№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚЫРАШТЫҢ ҚАРЕКЕТІ

ӘКІМДЕР ЕСЕБІ: ҚЫРАШТЫҢ ҚАРЕКЕТІ

Қыраш ауылдық округі әкімі Сәруар Бимбетовтың есепті баяндамасында белгілі болғандай, өткен жылы 2 шаруа қожалығы мен 10 дара кәсіпкер ашылып, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген. Бүгінгі таңда ауылда 12 шаруа қожалық пен 33 дара кәсіпкер бар.

Сондай-ақ, «Бастау» бизнес жобасы бойынша 2 азамат оқыту курсына қатысып, екеуі де бизнес жобасын қорғап шыққан. Қызылорда қаласындағы «Өңірлік инвестициялық орталық» ЖШС арқылы 2 кәсіпкер – 5500,0 мың теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиал арқылы 1- кәсіпкер 1500,0 мың теңге және 1 шаруа қожалығы 10000,0 мың теңге, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 1 шаруа қожалығы 2950,0 мың теңге, көлемінде жеңілдетілген несиеге қол жеткізген. Ал, «Агроөндірістік кешенін дамыту» бағдарламасы бойынша ірі қара мал басын асылдандыру үшін 4480,0 мың теңге көлемінде субсидия берілген. Оның ішінде бір дара кәсіпкер 1180,0 мың теңге, 2 шаруа қожалығы 3300,0 мың теңге көлемінде несие алыпты.
Сонымен қатар, ауыл әкімі жұмысының негізгі көрсеткіші саналатын салық жинау жұмыстары да жүйелі орындалып, 1013,7 мың теңгеге болжам жасалып, 1075,0 мың теңге, яғни, 106,1% орындалған. Оның 137,5 мың теңгесі жер салығы, 20,0 мың теңгесі мүлік салығы және 922,5 мың теңге көлік салығы.
Есепті баяндамадан соң, қыраштық ағайын шағын футбол алаңының жасанды жамылғысы тозып кеткенін және күрес үйірмесін ашуға бір жаттықтырушы штатын бөлуді сұрады. Өз кезегінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Азатұлы жергілікті спорт мектеп директорлары А.Ашимов пен А.Садықовқа Қырашқа жаттықтырушы бөлу жөнінде тапсырмасын беріп, орындалу барысы жеке бақылауында болатынын жеткізді. Ал, «Тоқтамыс» шаруа қожалығының төрағасы Жалбызбай Итаяқов бұрын мемлекет меншігіне өтіп кеткен жерлерді шаруаларға қайтару жөнінде мәселе көтерді.
26 қаңтар 2019 ж. 1 028 0