Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 71

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Келінтөбе үздік ауыл

Келінтөбе үздік ауыл


Бірінші күнгі есеп беру Келінтөбе ауылдық округінде қорытындыланды. Аудандағы ірі әрі перспективалы ауылдың бірі. Сыр өңірінде шаруа қожалықтың саны жөнінде көш басын бермейді. Содан болар, салық түсімі жыл сайын артып келеді. Былтыр 5,3 млн теңге ауыл қазынасына түсіпті. Ауыл әкімі Жақсылық Әбілхайровтың сөзінше, 59 кәсіпкер, 98 шаруа қожалық, 5 кооператив ауыл тұрғындарына қызмет етеді. Өткен жылы жұмысы жүйелі Келінтөбе аудан бойынша «Үздік ауылдық округ» номинациясымен марапатталды.
Келінтөбеде кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. «Нұр-Дулат» шаруа қожалығы «Қазагрофинанс» коорпарациясы арқылы мал шаруашылығына – 6,5 млн теңге, «Алшынбай» шаруа қожалығы егін шаруашылығына – 9,5 млн теңге қаржы алды. «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалынан 3 кәсіпкер 8,5 теңге алып, кәсібін дамытуда.
Өз кезегінде елдің негізігі мәселесіне айналған ауыз сумен қамту жағдайы, аудан орталығына қатынау үшін қоғамдық көлік мәселесі және интернеттің жылдамдығы және т.б мәселелер ортаға салынды. Келінтөбелік гандболшы қыздар облыс бойынша үздік команда. Мұнда қол добының әліппесін үйренген спортшылар облыстық, республикалық құрама команда да өнер көрсетіп жүр. Бірақ әлі күнге дейін гандболшылар жаттығатын зал шешімін таппаған. Жастар осыны шешіп беруді ұсынды. Сұлтан Ысқақұлы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорт кешенің салуға ниетті кәсіпкер табылса, іске асыруға болатынын айтты.

ТҮЙІН. Халық талғампаз. Нақты жұмысты талап етеді. Енді әкімдеріне ұтқыр бастамалар мен ұтымды шешімдер қабылдап, елдің әлеуетін арттыруда белсенділік таныту керек. Әсіресе, электр энергиясымен қамтамасыз етуді біржақты шешетін уақыт келді. Бір күндік сапар барысында байқағанымыз осы...
18 қаңтар 2020 ж. 1 158 0