімі робототехника сабақтарын оқытатын ұстазға нақты талап қойыпты. Яғни, робототехникаға талапты оқушы бес пәннен сабағын жүйелеуі тиіс...

                                                                                                                                                        Әли ТЕМІРБЕК.


15 қаңтар 2019 ж. 1 368 0